400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бала тәрбиесі" ата-аналарға тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға бала тәрбиесіне арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: Бала тәрбиесі

Сабақтың мақсаты : Қазіргі кездегі баланың  дамуына , жеке тұлға болып қалыптасуына  ата- ана  тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Міндеттері:   ата-аналардың мектеппен ,мұғаліммен тығыз байланысын арттыру,

Балалармен  бірге  мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына  ықпал ету.

Қажетті құрал- жабдықтар:  үлестірмелі қағаздар,А4 формат,қалам, доп және мақал –мәтелдер жазылған плакат,т.б. 

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық  жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы

  1. «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі

  2. Бала тәрбиесіне байланысты бейнеролик

  3. «Кім жылдам» сұрақ –жауап ойыны

  4. Лабиринт ойыны

  5. Алақан жаттығу

1.«Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткізілді.. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнін айтып,жақсы қасиеттерін айтады. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріне беріп жалғастырды.

2. Бейнеролик бала тәрбиесіне қатысты.

Бейнероликтен қандай ой түйгенін талқылау.

Ата-ананың жұмыс бастылығынан, балаға көңіл бөлмесе, үйдегі ұрыс-керістен шыдай алмай, бала психологиялық қиындықтарға төтеп бере алмай, тұйықталып өмірден түңіліп кетеді немесе бала ата –ана махаббатын даладан іздейді. Нақтылап айтқанда вертуалды өмірде өмір сүреді.

Балаңызға қолдау көрсетіп, үнемі жанынан табыла біліңіз, Ата-ана!



3. Сергіту сәті «Кім жылдам?» Доп беру арқылы сұрақтарға жылдам жауап алу.

1. Балаңыздың туған күні?

2. Мұғалімнің толық аты-жөні?

3. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?

4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

7. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

8.Балаңыз қандай пәнді жақсы көреді?

9. Балаңыздың сыныптағы достары?

4 «Лабиринт ойыны»

Нұсқау:Ортаға ата-аналарды шақырып, ақ матадағы лабиринт кедергілерден қалпақшаны өткізу керек.

Психолог: Отбасы деген шағын мемлекет.Әр бала отбасындағы алған тәрбие өте өзекті өмірінде кездесетін маңызды қадамдарының бірі. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңызбен балаларыңыз жүріп келе жатқанда көптеген қиындықтарға , қақтығыстарға тап болады. Қанша дегенмен бір балаңыз болмаса екінші балаңыз , екінші балаңыз болмаса үшінші балаңыз дәл осындай қателіктерге ұрыну мүмкін. Мен психолог ретінде сізддерді осындай әр отбасында кездесетін қиындықтардан сақтанып , татулықта өмір сүруге шақырамын.

5 Алақан жаттығуы

Нұсқау:Алақан суретіне балаңыздың бойындағы 5 қасиет жазу.

Қорытындылау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.11.2023
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12