400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі баршаға ортақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшінің бала мен ата-ана қауымдастығының тәрбие жұмысындағы мақсат мүддесін бір арнаға тоғыстыру. Бала тәрбиелеудегі ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты нығайту.Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру. Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаға ортақ.

Мақсаты: Сынып жетекшінің бала мен ата-ана қауымдастығының тәрбие жұмысындағы мақсат мүддесін бір арнаға тоғыстыру. Бала тәрбиелеудегі ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты нығайту.Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру. Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Міндеттері:

  • Тәрбиелеудегі сабақтастықты орнату;

          - Педагогикалық бағыт-бағдар беру;

          - Кәсіби әдістемелік көмек көрсету.


Жұмыс түрі: сауалнама, тренинг,тәжірибе алмасу, пікір-талас,сайыс,отбасы жағдайын зерттеу сұрақ-жауап.

Керекті құралдар: плакат, қағаздар, маркерлер, кеңестер, сауалнама, оқушылардың салған суреттері,

Техникалық құралдар: слайд, бейнетаспа

Сәлеметсіздерме құрметті ата –аналар.

Бүгінгі жиналысқа қандай оймен келіп отырғандарыңыз жайлы бір ауыз сөз алдарыңыздағы қағазға жазсаңыздар деймін.

Барысы:

Бүгінгі кездесуімізді бастамас бұрын сіздерді 3-топқа бөліп отырғызайын деп ем. Ата-аналарға көк, қызыл, сары түстерді таңдау арқылы отырғызу.

Психологтардың зерттеуі бойынша берілген түстерге мінездеме беріп өтейін:

Көк түс- жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Көк түсі -  арманыңыздың орындалуына әсер етеді.

Сары түс-жеңілдік пен қуанышты білдіреді, жаңалыққа талпындырады. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді.

Қызыл түс- өмірден бәрін үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар.Бұл түс ер азаматтардың көпшілігіне ұнайды. Айналасындағылардың қателігіне көз жұмып қарамайды. Шынайылықты жақсы көреді», – деген пайымдаулар бар.


Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі өткізгелі отырған

1-слайд: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты кездесуімізге хош келіпсіздер!




І. Психологиялық дайындық.

2-слайд: «Мен күнмін» немесе «Мені не үшін сыйлау керек» деп

аталады. (қағаздар таратып беремін)

Бұл өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған жаттығу. Күннің суретін салып, ортасына қатысушы өз атын жазады. Қатысушы күннің әр сәулесіне өзінің жақсы қасиетін, жетістігін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым адамның шапағаты да көп болғаны.

Әр топтан 1, 2 адам айтып өтсеңіздер.

Егер осындай сәулесі, шапағаты көп ата-ана тәрбиелеп отырған бала қалай жаман болсын. Ол жақсы, тәрбиелі бала деп есептейміз.

Болжам: Сезімтал,жаңалыққа құштар,  білімді, ашық мінезді,  ақылды, кітап оқығанды сүйем,  адамдармен тез тіл табысу,сыпайылық,   мейірімді, ойшыл,   тиянақты, қамқоршы.


3-слайд:Мақсаты:Сынып жетекшінің бала мен ата-ана қауымдастығының тәрбие жұмысындағы мақсат мүддесін бір арнаға тоғыстыру.


4-слайд: Міндеттері:

  • Тәрбиелеудегі сабақтастықты орнату;

           - Педагогикалық бағыт-бағдар беру;

           - Әдістемелік көмек көрсету.


5-слайд: Жұмыс түрлері- сауалнама, жаттығу, тәжірибе алмасу, пікір-талас, сайыс,отбасы жағдайын зерттеу, сұрақ-жауап.


6-слайд:

ІІ. -Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз?

Әр топтың спикері қорғайды.


1-топ: әдеп, адамгершілік, тату, жауапкершілік, сыйластық

2-топ: қамқорлық, сүйіспеншілік, еңбексүйгіш, ынтымақ, мейірімді

3-топ: қолдау, бауырмал, патриоттыққа тәрбиелеу, ақкөңіл т.б.


7-слайд:

«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»

Жан Жак Руссо

8-слайд:

ІІІ. Балаңызға қандай жылы сөздер айтасыз? ( жылдамдыққа)

(Бала суретін іліп қоямын, қағаз, маркер таратып беремін.)

Әр топтың спикерлеріне қорғауға сөз беремін. Баланы қалай жақсы көретіндеріңіз көрініп тұр.

Бұл сайыста 3 топта жеңімпаз, белсенді қатысқандарыңызға рахмет.


9-слайд: Күллі ғажайыптың ең тамашасы-жақсы тәрбиеленген адам”

Эпиктет

10-слайд:

ІV. Білім сапасын қалай көтеруге болады?

(Пирамида: ата-ана, мұғалім және оқушы)

-Білімді, жан-жақты тәрбиелі, сапалы білім алуы кімге байланысты?

-Олардың әрқайсысына қандай талаптар қояр едіңіздер?

(МҰҒАЛІМ, АТА-АНА, ОҚУШЫ деп жазылған сөздерді беремін)

Талдау:

1-топ: Мұғалім- кәсіби шебер, жеке бас ерекшелігі, біліктілігі, білім, білік дағдыларын бағалауы т.б.

2-топ: Оқушы- зейінді, ізденушілік, сыныптан тыс шараларға қатысу, шығармашылық, өз бетімен жұмыс т.б.

3-топ: Ата-ана-денсаулығын қадағалау, материалдық базасы, көңіл-күй, олқылықтарын біліп отыру, қадағалау,уақыт бөлу, бағыттау, көмектесу т.б.

11-слайд:

“Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен, адамдық бағыт беруі мүмкін”

В.А. Сухомлинский

-Ендігі сөз кезегін мектебіміздің психологы Гүлнар Гаппаргалиқызына беремін. (оқушылардың салған суреттері, сауалнама алу.)

12-слайд:

V. Сауалнама. «Сіз қандай ата-анасыз?»


13-слайд: Шындығы сол, мына өмірге,

Біздер келген қонақпыз.

Кешке келіп, таңертең жоқ,

Келіп-кетер толассыз”

Сондықтан да, ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болсын десек, бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз керек.


VІ. Ата-анаға арналған кеңестер. (19 ата-анаға таратып беремін.)


14-слайд: «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле-өлгенше сусындайтын махаббат»

Ғабиден Мұстафин

VІІ.Қорытынды: Бүгінгі жиынымыздан алған әсерлеріңіз, қорытындылап кету үшін мен сіздерге мына бір бейне таспаны көрсеткім келеді.


Видео. Бала тәрбиесі жайлы бейнетаспа көрсету.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 маусым
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі