400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бала тәрбиесі баршаға ортақ" тәрбие сағаты ( ата аналармен тренинг)

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалымдерге тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қайназар ауылындағы №2 орта мектебі»











Тақырыбы:

Бала тәрбиесі баршаға ортақ

(ата-аналармен тренинг)



Сынып жетекшісі: Кудайбергенова А.Д.























2019-2020 оқу жылы



Күні: 28.10.2019ж.

Сынып жетекшісі: Кудайбергенова А.Д.

Тақырыбы

Бала тәрбиесі баршаға ортақ ( ата-аналармен тренинг)

Мақсаты

1.Ата-аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру;

2.Сыныпта  ата-аналарын ынтымақтастықта, өзара сыйластықта бірлесе әрекет етуге,пікір алмасып,ой білдіруге шыңдау.

3.Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Баланың отбасына  деген махаббатын ояту.


Күтілетін нәтижелер

Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге;

Ата-аналарды бала тәрбиелеудегі  тәжірибелерін бөлісуге, баламен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеруге;

Ата-аналардың мектеппен ынтымақтаса жұмыс жүргізуде балаға  ықпал етумен танысады.


Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, топ ережесі

Көрнекі құрал-жабдықтар

Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі-түсті маркерлер,қаламдар суреттер

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру


-«Көршіге-комплимент» сергіту сәті


-Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді


-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс


Ата-аналар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптасады


Топқа бөлу


Әрбір топқа қимақағаздар тарату арқылы 4-5 топқа бөлу


Бирдей қимақағаз алған ата-аналар топ-топқа бірігеді


1.Мотивациялық кезең


Тренинг  барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Тренингімізді бастамас бұрын шаттық шеңбері құрылады. Ата-аналар ортаға шығып дөңгелене тұрады.

Керегені кереміз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.



Тренингімізді бастамас бұрын шаттық шеңбері құрылады. Ата-аналар ортаға шығып дөңгелене тұрады.

Керегені кереміз,

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.


Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Жүрек жылуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы ,жылу сөздерін жүрекшені ұсына отырып тілейді.




1.Топқа бөліп отырғызамын (3 топ 15 ата-ана)

Енді ата — аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны

айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата — аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып

қорғайсыздар(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

«Жапырақ тамырдан нәр алады»

Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.

Осы ағаштың тамыры – ата — ана, діңгегі — тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.

Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз  жемісін береді


Ата-аналар 3 топқа бөлініп яғни тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек

отырып, сұрақтарға жауап береді.
1.Балаңыздың сүйікті түсі?

2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?

8. Туған жылы, айы, күні

9.Бала тәрбиесіне кім жауапты?

10.Балаңыз кеше қандай баға алды?

11. Ең жақсы көретін пәні

12. Жақсы көретін мерекесі

13. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

14. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

15. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?


Рефлекция


Қорытындылау


Ата-ана жүрегі қашанда бала, ал бала жүрегі ана деп соғуы керек- дей келе, ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай:

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды.

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады ,– дегендей, балаларымызға үлгі болар отбасылары көбейіп, қазағымның айнасы болып жүре берсін.

  • Бүгінгі тренингке ат салысып қатысқандрыңызаға,келгендеріңізге көп-көп рахмет!?


Ата-аналар «Түйінді сөзді мен айтамын»Бүгінгі тренингтен алған әсерін жазу.



Кері байланыс

 «Екі жұлдыз бір тілек» атты кері байланыс жүргізу арқылы

Ата-аналар жүрекшелерге өз балаларына тілек жазу





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
2762
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі