400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі баршамызға ортақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тәрбиесі баршамызға ортақ



Бекбаева Гүлдана Амангелдіқызы

Педагог-психолог

«Ақбота» бөбекжай-бақшасы,

Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы,

Көгершін ауылы


Бала-өмірдің сәні, отбасының шаттығы. Бала сүю-адамзат тарихымен бірге жасасып келе жатқан ең бір хикметті құбылыс, әр ата-ананың жан қалауы. Шындығында, баланың шыр етіп өмірге келуі-зор қуаныш. Дана қазақ тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеген, алақанға салып аялаған. Тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге тырысқан. Өйткені, «ұрпағымен мың жасайтынын» жақсы білген. Жаңа туылған сәби тап-таза, ақ парақ секілді. Оған не жазылатыны, қалай жазылатыны ата-анасына, қала берді, тәрбиешілерге,ұстаздарға байланысты. Сол себепті бала тәрбиесі-қай кезде де ең өзекті тақырып. М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінің алғысөзінде адамның басқа жаратылыстардан бөлек екенін, тәрбиені қажетсінетінін былай деп білдірген: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда өте әлсіз, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал, адам баласы-туғанда іңгәлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей, адам баласы осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тәрбие қылмай болмайды».

Тәрбие кешенді, жан-жақты қолға алынуы тиіс. Баланы тәрбиелеудегі мақсат-оны жан-жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыру. Балаға көңіл аудару, өскенде жаны ізгілікке толы, қоғамға пайдалы азамат етіп қалыптастыру.

Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса, баланың тәрбиесі одан да қымбат» деген нақыл сөздің мәні терең. Өйткені, тәрбиелі ұрпақ-ата-ананың мақтанышы, елдің ертеңі. Кез келген халықтың болашағы, оның өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы тәрбиеленген ұрпақтың қолында. Егер ұлт өз болашағын аманат етіп тапсыратын текті, саналы ұрпақ өсіре алмаса, оның келешегі бұлыңғыр тартпақ. Сол себепті, ұрпағының өзінен оза туғанын қалаған қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған. Халқымыздың бір ерекшелігі-тәрбиеге үлкен мән беруінде. Сондықтан да, бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал-мәтелдері, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары барлығы да айналып келіп тәрбиеге тірелген.

Бірақ, өкініштісі, соңғы жылдары қазақ қоғамында да ұлттық тәрбие жүйесі, қағажу көріп, тәрбиелік ырғағы бұзылып, бала тәрбиесінің тым нашарлап кеткені белгілі. Оған есірткі мен анашаға тәуелділер, ішкілік пен темекіге әуестер, жасөспірімдер арасында бұзақылар мен қылмыстың өршіп кетуі, т.б дәлел. Себептер де аз емес. Көбіне, іскерге қоймадағы жүгі, саудагерге сатқан малы, үй ішіндегі күйбең тіршіліктен шешенің қолының бір босамауы, жұмыс бастылықтан әкенің уақыт таппауы, т.б. Қазіргі уақытта теледидардағы кино мен мультфильмдердің көбі атыс-шабыс,төбелес,қирату,ұру,сындыру,күш көрсетуге негізделген. Ал,бұл себептердің санасы әлі қалыптаса қоймаған балаға зиянды екені айтпасада түсінікті.

Ұлыбританияда теледидардың әсері жайында жазылған 2286 мақаланы сараптағанда,көптеген зерттеушілердің ортақ ой тоғыстырған тұсы – теледидиардан көрсетілетін қатігездік пен озбырлық әрекеттердің көрермендерге де жұғатындығы. Бұл жағдай,әсіресе, бала санасына көбірек әсер қалдырады. Баланың теледидардан не көрсе соны істейтіндігі, жағымды – жағымсыз қылық болсын өзіне үлгі ретінде қабылдап,соған қатты еліктейтіндігі байқалған.

Міне, бұлар бала тәрбиесінің негізін шайқалтатын кері іс-әрекеттер болып табылады. Бұл сондай-ақ, егер бала тәрбиесімен саналы түрде айналыспасақ, болашақта бізді қауіп – қатер күтіп тұрғанын ұқтырады.

Баланың өзі кішкентай болғанымен,мәселесі үлкен. Ата-ана жылуын шашқан күн секілді сәулесімен баланың ішкі жан дүниесін баурай алғанда ғана оны жете тани алады. Сонда ғана баланың әлсіз тұстары дәл анықталып,соған сай жұмыс жасалады.

Бала дегеніміз – тылсым дүние. Осы тылсым дүниенің сырына қаныға түссек,оған үйретілетін нәрселерді дұрыс кезекке қою да жеңілдеу соғады. Егер баланы өз қабылдау деңгейіне сай үйретсек,кішкене кезінен дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады. Ал, егер керісінше ой- пікірімен санаспай,үйреткіміз келеген жайттарды жөн-жосықсыз тықпаласақ, онда баламыздың болашағына балта шапқан боламыз. Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани білу қажет. Бала тәрбиесін жас ерекшеліктеріне орай белгілі кезеңдерге бөліп қарастыру өте маңызды.

Психологтардың айтуы бойынша,баланың өзіне деген сенімділігі,тұйық,ашық мінезділігі,тартыншақ немесе батыл болуы сәбилік кезеңде қалыптасады екен. Сондай-ақ, баланың зерек,еңбекқор,өмірге бейімді болып өсуіне әсер ететін жүйке жүйесі де осы кезден қалыптаса бастайды.

Бала тәрбиесіндегі өте маңызды жайттардың бірі-балаға деген сүйіспеншілік. Себебі, ата-анасы мен жақындарының сүйіспеншілігіне бөленіп өскен бала қырдың гүліндей жайқалып өседі. Баланың физиологиялық және психологиялық дамуында сүйіспеншілік күннің шуағы іспеттес. Бала таза ауаға қаншалықты мұқтаж болса, сүйіспеншілікке де соншалықты зәру.

Баланың дамуы мен мінез-құлқының қалыптасуында сүйіспеншіліктен кейінгі екінші рухани азық – ойын. Психологтар бала үшін ойынды өмірлік маңызы бар қажеттіліктердің бірі деп санаған. Бала достарымен ойнау барысында тек уақытын көңілді өткізіп қана қоймай, сонымен қатар сөздік қоры, ойлау өрісі кеңейіп, жылдам жауап беру, тез шешім қабылдау, тағы басқа қабілеттері жетіле түседі, адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп сіңіреді, тапқырлыққа, табандылыққа дағдыланады.

Бала тәрбиесінің ең маңызды бөлігі-еңбек тәрбиесі. Психологтар балаға 3 жасынан бастап дастарханға табақтарды, қасықтарды тасытуға болатынын айтады. Неғұрлым еңбекке ерте бейімделген бала, соғұрлым іске епті келеді. Сондықтан, балаға ойнап болған соң ойыншықтарын жинатып немесе бірге жинап, шаң сүрту, гүлге су құю секілді қарапайым іс-әрекеттерді жасата берген жөн.

Бала тәрбиесі үшін дастархан басы да – өзінше бір мектеп. Демек, осы сәтті пайдаланып, баланың көкірегін ашатын, санасында сабақ болып мәңгі қалатын баянды әңгімелерді айтып отырып, әдептілікке, адамгершілікке баулуға болады.

Қорыта келгенде, баланы адамгершілікке баулу үшін бүкіл қоғам мәдениетін жетілдіру керек. Өйткені, бала тәрбиесі ата-анаға да, балабақша, мектеп, дос-жарандары, ойын түрлері, үйірме, газет-журнал, теледидар, радио секілді қоғамның басқа да тетіктеріне тікелей қатысты. Осының барлығы қадағаланып ,игі мақсатта жұмылғанда ғана тәрбие жақсы нәтиже бермек.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі