Нұршат
САРБАСОВА
№202
З.Жарқынбаев атындағы орта мектебінің
педагогпсихологі
Бала
тәрбиесі баршаның ісі
Бала
тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, оны
қоршаған ортаға, әсіресе отбасы мен
ұстаздар қауымының парасаттылығына
байланысты. Үйдегі қатыгездікке бойы
үйренген бала басқаның да құқығын
сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын
болады, керісінше жанұядағы жақсы
қарым-қатынаста өскен бала ертең
қайырымды болып өседі. Баланы түзу
өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін
өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді.
Қоғам
үшін бастысы – тәуелсіздік, адам үшін-
бас бостандығы және уайым- қайғысыз
өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік
төрімізден орын алған қоғамымыздағы
ең басты құндылық – адам бостандығы.
Адам және адамзаттың құқықтары мен бас
бостандықтарын қамтамасыз ету және
қорғау – конституциялық заңдылықтың
басты талабы. Қазақстанда салауатты
өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты
сақтау мен нығайтудағы басты міндеттердің
бірі- бала құқығын қорғау, зорлық
зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Зорлық
– зомбылық құқықта «Бір адамның екінші
бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік
құқығын бұзатын тәни және психикалық
ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын
шектірген зорлық және жан азабын
шектірген зорлық болып бөлінеді.
Адамның
өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс
қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан
Республикасының Қылмастық кодексінің»
тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен
жазаны ауырлататын мән- жайлар болып
табылады. Адам дүниеге келгеннен кейін
оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын
біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
1989 жылдың 20- қарашасында Бала құқықтары
туралы конвенция қабылданып, 1995 жылдың
желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы
конвенцияға» қол қойды.
Еліміздегі
зорлық – зомбылыққа қатысты дағдарыс
орталықтары бар. Әйелдер мен балаларға
қарсы зорлық –зомбылық проблемасы
елімізде көптеп белең алуда.
Зорлық
зомбылықтың түрлеріне тоқталар болсақ:
Эмоциялық
зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу,
балалардың жеке өміріне қол сұғу;
Физикалық
зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде
немесе сау күйінде ұруды қолданатын
эмоционалдық зорлық;
Қауіп-қатер-
отбасын тастап кетемін деп қорқыту,
әйелін немес баласын ұру, өз-өзіне қол
жұмсауға итермелеу;
Балаларды
анасына қарсы-қолдану, әйелін өз
балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен
қорқыту, оған балаларды араластыру.
Отбасындағы
берекенің қашуының басты бір себебі –
жанұядағы зорлық – зомбылық. «Отбасынылық
қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда,
одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген
түсініктен арылу керек. Кикілжіңі көп
болатын отбасында өскен балалар есейген
соң не әкесінің, не шешесінің отбасында
өзін- өзі ұстау үлгісін алады.
«Әке
көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»
демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері
мол. Тәрбиеге әсер ететін өскен орта
мен ата- ананың тәрбиесі дұрыс болмаса,
жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі
жаман мінезді жұқтырады деп ойлаймын.
Салауатты
өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі
– жаман қылықтардан, яғни зорлық-зомбылықтан
аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақыл
есінен айырылып, қасындағы адамдарға
зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,
отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп
мазасын алады. Бұл баланың психологиясына
кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті
рухани дүниенің барлығын қоршаған
ортадан алады.
Зорлық
– зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды.
Бұның дәлілі ретінде ұлы ғұламалардың
мынадай сөздерін ұсынамын. «Тәрбиесіздік
– ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз
берілген білім келешекте адам өміріне
апат әкеледі» деген ұлы бабамыз Әбунасыр
Әл Фараби «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе
– өскен орта, ата-ананың тәрбиесі»,
«Сүтпен кірген сүйекпен кетеді» бала
жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде
сол әдет қалмайды деген Ж. Аймауытов.
Балалар
құқығын қорғау – егемен еліміздің басты
құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең
ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы
құқықтарының сақталуы жолында аянбай
еңбек етуі керек.
Нұршат
САРБАСОВА
№202
З.Жарқынбаев атындағы орта мектебінің
педагогпсихологі