Материалдар / "Бала тәрбиесі-басты құндылық" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бала тәрбиесі-басты құндылық" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясындағы бірыңғай тәрбие сағатының сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2024
162
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының

«Бала тәрбиесі – басты құндылық» тәрбие сағатының сценариі

2024-2025 оқу жылы

Тақырыбы:  «Бала тәрбиесі – басты құндылық»

Мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, құқықтық сауаттылыққа, тәртіпке, тұлға болып қалыптасуға, құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру.

Құндылықтар:

Барысы: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттер:

ұлттық мүддені ілгерілету;

тиімді қарым-қатынас және басқалармен ынтымақтастық орнату;

Фанфар дауысы.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

«Бала тәрбиесі – басты құндылық» атты бірыңғай тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының «Бала тәрбиесі – басты құндылық» бірыңғай тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалады.)

1-жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатының құрметті қонақтары:

Қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  Алғашқы сөз беріледі. (Сөз)

1-жүргізуші:  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым –Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.

2-жүргізуші:

Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

2024 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі алты құндылықтары енгізілді.

(7 оқушы шығады. Құндылықтар шеруі)

1-оқушы: «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясындағы құндылықтар

2-оқушы: «Тәуелсіздік пен Отаншылдық»

3-оқушы: «Бірлік пен Ынтымақ»

4-оқушы: «Әділдік пен Жауапкершілік»

5-оқушы: «Заң мен Тәртіп»

6-оқушы: «Еңбекқорлық пен Кәсіби біліктілік»

7-оқушы: «Жасампаздық пен Жаңашылдық»

1-жүргізуші: Құрметті мектеп-гимназия оқушылары, сіздерді жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Сахналық көрініс.

(Дастархан басында әкесі,анасы және балалар ұлттық киіммен отырады)

Әкесі:Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы –  тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.

Бірінші құндылық  – тәуелсіздік және тарихи таным, екінші құндылық – ел мен жер үшінші құндылық – тіл, әдебиет және руханият, төртінші құндылық – ұлттық дәстүр және отбасы, бесінші құндылық – білім мен біліктілік.

Осы құндылықтар туралы не айтасыңдар қане, балалар?

1-оқушы: Тәуелсіздіктің арқасында, қазақ елін, Қазақстан халқын әлем таныды және мойындады.

2-оқушы: Қазақта: «Егесіз ел азар, иесіз жер тозар» деген мақал бар. Ұлан ғайыр даланы бабаларымыз көзінің қарашығындай сақтады

3-оқушы: Тіл мен әдебиет – ұлттың жаны мен жады, оның бет-бейнесі, өткені, бүгіні мен болашағы.

4-оқушы: Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталады. Отбасы –  тәрбиенің тамаша мектебі.

5-оқушы: Білімді ел – озады, ғылымсыз ел – тозады. Елімізде білім мен ғылым саласына үлкен қамқорлық жасалды

Анасы: Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады. Ұлтты құрметтеу –  атап өткен барша ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құрмет көрсету, сақтау. Ұлтсыздану  ұлтты, мемлекетті әлсіретеді. Қоғам дамуын тежейді. Бұл – тарихи шындық. Сондықтан тарих, замана алдындағы ұлы сынақ кезінде біз өз таңдауымызды жасадық. Әлемдік озық  құндылықтарды игере отырып, оны ұлттық құндылықтарымызбен байыта береміз. Ұлтты сүю – ұлтшылдық емес.

Әкесі бата береді: Ұлтымыз ұлысты болсын, еліміз ырысты болсын, ұрпағымыз білімді, саналы болсын, әумин!

(Сосын олар сахнадан кетеді).

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, сіздермен бірге тапсырмалар орындаймыз.

1.Мақал-мәтелдерді аяқтаңыздар:

Туған жердің қадірін ... (шетте жүргенде білерсің)

Намысы бар жігіттің ... (нар күшіндей күші бар)

Талабы жоқ жас ... (қанаты жоқ құс)

Ақылды өзінен көреді... (ақылсыз ағайыннан көреді)

2.Тыйым сөздерді аяқтаңыздар:

Бос бесікті ... (тербетпе)

Нанды бір қолмен ... (үзбе)

Жағыңды ... (таянба)

Су шашып ... (ойнама)

Пышақты шалқасынан ... (қойма)

Бас киіммен ... (ойнама)

Адамды .... (айналма)

Малды .. (теппе)

Отпен ... (ойнама)

Қазақтың құнды өсиеттері

3.Үш тәттіні атаңыздар:

Жан тәтті

Жар тәтті

Мал тәтті

4.Үш арсызды атаңыздар:

  1. Ұйқы арсыз

  2. Күлкі арсыз

  3. Тамақ арсыз

5.Жеті қазынаны атаңыздар:

  1. ер жігіт;

  2. сұлу әйел;

  3. құмай тазы;

  4. берен мылтық;

  5. жүйрік ат;

  6. ақыл-білім;

  7. қыран бүркіт.

6.Жеті ата, ата-бабаны атаңыздар:

  1. Жеті ата

  2. Түп ата

  3. Тек ата

  4. Баба

  5. Арғы ата

  6. Ата

  7. Әке

1-жүргізуші: Қандай керемет! Жауаптарыңызға рақмет! Бүгінгі оқушылар, сіздер Тәуелсіз елімізді биік белестерге жетелейтін жас өренсіздер.

2-жүргізуші: Отанымыздың болашағы сіздердің сапалы білім мен саналы тәрбие алуларыңызға байланысты. Сіздерге үлкен жауапкершілік артылатынын ұмытпаңыздар.

Ән «Мен қазақтың қызымын» «Шабыт» би тобының орындауында қазақша би

1-жүргізуші:

Дана халқымыз бала тәрбиесіне баса назар аударған. Өскелең ұрпақтың бойында құндылықтарды қалыптастыруды маңызды міндет деп санаған.

Назарларыңызға бейнеролик ұсынамыз.

Видео.

https://www.youtube.com/watch?v=pBsbFDhCmIE&t=34s&ab_channel=1-%D1%88%D1%96%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BF%D0%BE%D2%9B%D1%83%D1%88%D1%8B%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3%D2%AF%D0%B9%D1%82%D0%B0%D0%BF%D1%81%D1%8B%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%93%D1%8B

2-жүргізуші:

Көрсетілген бейнероликте қандай құндылықтар туралы айтылды. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

(Залдағы оқушылар ойларын айтады)

1-жүргізуші: Дұрыс айтасыздар, балалар. Бейнероиктер бала тәрбиесінің маңызды құндылық екендігі айтылған. Бала үшін ақша, дүние жинап емес, тәәрбиесіне көңіл бөліп, адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы айтылған.

(Сахнаға оқушылар шығып, өлеңдер оқиды)

1-оқушы Қасым Аманжолов

Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

2-оқушы

Отан. Совет Әлімқұлов

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

3-оқушы

М.Мақатаев Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

4-оқушы

Отан, Отан сенде туып көктедім,

Сен туралы айтарымда көп менің.

Жерлерің бар таң-тамаша көрікті,

Көз тартады нулы орман бөктерің.

Отан! Отан! Сені мәңгі сүйіп өтермін

Сен аңсаған армандарға жетермін.

Отан! Отан! Биік сенің тұғырың,

Өзіңменен өтіп жатыр әр күнім

Сен арқылы көріп-біліп тарихты,

Туған елдің ыстығын мен ұғындым!

5-оқушы М.Мақатаев

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Ән «Өз елім»

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады.

Жарқын болашақтың кілтін іздеген оқушыларымызға білімді, озық ойлы адал азамат болсын деп тілек білдіреміз.

Қонақтардың қорытынды сөзі.

1-жүргізуші:  

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия бойынша 8-11-сынып оқушылары арасында өткен «Бала тәрбиесі-басты құндылық» атты тәрбие сағаты аяқталды. Мерекелі күндерде келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!


Соңы

































«Жетісу облыстық білім басқармасының Көксу аудандық білім бөлімі» ММ

«Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия» КММ



















«Бала тәрбиесі-басты құндылық»

(8-11-сынып оқушыларына арналған бірыңғай тәрбие сағаты)











Дайындаған ТІЖО Г.Мейрбекова













Балпық би ауылы 18 қыркүйек 2024 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!