400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі ортақ міндет

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі ата ана мен бірлесіп жүргізілуі тиіс.Бала тәрбиесі бала бақшадан бастау алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бала тәрбиесі ортақ міндет» «Бала тәрбиесі-бір өнер,өнер болғанда да ауыр өнер,жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер»дейді. М.Жұмабаев Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы-жақсы тәрбиеленген ұрпақ,ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады емес пе? Балабақша барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес.Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін,қабілетін ерте жастан дамытады.Тәрбиенің түп тамыры ұлтты қадірлеу,ұлттық әдет ғұрыпты дамыту. «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек, әр тәрбиесіз берілген - білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-дейді Әл-Фараби. Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата- анасының тәрбиесімен қатар өнер білімге баулитын бала бақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім тәрбиені жалғастырып,жандандыратыны сөзсіз.Бала жас тал болса,ал ересектер оған бағбан болуы ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару-оны өсіруші,тәрбиелеуші тәрбиешінің міндеті.Бүлдіршіндердің сезімдері өте нәзік,әсершіл келеді.Оларға айтқан,көрсеткен нәрселердің бәрі шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек.Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарым қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Тәрбие мен білім егіз ұғым.Үйдегі тәрбиенің жалғасы деп балабақшадағы тәрбиені айтамыз.Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиені ұштастыра білуіміз керек. Мектеп жасына дейінгі кезеңде балаға тәрбие екі бағытта беріледі. Біріншісі отбасында,екіншісі балабақша. Бала тәрбиесі ата-ана үшін де күрделі де,жауапты міндет.Баланы өмірге бейімдеуде мектеп,ұстаз және ата-ананың орны бөлек.Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы - ата-ана.»Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың»дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады.Бала өскен сайын ,оның тәрбиесі де күрделенеді.Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес,оған үлкен шеберлік керек.Сондықтан халық бала тәрбиесін бесіктен бастаған. Ұлы ұстаз Макаренко:»Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз.Кіре берістегі,жол жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген.Бала тәрбиесіндегі ең басты шарт күнделікті тұрақты,нақты,сабақтастықты үзбеу.Балаларымыз болашағымыз.Ал болашағымыз бапты,бақытты болғанға не жетсін.Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып,ұстаздар қауымы болып,ең бастысы ата аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ.Балаларымызды отансүйгіштікке,ата баба салт дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға ортақ міндет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
23 ұстаз жүктеп алған
28.05.2024
631
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі