Бала тәрбиесі ортақ міндет

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі ортақ міндет

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі ортақ міндет.Отбасы мен балабақша бірігіп жұмыс істеу арқылы жақсы нәтижелерге жете алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тәрбиесі ортақ міндет.

Тәрбие адам баласының дүние есігін ашпас бұрын ананың сүті арқылы берілетін баланың бағдары .Әр бала үшін ата-анасы оның басты ұстазы болып саналады.Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін істейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.» «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүрер» деген мақал-мәтелдер де осыны көрсетеді.

Тәрбие – тал бесіктен де те бекер айтылмаған.Адам баласы шыр етіп дүниеге келісімен тал бесіктен, жер бесікке дейін тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп өседі.Адамның бәрі жас шыбық секілді. Жас шыбықты қалай баптасаң, ол солай өркен жайып өсе береді. Біздің мына жарық дүниедегі ең басты мақсатымыз– ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу. Бала тәрбиесі қажырлы еңбек пен ізденісті қажет етеді.

Бала үшін тәрбиенің тал бесігі – отбасы. Бақытты балалық шағының алаңсыз өтуі ата-анаға байланысты болса, балабақшада тәрбиешіге байланысты.Сондықтан да бала тәрбиесіне баршамыз бір кісідей атсалысуымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,бірігіп жұмыс істесек көптеген жетістіктерге ,жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізетініміз сөзсіз.

Бала – әрбір ата-ананың үкілеген үміті. Болашағынан зор үміт күттіретін баланың болашағы жарқын болуына бей-жай қарамағанымыз жөн. Себебі бала – елдің ертеңі, ұлағатты ұрпақтың жалғасы.



Мен тәрбиешімін.Тәрбиеші мамандығын таңдағанымда әр балаға барынша саналы тәрбие мен сапалы білім беремін деген қағиданы берік ұстандым. Сондықтан да қазіргі таңда «Балалардың бір минут та уақыты бос өтпесін» деп барынша жан-жақты ізденіп, балалардың жаңа дүниені үйренуі жолында дайындық жұмыстарын жасаудан шаршаған емеспін.

Бала тәрбиесінің қалыптасуына балабақшаның сіңіретін еңбегі зор. Әдептіліктің алғашқы әліппесін үйренуіне, жаңа ортаға бейімделуіне, достар табуына, жаңа білім алып, ұлттық құндылықпен сусындауына барлық жағдайды жасап келеміз.

Дүниені жаңа танып, әлемді өз көзқарасымен қабылдап келе жатқан бүлдіршіндердің жанына анасынан кейінгі жақыны – тәрбиеші. Сондықтан да балаларымды таңертең жақсы көңіл күймен қарсы алып, кешке күліп шығарып саламын. Менің бүлдіршіндерімнің тәрбиесі: «Сәлеметсіз бе!» деген бір ауыз сөзден басталады. Ең алғаш бала бойына сіңірген тәрбием де, тәлімім де осы. Ата-бабаларымыз «Сәлем сөздің анасы» деп текке айтпаған. Үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын жас ұрпақ санын арттырып, бүлдіршіндерді ұлтжандылыққа баулып,мықты тұлғаны өсіріп, тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Жақсы өнеге көрсе бала бүгінде, еңбегімен қуантады түбінде» немесе «Ертең өзің қалмау үшін табаға, жақсы өнеге көрсете біл балаға» деген Жүсіп Баласағұн бабамыздың аталы да баталы сөзін бағдар етіп ұстансақ бала тәрбиесінде баршамыздың жоғарғы жетістіктерге жететінімізге ешкімнің күмәні жоқ. Келешекте олай болса, осы берілген тәрбие ұрпақтан ұрпаққа жалғасады


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2025
257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі