400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесі –ортақ міндет!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Бала тәрбиесі –ортақ міндет!

Бала –деген cөз әрбір қазақтың жүрегіне жақын, құлағына жағымды сөз! Баланың балалық шағы керемет өтсе екен деп барынша тырысамыз. Бар жақсыны үйіп төгіп алдына қойып, ешкімді сөйлетпеуге тырысамыз. Кейбір кездері тіпті әжесінің атасының сөздерін жақтырмай ұл қыздарын тарпақтап отыратын аналар да бар! Бұрындары ата-әжесінің ерке баласы деп жататын, қазіргі таңда әрбір үйде барлық бала ерке! Оның себебі неде?

Себебі балаларға ұялы телефон, пультпен жүретін мәшине, телевизор,түрлі ойындар барлығын алып беріп қояды. Осы кезде балалар аулада ойнауға шыға бермейді, себебі үйде барлық жағдайы жасалып отыр. Ал енді бала 3жасқа толған кезде баланы балабақшаға алып келеді. Жоғарыда айтқандай әр балаға сөйлеуге болмайды, Қазіргі таңда тек балалардың денсаулығын бақылап отырады тәрбиешілер.

Ата –аналар баланы балабақшаға 1жастан алып келуі керек. Неге десеңіз бала үйдегі жағдайды, тәртіпті , қарым қатынасты үйдегі адамдарға қарап бейімделеді. Киімдеріне ұқыпты болу, ойыншықтарын сындырмай баптау, достарына кішіпейіл болу барлығы сәби кезінен басталады. Балабақшада бала гигиеналық шараларды үйренеді, сабынмен қолды жуу, шашын тарау, айнаға қарау, өз сүлгісімен сүртуну. Тәрбие өзіне өзі қызмет етуден басталу керек. Ұл балаға ер мінезді болуды, жыламауды, күшті болуды үйретуіміз керек. Тіпті ойыншықтарды берген кезде ұлға машина, корабль, көк түсті, шелектер, құрастыру материалдарын, балық аулау сиякты ойындарды ойнату керек. Ал қыздарға келетін болсақ қуыршақтар, шаштараз ойындарын ойнату керек. Себебі гендерлік тәрбие болу керек.Өскенде ұл бала қыздың қыз ұл баланың мамандығын таңдамау қажет.

Балабақшада 2023жылдан бері Бір тұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Яғни ұлттық құндылықтар, ұлттық киімдерді , ұлттық ойындарды бала бойына сіңдіру қажет.

Қазіргі қауіпті жағдай ол балалардың ұялы телефонға телміріп отыруы, тілдерінің кеш шығуы, ойын дұрыс жеткізе алмауы. Сол себепті балаларға жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер үнемі айтқызу керек. Мәселен 2011ж-2019ж арасында балабақша келген балалар мүлдем болек болатын, ол кезде топта 2-3 бала ғана сойлей алмайтын, ол кезде ата-анасына ескертіп логопед маманына баруын өтінетінбіз. Ал қазір 2020ж бері қарай балалардың көпшілігінде тіл кемістігі үлкен рөлді алып отыр, топта 5-6 бала ғана анық сөйлей алады. Бұл балалардың орысша, ағылшынша қарап түсініп, қазақша сөйлегенде тілдері жетпей жатыр. Тілі анық емес бала достарымен ойнап кетуі де қиындау болады.

Бала тәрбиесіне жалғыз балабақша емес, отбасындағы барлық мүше жауапты. Балабақшада «Әкем , шешем және мен» «Менің отбасым » тақырыбында апталықтар өтіледі. Конференсиялар, семинарлар өткізіледі. Мәселен 2023ж қараша айында білім бөлімінің әдіскері мен ата –аналар жиыны өткізілді. Ұялы телефонның зияны мен пайдасы тақырыбында дебат талқыланды, педагог-психолог мамандары тренинг жүргізді. Қазіргі таңда « Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» «Әжелер мектебі» жұмыс жасауда. Балаларға ұлттық ойындар, ұлттық тағамдарды, ұлттық киімдерді дәріптеп жатыр.

Қорыта айтқанда балаға сөйлеген кезде мәдениетті сөйлеу қажет, бала барлығын түсініп біледі. Бала жақсы көріп тұрған ата-ананыда педагогты да сезеді. Ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуына балабақшадан бастап тәрбие беру керек! Ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтап қалу үшін Бір тұтас тәрбие бағдарламасын игеру керек! Бала біздің болашағымыз! Әр бала жұлдыз! Балармен өткен әрбір күнім мен үшін Бақытты күн!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
331
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі