15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бала тәрбиесі толғантады.
Н. Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы: «Бала тәрбиесі толғантады»
Дайындаған : Саматова Г С
Баяндама «Бала тәрбиесі толғантады»
Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселенің бірі.
Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, эканомикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет.
Мемлекетіміздің келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болу үшін денсаулығына, отбасына,ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуге табанды болуын қалайды.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екінші-дүниеге келген сәбиді тәңдік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.
Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне тиіс әсерін тигізеді.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата- ананың және басқа отбасы мүшелерінің берек-бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.
Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана , Отаның, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойыңа сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманыда бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Яғни, елдің ер-азамат тәрбиелеу, ең алдымен отбасына жүктеліп отыр.
Отбасы- адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Ол бала үшін үлкен бір әлем, осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым-қатынас жасап, өмір сүюді. Қиындыққа көнуді, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі- отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жакапкершілігі артып, еңбек оту қажеттілігін түсінетін болады. Отбасы кешенді недагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады. Сондықтан кез-елген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым –қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлә күнге дейін балабақшамен ата-аналармен жұмыс жүргізу қазіргі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып тұр деп ойлаймын.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым –қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
Ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсініктік пен көмекке бағытталады.
Ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;
Жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым –қатынас.
Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді.КЕйбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал, КЕйбір отбасыгда бедел орын алған қарым-қатынас орнайды.
Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреулердің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым –қатынасқа ұмтылушылық бр, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынас орнауды көздейді.
Түйіндей келе, отбасында орныққан қатынас түрлері мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл кеңес айтушы болып табылады.
Қазіргі отбасындағ тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық-пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның тәнінің дұрыс түзелңп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
Әр отбасы ата-тегінен келе жатқан кәсібін,өнерін, таңданған еңбегін құрметтеп. Оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы қоғамдық еңбек барысында, адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.
Бүгінгі күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтижесі беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді.
«Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады. Бұл бөлімде ата-аналарга түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педаготәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген