400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың байланысы қандай болу керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ата-аналар жиналысының бір түрі болып табылады. Сынып жетекшімен қатар ата-ана да баланың тәрбиесінде ортақ күш және айқын мақсат қоя білу керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 14.01.2019 жыл


Уақыты:1 сағ. 14 минут

Тақырыбы:

Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың байланысы қандай болу керек?

Жалпы мақсаты:

Жеке тұлғаның тәрбиесіндегі ата-анамен ұстаздың қарым-қатынасын жақсарту және оның тиімді жолдарын анықтау.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

-Мектепте ұстаз бен ата-ананың қарым-қатынасы жақсарады.

-Отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыруға міндетті екендерін түсінеді.

-Бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігі артады.

-Ата-аналар бала тәрбиесі жайлы көп мағлұмат алады.

Дерек

көздер

-Оқыту мен оқудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер.

-Бейнекөрініс.



Ресурстар

Ватман, стикерлер, қаламдар, түрлі-түсті маркерлер мен қағаздар.

Түйінді идеялар:

-Жұмыс барысында ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке, әркімнің түйінді идеяларын тыңдау, ой қозғау, қолдау.

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:

Жаттығулар

Коучтың іс- әрекеті

Ата-аналардың іс-әрекеті

Жұмыс әдісі

Уақыт

Шаттық шеңбер

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Сіз әдемісіз....» ата-аналар бір бірлеріне жақсы пікір айту



Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып жылы пікір айтады

Ахуалды

жақсарту.

10 минут

Топқа бөлу

Түспен бөлу

Топқа бөлінеді.



3минут



1.Балаңыздың тәрбиесіне қалай көңіл бөлесіз?

2.Балаңыздың сынып жетекшісімен байланысып тұрасыз ба?


«Миға шабуыл» әдісі

8 минут

І тапсырма












Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

1.«Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы».

2. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы».

3.«Бала өсірген ата-ана

Бала болып ойнайды.

Бала оқытқан ұстаздар

Бала болып ойлайды».

4.«Білімі жоқ ұл — жұпары жоқ гүл».

Өз ойларын ортаға салады, бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогқа түседі.

«Ойлан-жұптас- бөліс» тәсілі

15 минут

ІІ тапсырма

«Ұстаз-Бала-Ата ана» моделін құрастыру ұсынылады.

Әр топ өз беттерімен моделін жасап,өз моделдерін қорғайды

Топтар арасында талқыланып , ойларын постерге түсіреді

«Модельдеу» стратегиясы


10 минут

Бағалау

«Қол шапалақтау» арқылы бағалайды.

«Қол шапалақтау» арқылы бағалау

3 минут

Сергіту сәті

«Ырғақты әуен» айтқызу

Сергіту сәтін жасайды

Ән орындалады

3 минут

ІІІ тапсырма



«Кедейліктің құрбаны» тақырыбында бейнекөріністен үзінді көрсету


«Шеңбер» әдісі арқылы ата-аналардың түйіді ой-пікірін білу.


Бейнекөрініс бойынша ойларымен бөлісіп, жалғасын болжап айту.


«Stop-кадр» тәсілі




«Шеңбер» әдісі

10минут




5 минут

Кері байланыс

Кері байланыс

кері байланыс

7 минут



Рефлексия: «Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың байланысы қандай болу керек?» тақырыбында 14.01.19 ж күні 7 сыныптар арасында ата-аналар қатысуымен жаңа форматта ұйымдастырылған ата-аналар жиналысы өтті.

Талдыбекова Айгерім Асайнқызы ата-аналармен жақын танысу мақсатында «Шаттық шеңберін» жасады. Әр ата-ана өздерінің есімдерін айтып, бір бірлеріне жақсы пікір айтып, жағымды лебіздерін, тілектерін білдірді. Түстер арқылы ата-аналар 2 топқа бөлінді.

Келесі кезекте «Миға шабуыл» әдісін қолданып, «Балаңыздың тәрбиесіне қалай көңіл бөлесіз?», «Балаңыздың сынып жетекшісімен байланысып тұрасыз ба?» тақырыбында сұрақтар қойылып, ата-аналар сұрақтарға белсене жауап берді.

«Ойлан-жұптас- бөліс» тәсілі арқылы ұсынылған мақал-мәтелдердің мағынасын ашу мақсатында, ата-аналар жеке ойланып, жұп болып пікірлерімен бөлісіп, топтар арасында талқылау жүргізілді, әр топ белсене жауап берді.

«Ұстаз-Бала-Ата ана» тақырыбында әр топқа постер таратып, ата-аналар постерге өз ойларын түсіруге 10 минут уақыт дайындалуға және қорғауға 5 минут берілді. Әр топ өз беттерімен моделін жасап, осы тапсырмада ерекше белсенділік көрсетті.

Ата-аналарға «Кедейліктің құрбаны» тақырыбында бейнекөрініс көрсетіліп, «Шеңбер әдісі» арқылы өз ойларын түйіп, ой пікірлерін ашық жеткізе білді. Сергіту сәті жасалып, ата-аналар ән орындап, көңілденіп қалды. Осыдан кейін әр ата-анаға стикерлер таратылып, ұсынылған стикерді тілек ағашына жапсырды, яғни кері байланыс жасалды. Ата-аналар ризашылығын білдіріп, осындай ата-аналар жиналысы көп бола берсін деген ұсыныс айтып кетті.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
689
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі