400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тәрбиесіндегі ата – ана рөлі.

Өзіміз күнделікті өмірде кездестіріп жүргендей, көпшілік жағдайда ата – аналар балаларын шектен тыс еркелетіп, айтқанын екі етпейді. Әрине, баласын жаман болсын, қатардан қалсын деп ешкім де ойламайды. Баланың ата – анасының қамқорлығын үнемі сезініп жүруіне не жетсін! Алайда, ата – ананың бәрі бірдей тәрбие жұмыстарының ой қырын, өзінің міндетін түсіне бермейді. Біреулер жалғыз баласына жөнді тәрбие бере алмай жүрсе, кейбіреулер үштен тіпті одан көп балаларын қазіргі өмір талабына сай ақылды, іскер, еңбекқор етіп тәрбиелейді. Шынын да жасынан іскер болып өскен балалар өмірден өз орнын таба біледі.

Кейбір ата – аналар баласын тым шексіз жақсы көргендіктен оның бұзық, шалыс қылықтарына көңіл бөлмейді. «Ештеңе етпейді, бала есейе келе жөнге келеді» деп өзін – өзі жұбатады. «Адам мінезін өзгертуге болмайды деген адамның тілін кесер едім», – данышпан Абай тәрбиелеу арқылы баланы да өзгертуге болатынын, тәрбие құдіретін танып айтқан ғой. Бірақ, тәрбие мәселесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне, оның ерекшелігіне көңіл бөлмейтін ата – ана, тәрбиеші, мұғалімдер әлі де кездеседі.

Көпшілік ата – аналармен сөйлесе қалсаңыз, қыз балаға қарағанда ер бала тәрбиесі қиын екендігін айтады. Шынында, қай баланың болса да, өзінің ерекшелігі, өзіне тән қиыншылығы болады. Бала тәрбиесі күрделі процесс. Ата – ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға десек, бала – ертеңгі азамат, ел қорғаны, мемлекет негізі екенін естен шығармаған жөн. Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың басты геройы Меңтайдың анасы өз қылығы үшін идеал болған. «Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе, қыздың ерні сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, жүріс – тұрысы бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны жөн», – дейді Меңтайдың анасы.

Ал біздің кейбір оқушы қыздарымыз анасын ескі қол санайды. «Сіздердің уақыттарыңыз басқа еді, біздің уақытымыз басқаша, соны қалай түсінбейсіздер», – дейді. Жаңа өсіп келе жатқан жас үшін өзінің жұмбағымен өмір әр уақытта қызғылықты, дегенмен дұрыс, жүйелі тәрбие берсе ересектену кезеңі қиын болмайды.

М.Жұмабаевтың пікірінше тәрбие саласын төрт түрге бөлуге болады, олар: жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп – құлық тәрбиесі. Педагог: «Балам адам болсын дейтін ата – ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын», – дейді. Баланың бойына басынан сіңген мінезді қайтадан түзету қиындық келтіреді. «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» демекші, бала мінезін қалыптастыруда отбасы мүшелерінің әсіресе, әке – шешенің ықпалы күшті болу керек.

Ата – аналар жеткіншегінің ой – пікірін, не нәрсені идеал тұтатынын, кімге еліктейтінін қандай кинофильм көріп, қандай музыка тыңдайтынын біліп отырса құба – құп. Жас бала көк шыбық сияқты. Оны қалай майыстырса солай қарай иіле береді. Сондықтан, ата – ана баласының тәрбиесіне немқұрайлы қарап, уақытын өткізіп алмай, бала бойындағы кемшілік пен оғаш қылықты дер кезінде жойып, жағымды мінез, жақсы әдетке баулу керек.

Баланың тіл алғыштығы, ұқыптылығы, істеген ісін жақсы орындағаны үшін мадақтап, қостап, ризашылық білдіріп отырудың маңызы зор.

Баланы мадақтау мен жазалауда мектептің, ұстаздардың да алатын орны ерекше.

Ұстаздың шәкіртіне деген мейірімді жылы көзқарасы, ризашылық сөзі, қамқорлығы өсіп келе жатқан ұрпақ үшін кейде ата – ана тәрбиесінен де гөрі қаттырақ әсер етеді. Қанша шаршап келгенмен ата – ана үйде баласына жылы сөйлеп, орынды жерінде еркелетіп, үнемі назардан тыс қалдырмау керек.

Қорыта айтқанда, халқымыздың тәлім – тәрбиелік мұрасын, салт – дәстүрін пайдалана отырып дені сау, тәрбиелі ұрпақ өсіру әр ата – ананың міндеті.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі