400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі" коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Авторы: Пайызова Арайлым Думанбеккызы Жамбыл облысы Меркі ауданы №4 Тілеміс батыр ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі


Коучинг тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»


Мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.

Көрнекілігі: плакаттар, кішкене қызыл жүрекшелер, жұлдызшалар,отбасылық құнды сөздер

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Танысу.Жүрек шарды беру арқылы өз есіміңіздің алдына сын есімді қосып айтасыз.Мысалы: мен сымбатты Сайрагүлмін,мен ақкөңіл Анармын....осылай жалғаса береді.

Топқа бөлу. (Түстер арқылы).Әр топ өздеріне ат қойып,топ аттарын жазып қояды.

Барысы:

Бүгінгі «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты тақырыптағы коучингке қош келдіңіздер!

Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.

Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!

І жаттығу: «Біздің топтың жүрегі».

Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады. ІІ жаттығу: «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Ата-аналарға сұрақтар жазылған қағаз таратылады.

1. Балаңыздың ең жақын досы кім?

2. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

3. Балаңыздың туған күні қашан?

4. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қанша?

5. Балаңыздың парталас көршісі кім?

6. Балаңызды қандай сөзбен еркелетесіз?

7. Балаңызға ренжігенде ең алғаш аузыңызға оралатын сөз?

8. Балаңыздың сүйікті пәні қандай?

9. Балаңыз кімді үлгі тұтады?

10. Балаңыздың ең жақын досының әкесі кім? 11. Балаңызға бір күнде қанша уақыт бөлесіз?

12. Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

13. Балаңыздың сынып жетекшісі кім? Қорытынды: Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата-аналарды мадақтау. Ал, жауап беруге қиналып қалған ата-аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.

Сергіту сәті «Көңілді күн» ІІІ жаттығу: Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» топпен жұмыс

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.

Берілетін отбасылық құндылықтар:

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытыңызды бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата-ананың сөзі заң

11. Ата-ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.

ІV жаттығу. «Бала тәрбиесі» тақырыбында видео ролик көріп, ой-пікірлерін айту. V. Өсиет әңгіме. Қорытындылау

Жағдайы жақсы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата - анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата - анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата - анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата - анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата - анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата - анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.

Міне, ата - ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыры мүмкін емес.
-Бүгінгі тренингтен сіздерге рухани құндылық тілей отырып, сөзімді Сүлеймен пайғамбардың нақыл сөздерінің мағынасын түсіне оқып, ой түйіңіздер дегім келеді.

«Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі».

Ақылды бала — әкесінің сүйініші,

Ақылсыз бала — шешесінің күйініші деген екен. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, ата - аналармен қоштасамыз.

-Бүгінгі тренингті «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша аяқтаймыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
983
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі