Жиналыстың тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
Мақсаты:
-Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру мақсатында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру.
-Ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу.
Барысы:
“Сәлемдесу”
Ата-аналар сыныпқа кірер алдында мұғаліммен арнайы карточкадағы берілген қимылмен сәлемдесіп кіреді.
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар мен сіздерді көргеніме қуаныштымын! Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол-менің балаларым»-деген екен. Әрбір ата-ана баласының денсаулығы мықты,ең жақсы болуын,талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша,құрметті ата-аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді. «Біз балаларға ұқсамаймыз,балалар бізге ұқсайды» дейтін белгілі тәсіл бар.
Бүгінгі «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты тақырыптағы жиналысқа қош келдіңіздер!
Адамның өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала –дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақтан үйренеді. Егер отбасында ата-аналар өзара жақсы қарым-қатынаста болса перзенттері де әдепті, тәрбиелі болып өседі. Халқымыз «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. Бала отбасында жақсы үлгі-өнегемен, саналы тәлім-тәрбиемен жастайынан сусындаса, ер жеткенде сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлеп, абыройларыңызды асқақтатары хақ.
Сондықтан да өмірдің өтпелі қиын кезеңдерінде ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз керек. Бала тәрбиесінде шыдамдылық танытып, өз балаларыңызға жүрек жылуын сыйлай біліңіздер!
«Тілектер ұшағы»
Мұғалім ата-аналарға ақ парақ ұсынады. Сол параққа ата-аналар тілек жазып, парақтан ұшақ жасап ұшырады. Әр ата-ана алдына түскен үшақтағы тілекті оқиды.
«Біздің топтың жүрегі»
Ал, енді бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, біз қазір оған жан береміз. Ол үшін мына кішкене қызыл жүрекшелерге сіздер балаға деген бір ақ тілектеріңізді жазып, мына тақтадағы үлкен ақ жүрекке әкеліп, ақ тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл біздің топтың жүрегі, ол тренинг барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Бәріміздің жүрегіміз «бала» деп соғады. Осы ақ жүрегімізден шыққан тілектерді жаңа барлығымыз естідік. Балаға деген тілегімізді, жүрегімізді бір арнаға тоғыстырды. Осы жүрек сияқты әрбір ата-ананың жүрегі де бала тәрбиесінде, өз баласының әрбір жаңа атқан таңы үшін елжіреп, алаңдап тұрады.
«Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» ойын
Ата-аналарға сұрақтар жазылған Додэкадр беріледі (3-5 минут).
Ата-аналар додэкадр айналдыра отырып түскен сұраққа жауап береді.
1.Балаңыздың қандай болғанын қалайсыз?
2. Бала тәрбиесінде неге көбірек көңіл бөлесіз?
3. Балаңыздың қандай қызығушылығы бар?
4.Бос уақытта балаңызбен қандай жерлерге барасыз?
5. «Әке» деген сіздің ойыңызша қандай болуы керек?
6. «Ана» деген сіздің ойыңызша қандай болуы керек?
7.Балаңыздың ерекше ұнататын пәні?
8.Балаңыздың парталасы кім?
9.Балаңыздың ең жақсы көретін ұстазы?
10.Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы қандай болуы керек?
11.Балаңызды сабақтан келгенде қалай қарсы аласыз?
12. Балаңыздың 3 жақсы қасиетін атаңыз
Қорытынды: Берілген сұрақтарға ойланбастан бірден жауап беріп отырған ата-аналарды мадақтау. Ал, жауап беруге қиналып қалған ата-аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
(топпен жұмыс)
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-10 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Соңынан үлкен бәйтерек ағашы шығуы керек. Шыққан суретті өздері қорғап шығады.
«Ой өрбиту» әдісі
Ата-аналарға сүреттерден мақал мәтел құрастыру керек.
«Ананомдік хат» әдісі.
Ата-аналарға таза парақ беріледі, оған ата-ана сынып жетекшіге айта алмай жүрген талап-тілектерін хат арқылы жеткізеді. Балаларыныңда айтқысы келетін дүниелері болса, емін-еркін жаза алады.
Қорытындылау. «Тілек шамы»
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады.
Бүгінгі тренингтен сіздерге рухани құндылық тілей отырып, сөзімді Сүлеймен пайғамбардың нақыл сөздерінің мағынасын түсіне оқып, ой түйіңіздер дегім келеді
«Бала – қазына, тағы үлкен қазынасы – оның тәрбиесі».
Ақылды бала — әкесінің сүйініші,
Ақылсыз бала — шешесінің күйініші.
Данышпан білімін сақтап қояр,
Ақымақ аузымен пәле шақырар.
Қастығын жасырғанның тілі жалған,
Өсек-аяң таратқан — ақымақ жан.
№ 23 жалпы білім беретін мектеп
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі»
Өткізген : 7 «А» с/ж: Рахмедова Ж.К
7 «В» с/ж: Спаева М.Д.
2024-2025 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

шағым қалдыра аласыз