Материалдар / БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық педагогикасының бала тәрбиесіне әсері. Бала тәрбиесінде қолданылатын халық педагогикасының элементтері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
405
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Сайлаубекова Диана

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы универистеті» КеАҚ



Халық педагогикасы - халықтың сан ғасырлық рухани байлығы. Ол халықтық тәрбиенің эмпирикалық білім, білігі мен сана-сезімінің жиынтығы. Онда халықтың бала тәрбиесіндегі сан ғасыр бойы жинақталған озық ой-пікірінің, тәлім-тәрбиесінің тұтас көрінісі қорытылып көпшілік қауымға ұсынылған. [1].

Дана халқымыз иманды, еңбекқор, білімді ұрпақ өсіру үшін ауыз әдебиетінің алуан түрлі асылдарын жасады, салт-дәстүрін қалыптастырды. Ақыл мен дарыннан туған ауыз әдебиеті мен ұлттық тәжірибелерден қалыптасқан салт-дәстүрлерді халық педагогикасы дейміз. Ұлы Аристотель «тәлім-тәрбиенің негізі – халық тәжірибесінде» деп көрсеткен еді. [2]

Қай заманда болмасын, ұрпақ тәрбиесі маңызды мәселе. Халық педагогикасың құрымды бөліктеріне қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есеп, т.б ерте заманнан бастап баланың ой-өрісін, зеректігін дамыту үшін тәрбие құралы ретінде қолданылып келеді.

Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлық тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт- сана мен әдет-ғұрып дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді. Осы арқылы сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптары айқындалды. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, сөз асылын қадірлеу, ата салтын бұзбау т.б. Әсіресе ақын, жырау, термешілердің өлең, жыр, дастан, терме, толғауларының мазұнына ой жүгіртсек, ақыл, өсиет, өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз. Олар сол арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін сездіріп, келер ұрпақты неден аулақ, неге ынтық болуға баулып өсіруді мақсат етті. [1]

Рухани байлықтың негізі тұлғаның халық педагогикасы туындыларын, халық білімі мен ілімін, салт-дәстүрлерін меңгерту барысында, оның ұлттық реңкін, нақышын сезіну барысында қалыптасады. Нәтижесінде бұның бәрі тұлғаның ұлттық санасының, ұлттық патриоттық, интернационалдық сезімінің дұрыс жетілуіне септігін тигізеді.

Халық педагогикасы осы мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай міндеттердің шешімін іздестіреді:

  • Баланы еңбекке ерте жастан баулу;

  • Ақыл-ойын дамыту;

  • Танымдық қабілетін жетілдіру;

  • Ұлттық санасын, моральдық ерік-жігерін қалыптастыру;

  • Денсаулығын сақтауға дағдыландыру;

  • Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

  • Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

  • Ата-баба дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, әдебиеті мен мәдениетін меңгерту;

  • Көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту;

  • Шыққан тегін, руын, жеті атасын үйрету және т.б [3]

Қорыта келе айтарым, ұлттық тәлім-тәрбие этнопедагогика негізінде беріліп, жүзеге асады. Ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті, иманжүзді, елін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды болып өседі. Сондықтан да этнопедагогика – болашақтың педагогикасы, болашақ ізгілікті қоғамның педагогикасы деп ойлаймын.





Әдебиеттер:

  1. Этнопедагогика: Оқулық/ В.С Кукушин, С.Қалиев. – Алматы. РПБК «Дәуір» 2014.

  2. Педагогика: Дәрістер жинағы/ Усманов Ә.Ә, Сәрсенбаева М.Б., Алматы «Эверо» 2014

  3. Этнопедагогика: Оқу құралы/ Ұзақбаева С.А – Алматы: Қарасай, 2019

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!