жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Бала тәрбиесіндегі қателіктер"
Бала тәрбиесіндегі қателіктер
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, асқақ адамгершілік қадір-қасиетін, танымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен қажеттілік. Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық құрылымының негізгі құндылығы болып саналатын оқушыны жеке тұлға ретінде қарау және оның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін дамыту – жалпы білім беретін оқу орындарының басты мақсаты. Оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу қаншалықты қиын болса, ол соншалықты маңызды да. Рухани-адамгершілік тәрбие оқушының тәртібін және рухани дағдысын қалыптастырады. Яғни ол адамның ішкі жан дүниесінің ерекшелігін көрсететін адамгершілік деңгейін анықтайтын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, дамуын, қоғамдық мәнін айқындайтын жеке тұлғаның ең маңызды ішкі жан дүниесінің элементі.
Бүгінгі таңдағы сұраныс қоғамды ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмыстарын рухани-адамгершілік негізінде ұйымдастырып, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қажеттігін айқындап отыр. «Тәрбие деген не?» деген сұраққа М.Жұмабаевтың анықтамасымен жауап берсек, ол – «қандай да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету» деген сөз.
Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі және халық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие дұрыс берілсе, оның тәрбиесі толық болғаны. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі болса, ұлы Абайдың айтуынша: «Адамгершілік – махаббат пен әділдік, олар барлық нәрседе болады және бәрін шешеді», яғни рухани тәрбие адамдарды адамгершілікке, білімге, еңбек пен имандылыққа, бір сөзбен айтқанда жан дүниесінің сұлулығына тәрбиелеу деген сөз. Шындығында, адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан отбасы және ана мен баланы қолдау, өскелең ұрпаққа патриоттық, рухани және адамгершілік тәрбие беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.
Дегенмен қалыптасқан жағдайдың талдауы көрсеткендей, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасау көбейіп, балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында өзіне-өзі қол салу, ішімдікпен және басқа жағымсыз қылықтармен әуестенушілер артуда. Рухани тоқырау, себепсіз қатыгездік, өмірге деген тек тұтынушылық көзқарас байқалуда.
Тәрбие мәселесін ұстаздар қауымының мойнына арта салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы отбасы мен қоғамдық ортаның тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, бала тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе жасауына тікелей байланысты. Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жағдайда отбасылық тәрбиенің балаға тигізер ықпалы өте зор.
Бұл проблемаларды нәтижелі шешудің кепілі – ең алдымен мектеп пен отбасының тығыз байланысы, өзара ықпалдастығы. Алайда қазіргі қоғамда осы екі әлеуметтік институттың өзара ықпалдастықта біріге іс-әрекет жасауы жеткіліксіз болып отыр. Отбасы мен түрлі үлгідегі оқу-тәрбие ұйымдарының арасын жақындастыру үшін қоғамда қандай да бір күш жұмылдыру керек.
Тәрбие жұмысының бір бағыты – ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасау болғандықтан, қоғамдық ата-аналар кеңесінің ролі зор. Ата-аналардың, мектептің алдында тұрған үлкен бір міндет жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал тәрбиенің отбасынан бастау алатыны белгілі десек те, мектеп пен ата-ананың өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі ерекше маңызды. Өйткені қазіргі ақпараттың талғамсыз көптігі балаға ерекше әсер етіп, тәрбие ісінде мұқият болуды қажет етеді. Міне осы қажеттілікке байланысты мектептің оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне сүйене отырып, мектептерде ата-аналар кеңесінің жұмыс жүйесін күшейту қажет.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыты – ата-ананы рухани азықпен қамтамасыз ету.
Оқушылар мен ата-аналардың рухани-адамгершілік тәрбиесі, отбасын нығайту, оның бала тәрбиесіндегі ролі мен жауапкершілігін арттыру бойынша педагогикалық ұжымдардың жұмысын жалпы адами құндылықтар және халықтық дәстүрлер негізінде құру мақсатында ата-аналармен бірлескен семинар-кеңестер, педагогикалық оқулар, конференциялар, форум және т.б. іс-шаралар көбірек ұйымдастыру қажет.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, сонда ер жетеді. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де өзі отбасын құрып бөлек шықпайынша, туған ата-анасының қол астында, қамқорлығында болмақ.
Мектептің, мұғалімдердің, ата-аналардың арасында тәрбиеленетін бала тек саналы қоғам мүшесі, денсаулығы мықты азамат қана болып қоймай, шығармашыл, жаңаша ойлай білетін, өмірдің жақсы жақтарына бетбұрыс жасай отырып, өз үлесін қосатын азамат болуы тиіс. Осы тұрғыда отбасы тәрбиесі баланың рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне зор ықпал етеді.
Демек, отбасы – негізгі қамқорлық мектебі.
Бүгінгі күні балаға адамгершілік-рухани тәрбие беруде отбасының ролі төмендеп кеткен. Осыған орай, соңғы жылдары балалардың мінезінде қатыгездік, бойкүйездік, рухани құндылықтарға деген немқұрайлылық, енжарлық орын алуда.
Сондықтан, бүкіл әлем адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа білім беру бағдарламаларын іздестіруде.
Алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны бәрімізге белгілі. Онда туған үйдің жылуын сезбеген, көрмеген бала қатыгез болмағанда қайтеді.
Көптеген ата- аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілігін қазіргі әлеуметтік – экономикалық, нарықтық жағдайларға байланыстырып, өз балаларының адамгершілік мінез- құлықтары үшін жауапкершілікті мектепке ғана жүктегенді қалайды.
Осыған орай А.С Макаренконың ата- аналарға қатысты айтылған нұсқа сөздерін келтіру орынды: «Балалармен сөйлесу кезінде, оларды бір нәрсеге үйрету немесе оған бір нәрсені бұйыру кезінде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар. Сіздер балаларыңызды өз өмірлеріңіздің әрбір сәтінде, тіпті үйде болмасаңыздар да тәрбиелеп тұрасыздар.
Сіздер қалай киінесіздер, басқа адамдармен қалай сөйлесесіздер, басқа адамдар туралы не айтасыздар, қалайша қуанасыздар, қалайша қайғырасыздар, достарыңыз бен дұшпандарыңызбен қалай араласыздар, қалай күлесіздер, қалай газет оқисыздар- осының барлығы балаға үлкен әсер береді».
Кейбір ата- аналар бала тәрбиесіне уақыт жеткіліксіз деп жұмыстың қиындап кетулерінен шаршағандарын себеп етіп тұрса да, адамзат тарихында олардан өз балаларының тәрбиесіне аса көп көңіл бөле алған белгілі қайраткерлер мысалдары қаншама.
Отбасындағы үлкендердің өз іс- әрекеттеріндегі бірізділік, моральдық тұрақтылық, адамгершілік нормалары мен талаптарына сай болулары- баланың мінез – құлқының дұрыс бағытта болуының және оны жағымсыз әсерлерден сақтаудың ең нақты кепілі.
Отбасында қарым- қатынастар шын ниетпен, кең пейілмен құрылған болса, онда балалар басқа адамдармен араласу барысында осындай жақсы қасиеттерді сақтауға тырысады.
Отбасында өзара көмек көрсету, кішілерге үлгі -өнеге болу, бір- бірін қолдау, үлкендерге сый құрмет көрсету, бірлесе істеген еңбек нәтижесінде ортақ жетістіктер қуанышына бөлену, бірлесе өткізген демалыс уақыттары- барлығы балалар үшін ерекше із қалдырады.
Ата- аналар балаларды белсенділікке ынталандырулары, оларды тек бағынышты субьектіге айналдырмай, оның тұлғалық қасиеттерін ескеріп, еркін дамуына, ішкі қабілеттерін ашуға жағдай жасаулары қажет. Педагогикада ата- аналардан балаға тек бала деп қарамай, оны өздерімен тең құқылы қарым- қатынасқа қатысушы деп бағалап, оның идеаларымен, көзқарастарымен, қызығушылықтарымен санасулары талап етіледі.
Ата – ананың махаббаты есейе бастаған балаға аса қажет екендігі көп зерттеулерде дәлелденген.
Себебі, ол бала өзін - өзі сыйлап үйрену үшін, адамдармен жақсы қарым – қатынасқа түсе білуі қажет. Ата – ана сүйіспеншілігіне бөленбеген бала безбүйрек, жүйке жүйесі тозған, қатыгез болып келеді. Қарым – қатынас стилі тәрбиенің құралдары арқылы да жүзеге асады.
Қазақта мақал бар: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің...», «Әке көрген- оқ жонар, шеше көрген – тон пішер ». Қарым – қатынас стилі тәрбиенің барлық амалдарынан көрінеді – мақтауда, жазалауда, қатаңдықта. Мақтау мен көп назар аудару жан –жақты жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалын тигізетін болса, тек қана жазалау мен қатаңдық тәрбиеге кесірін тигізуі мүмкін. Соған мұқият қарау керек.
Үлкендер мен балалар арасындағы қарым-қатынас тек қана жай араласу емес, ол қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу деп аталады. Өйткені, балалар үлкендермен қарым-қатынас кезеңінде өздерінің болашақ қарым-қатынастарының модельдерін жасаумен, құрумен болады және өздерінің жеке тұлғаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен отбасында қарым- қатынас мәдениеті дағдыларын қалыптастыру кезінде ата- аналар осы айтылған мәселелерді еске ала отырып тәрбиелесе, сонда әрбір отбасында білімді, қабілетті, ерік жігері мықты, өз Отанына қызмет ете алатын, тәрбиелі азаматтар көп болар еді.
Рухани адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушының бойына дарыту үшін ең алдымен, олардың саналылығын көтеру; екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеу және дамыту; үшіншіден, баланың бойына жағымды мінез-құлықтың дағдылары мен қылықтарын үнемі сіңдіріп отыру қажеттілігі талап етіледі.
Бала бойындағы шынайы рухани-адамгершілік тәрбиесі оны қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жұртшылық қауыммен қарым-қатынаста, жолдастар арасында, көшеде, еңбекте көрініп, нәтиже береді. Рухани адамгершілік тәрбие – баланың шынайы тәрбиесінің нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, өз еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын түрткі деуге болады.
Рухани-адамгершілік
тәрбиесі құнсызданса, қоғамның дағдарыста
болғаны. Алайда, ол тәрбиенің негізгі
субъектісі отбасы болып қала бермек.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген