Бала тәрбиесіндегі тәрбиешілер мен ата-ананың ролі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала тәрбиесіндегі тәрбиешілер мен ата-ананың ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шалқар аудандық білім бөлімі» ММ


«Нұрсәт» бөбекжай-бақшасы









Бала тәрбиесіндегі тәрбиешілер мен ата-ананың ролі» тренинг











Тәрбиеші: Азаматова І.Қ







2019 жыл



Бала тәрбиесіндегі тәрбиешілер мен ата-ананың ролі» тренинг


Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінің әдіс – тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым – қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата – аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен тәрбиешілердің жауапкершілігін арттыру.

Қоғамдағы қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен тәрбиешілердің арасында үйлесімді жұмысты жандандыру.

Қатысушылар: Ата-аналар, тәрбиешілер

Керекті құралдар: доп, А4 парақ, қалам таңба, ұран жазылған парақтар.

Тренинг барысы :

1.Танысу шаттық шеңберін құру.

2.Досымның қолы жаттығуы.

3.Ой қозғау.

4.Кездейсоқ жағдайдан шығу.

5.Ұранымыз

6.Рефлекция

7.Қорытынды.


Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, әріптестер! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі педагог пен ата-ана байланысы» атты тренинг – сабағымызға қош келдіңіздер!

Тренинг –бұл арнайы таңдалған жаттығулар жүйесі, жеке тұлғаның әр түрлі психикалық қасиеттерін қалыптастыру, балалармен жұмыстарды әртүрлі әдістерін меңгеру. Тренингтің құндылығы сол , әрбір педагог басқалардың іс-әрекетін сырттан қадағалап, іс-әрекетті бағалай алады. Тренингті көбінесе педагогикалық кеңестерде, жеке тәрбиешілерге кеңес бергенде қолданған тиімді.

І.Танысу, шаттық шеңберін құру.

Ата-аналар мен тәрбиешілер ортаға шығып бүгінгі күнге орай бір-біріне тілектер арнайды. Өмірлік ұстанымын да айтады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
1.Өрмек жаттығуы

Бұл жаттығу топ мүшелерінің ұйымшылдығын қалыптастыруға арналған. Жаттығуды орындау үшін шиыршық жіп қажет болады.Еденде отырып орындаған ыңғайлы. Қатысушыларға шеңбер құра отыру қажет. Ойын бастаушы шиыршық жіпті алып, өзі туралы ақпарат айта отырып, жіптің бір ұшын қолына қыстырып қалуы тиіс. Шиыршықты келесі қатысушыға береді. Нәтижесінде тренингке қатысушы барлық мүшелер «өрмектің торында» қалады. Ата-ана, ұстаз, өздерін толық таныстырып шығады.

2.Досымның қолы жаттығуы.

Қатысушылар шеңберге арқаларымен отырады. Көздерін жабулары қажет. Жүргізуші ақырын барып өзі қалаған бір қатысушының иығына қолын қояды. Қалған қатысушылар оның кім екенін табуы тиіс.Оны тапқанша шыдамдылық таныту кім болса соның қолынан келе бермейді.

ІІ.Ой қозғау сұрақтары

1.Ата-аналарға сұрақ

1.Балаңыздың балабақшада тәрбие, білім алуына көп көңіл бөлесіз бе?

2.Баланың білім алуына тәрбиелі болуына жағдай жасадым деп ойлайсыз ба?

3.Бала бақшадан келгенде көңіл күйіне мән бересіз бе?

4.Тәрбиешілердің жұмысына көңіліңіз тола ма?

2.Тәрбиешілерге сұрақ

1. Баланы қабілетті, қабілетсіз деп бөлесіз бе?

2.Баламен қарым-қатынаста ата-ананың қызметі сізді қызықтырама?

3.Баланың білім алуы мен тәрбиесіне жауаптымын деп ойлайсыз ба?

4.Күнбе күнгі өткізілетін жұмыстарыңызда баланың көңіл күйіне мән бересіз бе?

ІІІ. Кездейсоқ жағдаяттардан шығу.

1.Ата-анаға

1.Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?

2.Сіз балаңызды нанға жұмсадыңыз. Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

3.Бақшадан келген қызы мамасына: «Мама сізге бір қызық нәрсе айтайынба? Бүгін бақшада… деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы»- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

4.Бақшадан келген балаңыз: «Мен ертең бақшаға бармаймын, апайым маған ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

ІІ.Тәрбиешілерге

1.Сіз топты тыныштандырып, тапсырмаларды бастап кеттіңіз. Бір уақытта бала ештеңе айтпастан, орнынан тұрып ойыншықтармен ойнай бастады, сіздің әрекетіңіз?

2.Сіз ата-аналармен, балалармен ашық сабақ өткізіп жатырсыз. Кенет есікті жұлқи ашып бала, ата-анасымен сабаққа 15 минут кешігіп кірді. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?

Осы сұрақтар арқылы ата-аналар мен тәрбиешілердің жауаптары талқыланады.

Ата-аналар мен тәрбиешілер ортаға шеңбер болып тұрып, бір-біріне доп беру арқылы балаларды еркелету сөздерін айтады. Ата-аналар ақ қағазға қолдарының таңбаларын салады.

ІV.Ұранымыз

Бүгінгі тренинг сабағымызды аяқтамас бұрын ұран жазылған парақ ұсынамын .Бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады дегім келеді.

«Адам» деген қасиетті атты жоғары ұста.

Сіздің қолыңыздан бәрі келеді

Әсемпаз болма әрнеге

Азамат, білім ал жүрме бос

Адам бол, еңбек ет, білім ал

Талап қыл, артық білуге

V.Рефлекция

1.Бүгінгі трениг сабақтан өздеріңізге қандай жаңа нәрсе алдыңыздар? Сіздерге не ұнады?, Не ұнамады?

2.Қалай ойлайсыздар ұран нашар көңіл күйді түзеп, өз күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?

VІ. Қорытынды кезең.

Қадірлі, ата-аналар , тәрбиешілер! Дұрыс берілмеген тәрбие жеріңді құм қылып, жерге қаратары анық. Сондықтан балаға кішкентайынан түзу тәрбие берейік. Бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөлсек, еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Біздің елеміздің болашағы біліммен қаруланған-білімді ұрпақтың қолында.

Ата-аналар,әріптестер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рақмет!Отбасыларыңызға бақыттың нұры жаусын!Сау болыңыздар!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2019
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі