Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Shape1 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ

АҚБОТА» БАЛАБАҚШАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ













Жоба

Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар
























Шортанды 2025ж


Құрастырған: " Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің

жанындағы «Ақбота»  балабақшасы"

МКҚК тәрбиешісі Хадайн Г

Педагог-модератор




























МАЗМҰНЫ:

1.Тәрбиеші туралы мәлімет ----------------------------------------------3

1. Кіріспе ----------------------------------------------------- -------------5

2. Жобаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері -----6

3. Теориялық негіздеме --------------------------------------------------7

4. Іс-әрекет мазмұны мен кезеңдері -----------------------------------9

5. Жылдық жоспар -----------------------------------------------------11

6.Ұлттық ойындар мен әдіс-тәсілдер ---------------------------------16

7.Ұсынылатын ойындар -------------------------- ----------------------15

8. Қорытынды ------------------------------------------------------------19

9. Қолданылған әдебиеттер ----------------------------------- ---------20

10.Қосымша --------------------------------------------------------------21-23




































I.Кіріспе

Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық тәрбие мен ұлт болмысының сақталуы – мемлекет үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Өйткені ұлттық құндылықтар – кез келген халықтың рухани тірегі, ата-бабалардан жеткен мәдени және адамгершілік мұрасының жиынтығы. Осы құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу – отбасы мен білім беру мекемелерінің, әсіресе мектепке дейінгі ұйымдардың басты міндеті.

Балабақша – баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуындағы алғашқы баспалдақ. Бұл кезеңде баланың бойында мінез-құлық, қарым-қатынас, тіл мәдениеті, салт-дәстүрге деген көзқарас қалыптасады. Сондықтан да бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану – тәрбиелік процестің маңызды бағыты болып табылады. Жас ұрпақтың бойына ұлттық дүниетаным, тілге, дінге, отанға деген құрмет, туған елдің тарихына, мәдениетіне қызығушылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру – болашақ ұлт азаматын тәрбиелеудің негізі.

Жобаның өзектілігі – жаһандану жағдайында ұлттық құндылықтардың көмескіленуіне жол бермей, оларды мектепке дейінгі жастағы балалардың бойына ерте бастан дарыту. Себебі балалық шақ – адамның тұлғалық қасиеттерінің іргетасы қаланатын кезең. Сондықтан осы жастағы балаларды тәрбиелеуде ұлттық болмысты насихаттау аса маңызды.

























II.Жобаның мақсаты:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың бойына қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сіңіру арқылы отансүйгіш, адамгершілігі мол, үлкенді құрметтейтін, тілі мен ділін қадірлейтін рухани-адамгершілік тұрғыдан жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.

Жобаның міндеттері:

1. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұлттық құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары, музыкасы мен өнері арқылы балалардың ұлттық сана-сезімін ояту.

3. Ұлттық тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, күнделікті тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

4. Ата-аналармен бірлескен іс-шаралар арқылы отбасында ұлттық тәрбиенің жалғасуын қамтамасыз ету.

5. Педагогтердің ұлттық тәрбие бойынша біліктілігін арттыру, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

6. Мектепке дейінгі ұйымдағы күнделікті білім беру процесіне ұлттық мазмұндағы элементтерді енгізу.

Күтілетін нәтиже:

- Балалардың ұлттық киім, тағам, ойын, музыкалық аспаптар, дәстүрлер туралы түсінігі артады.

















III.Теориялық негіздеме

Бала тәрбиесі – адамзат өркениетінің ең көне, әрі аса маңызды саласы. Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбие жүйесі ғасырлар бойы жинақталған рухани, адамгершілік, мәдени және тұрмыстық мұраларға негізделген. Қазақ халқының бала тәрбиесіне қатысты қалыптастырған бай тәжірибесі – ұлттың рухани қазынасы болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде баланы тәрбиелеу барысында осы ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие берудің маңызы зор.

Ұлттық құндылықтар дегеніміз – халықтың тарихи даму жолында қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған, елдің рухани болмысын, салт-дәстүрін, дүниетанымын, мінез-құлқын сипаттайтын құндылықтар жиынтығы. Оларға: тіл, дін, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, өнер, еңбекке көзқарас, ата-анаға құрмет, үлкенге ізет, туған жерге деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық т.б. жатады.

Педагогикалық ғылымда ұлттық тәрбие беру – баланың рухани және адамгершілік дамуына бағытталған, тұлғаны әлеуметтендіру мен ұлттық болмысын қалыптастырудың негізгі жолы ретінде қарастырылады. Бұл бағытта А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов сынды ағартушылардың идеялары мен педагогикалық көзқарастары ерекше орын алады. Олар бала тәрбиесінде халықтың тілі мен діліне, діні мен дәстүріне сүйене отырып тәрбие беруді ұсынған.

Заманауи педагогикада ұлттық тәрбие ұғымы М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов еңбектерінде де кеңінен қарастырылған. Олар тәрбие мен оқыту бір-бірімен тығыз байланысты, ал тәрбие ұлттық болуға тиіс деп атап көрсеткен.

Бүгінгі таңда жаңартылған білім мазмұнында, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарттарында да ұлттық құндылықтарға баса назар аударылып отыр. Баланың әлеуметтік-эмоционалдық, танымдық және сөйлеу дағдыларын дамытуда ұлттық материалдарды пайдалану – тәрбиенің тиімділігін арттырады. Бұл балалардың туған тіліне, мәдениетіне деген құрметін күшейтіп, рухани негізін қалыптастырады.

В. Сухомлинский: «Тәрбие – бұл ең алдымен жүрек тәрбиесі» – деп айтқанындай, ұлттық құндылықтар арқылы берілетін тәрбие – баланың жүрегіне жол табатын, оның рухани әлеуетін оятатын маңызды құрал. Балаға ата-бабасының мұрасын үйрету арқылы біз тек өткенмен таныстырып қоймаймыз, болашаққа сенімді, ұлттық санасы оянған, рухани бай тұлға тәрбиелейміз.

Мектепке дейінгі кезеңнің ерекшелігі – бұл баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы және ең шешуші кезеңі. Сондықтан баланың бойына ұлттық тәрбиені осы жастан бастап сіңіру – оның өмірлік бағытын анықтайтын негіз болады.

Жобаның теориялық негізіне отандық және шетелдік педагог-ғалымдардың еңбектері, мектепке дейінгі тәрбиеге арналған мемлекеттік стандарттар, ҚР «Білім туралы» Заңы, «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары арқау болды. Бұл құжаттарда ұлттық құндылықтарды сақтау, оларды жас ұрпаққа жеткізу, ұлттық сананы қалыптастыру міндеті айқын қойылған.

Қорытындылай келе, ұлттық құндылықтар – баланың рухани және адамгершілік әлеуетін дамытудың, оның ұлттық болмысын сақтаудың басты жолы. Жобада қолданылатын теориялық негіздер – тәрбиелік жұмыстарды ғылыми және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға бағыт береді.






















IV. Іс-әрекет мазмұны мен кезеңдері

Жобаны іске асыру кезеңдері:

I кезең – Дайындық кезеңі

Мақсаты: Педагогтердің, ата-аналардың және балалардың ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттыру, материалдар мен ресурстарды дайындау.

Мазмұны:

- Педагогтермен семинар, тренинг ұйымдастыру (ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беру жолдары);

- Ата-аналарға сауалнама жүргізу (ұлттық тәрбие туралы көзқарасын анықтау);

- Ұлттық тақырыптағы бұрыштар, көрнекіліктер, кітапшалар, фотогалерея дайындау;

- Жобаның мақсат-міндеттерімен таныстыру, жоспар бекіту.

II кезең – Негізгі кезең

Мақсаты: Балалардың бойында ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, тікелей іс-әрекеттер арқылы дамыту.

Мазмұны:

- Танымдық оқу іс-әрекеттері:

* «Менің елім – Қазақстан», «Ұлттық тағамдар», «Салт-дәстүрлер әлемі», «Ұлттық ойындар» тақырыптары.

- Дидактикалық ойындар:

- «Қай ұлттық киімге жатады?», «Сөзден сөз құра», «Ұлттық аспапты тап» т.б.

- Ұлттық ойындар ұйымдастыру:

- «Асық ату», «Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Ханталапай» т.б.

- Шығармашылық жұмыстар:

- Ою-өрнек жапсыру, қазақ үй үлгісін жасау, ұлттық киім суретін салу.

- Музыкалық іс-әрекет:

- «Наурыз» мерекесін өткізу, домбыра үнімен би билеу, ұлттық әндер үйрену.

- Сахналық қойылымдар:

- Ертегілерден көріністер (мысалы: «Алдар көсе», «Тазша бала»).

- Ата-аналармен бірлескен жұмыстар:

- «Ұлттық тағамдар күні», «Атадан қалған мұра» көрмесі, «Отбасылық шежіре» жобасы.



III кезең – Қорытынды кезең

Мақсаты: Жобаның нәтижесін саралау, рефлексия жүргізу, жинақталған тәжірибені бекіту.

Мазмұны:

- Балалардың ұлттық құндылықтар туралы білімін бағалау (викториналар, әңгімелесу);

- Қорытынды көрме, мерекелік шара ұйымдастыру;

- Педагогтер мен ата-аналарға арналған қорытынды жиналыс;

- Фотоальбом, бейнероликтер арқылы жобаның жүзеге асуын таныстыру.































V.1.Жылдық тақырыптық жоспар (4+ жас)

Ай

Тақырып

Мақсаты

Іс-әрекет түрі

Қыркүйек |

Танысу

«Менің отбасым – менің байлығым»

Отбасы туралы түсінігін кеңейту Әңгімелеу, сурет салу, фотосуреттер қарау


Қазан

«Ұлттық тағамдармен танысамыз»

Қазақтың ұлттық тағамдары туралы ұғым қалыптастыру

Дегустация, сурет салу, тағам түрлерін атау

Қараша

«Ұлттық киімдер – мәдениетіміздің айнасы»

Киімдердің түрлерін тану, айырмашылығын түсіну

Қуыршаққа киім кигізу, аппликация

Желтоқсан

«Қазақтың ұлттық ойындары»

Ойын арқылы ептілікке баулу, салт-дәстүрді таныту

«Асық ату», «Тақия тастамақ», «Ханталапай

Қаңтар

«Ертегілер елінде»

Ұлттық ертегілер арқылы тәрбиелеу

«Алдар көсе» сахналандыру, сурет салу

Ақпан

«Ұлттық аспаптар – халық мұрасы»

Музыкалық аспаптармен таныстыру

Дыбыстап үйрену, бейнеролик қарау

Наурыз

«Наурыз – ұлттық мейрам»

Ұлттық мерекенің мәнін түсіндіру

Шара ұйымдастыру, тағам дайындау

Сәуір

«Ұлтқа қызмет – ұрпаққа өнеге»

Қазақ батырлары, ұлы тұлғалармен таныстыру

Кітап қарау, портретпен жұмыс

Мамыр

«Мен – Қазақстанның патриотымын!»

Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру

Ән, тақпақ, сурет, викторина











2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары

Ай

Іс-шара атауы

Мазмұны

| Қыркүйек

«Отбасым – тірегім»

Фотокөрме

Қазан

Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі

Бірлесіп ас әзірлеу

Қараша

«Ана қолының шеберлігі»

Ою-өрнек жасау

Желтоқсан

«Ұлттық ойын – ұрпақ мұрасы»

Ата-аналармен сайыс

Ақпан

Ашық есік күні

Іс-әрекетке қатысу



3. Қосымша ойындар (ұлттық құндылықтар негізінде)

- «Салт-дәстүрді білесің бе?» — сұрақ-жауап ойыны

- «Ас атасы – нан» — ұн тағамдары туралы әңгіме

- «Тұлғаны таны» — ұлы адамдардың суреті арқылы тану

- «Суретпен сөйле» — ұлттық заттарды сипаттау

- «Бәйге» — жылдам жауап беру ойыны

























VI. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР:

1. Көрнекілік әдісі

- Ұлттық бұйымдар, аспаптар, тағам үлгілері, киім макеттері арқылы түсіндіру

- Мысалы: Домбыраны көрсетіп, дыбысын тыңдату

2. Ойын әдісі

- Тақырыпты ойын арқылы меңгерту

- Мысалы: «Салт-дәстүрді тап», «Ұлттық тағамды ата»

3. Сұрақ-жауап әдісі

- Баланың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

- Мысалы: «Біздің елде қандай киім киген?» деген сұрақтар

4. Әңгімелеу әдісі

- Мысалы: «Тазша бала», «Алдар көсе», «Ер Төстік» сияқты кейіпкерлердің адалдығы, тапқырлығы жайлы оқиғалар.

- Мақсаты: Кейіпкер арқылы бала бойына әділдік, достық, сыйластық құндылықтарын сіңіру.







«Алдар көсенің тапқырлығы» ертегісі

5. Қимылды ойындар

- Мысалы: «Жүгір-жүгір, жеті қаз», «Ақ серек-көк серек»

- Мақсаты: Дене жаттығуын ұлттық бояумен байланыстыра өткізу.

6. Интерактивті әдіс

- Мнемо-кестелер, интерактивті суреттер арқылы ұлттық символдарды меңгерту.

7. Сұрақ-жауап әдісі

- Сұрақтар үлгісі:

Қандай ұлттық тағамдарды білесің?

Киіз үй қай халыққа тән?

Біздің ою-өрнегіміз қандай?

Ұлттық құндылықтарға баулитын қосымша шаралар

- Шеберлік сағаттары:

«Бауырсақ пісіру», «Қамыр илеп ши тарту» сияқты ойын-тәжірибелік істер.

- Ұлттық күндер:

«Қазақтың ұлттық киім күні»

«Ата дәстүр – асыл мұра» апталығы- Қазақ халқының тарихы, ертегі, аңыз-әңгімелерін қарапайым тілде жеткізу

8. Практикалық әдіс

- Ою-өрнек жасау, қамыр илеп бауырсақ пісіру, домбыраның дыбысын тыңдау

































ҰСЫНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР:

1. «Асық ату»

- Мақсаты: Көзбен мөлшерлеу, дәлдікке, ептілікке үйрету

- Барысы: Балалар шеңберде тұрып, межеленген жерге асық атады. Кім асықты құлатса – ұпай алады.

2. «Тақия тастамақ»

- Мақсаты: Зейінділік пен шапшаңдықты дамыту

- Барысы: Балалар шеңберде отырады. Бір бала тақиямен айналып жүріп біреудің артына тастайды. Тақия түскен бала қуады.

3. «Арқан тарту»

- Мақсаты: Командалық бірлікті, күштілікті, ұйымшылдықты дамыту

- Барысы: Екі топ арқанды тартады. Қай топ арқанды өзіне тартып алса – жеңімпаз.

4. «Соқыр теке»

- Мақсаты: Сенсорлық қабілетті, есту, бағдарлау дағдыларын дамыту

- Барысы: Бір баланың көзі байланады. Ол басқаларды ұстап, кім екенін табуға тырысады.

5. «Бәйге»

- Мақсаты: Жылдам ойлау, сұраққа шапшаң жауап беру дағдысын қалыптастыру

- Барысы: Ұлттық салт-дәстүр, тағам, киім жайлы сұрақтарға жауап береді.

6. «Көкпар» (модификацияланған)

- Мақсаты: Топпен ойнау, батылдық, тапқырлық

- Барысы: Жүннен жасалған «қойды» екі команда тартысады.

7. «Тұлақ тарту»

Мақсаты: Командалық бірлікті, күштілікті, ұйымшылдықты дамыту

8. «Салт-дәстүрлерді құрметтейік»

Мақсаты:Балаларға дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

«Тұсау кесу» «Ұлттық тағам»

- Мақсаты: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы түсінік беру. - Барысы: Балаларға салтқа байланысты суреттер көрсетіледі (беташар, тұсаукесер, бесікке салу). Балалар атауын табады.

9. «Киіз үй құрастыр» (пазл/модельмен)

- Мақсаты: Құрастыру дағдысын дамыту, ұлттық құрылыс үлгісімен таныстыру.

- Құндылығы: Киіз үй – қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің белгісі. Этнографияны ерте жастан танытуға мүмкіндік береді.

10. «Күш сынасу» ойыны

Мақсаты: Бірлікті, күштілікті, ұйымшылдықты дамыту





















Қорытынды бөлім

Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды бала бойына ерте жастан сіңіру – тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі. «Бала – болашақтың тұтқасы» десек, сол болашақ иесінің жан-жақты дамуына, рухани-адамгершілік пен ұлттық дүниетанымының қалыптасуына ықпал ету – әрбір педагогтың міндеті.

Осы жоба арқылы 4-5 жастағы балалардың бойына ата-бабамыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, ұлттық ойындарын, ою-өрнек, киім, тағам сынды мәдени мұраларын тануға және құрметтеуге мүмкіндік беріледі. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиеленген бала өз халқының тарихына, мәдениетіне бейжай қарамайтын тұлға болып өседі. Сонымен қатар, бұл жоба балалардың танымдық, сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағыттал…

Қорытындылай келе, ұлттық құндылықтарға негізделген бұл жоба баланың жан-жақты дамуына, ұлттық болмысын сақтауға, өз мәдениетін мақтанышпен ұстануға тәрбиелейді. Мұндай жұмыстарды жүйелі жалғастырып, оқу-тәрбие процесіне енгізу – ұлт болашағының кепілі болмақ.



























ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. – Алматы: Рауан, 1992.

2. Алтаев Ж., Ғабитов Т., Мырзалы С., Сайлаубай Ә. Қазақ мәдениетінің философиялық мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.

3. Нұрғожина Ш. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (3–5 жас). – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022.

4. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Білім, 2003.

5. Хинаятова М. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы: Дарын, 2017.

6. «Балабақшадағы ойын арқылы тәрбие» әдістемелік құрал. – Алматы: «Өрлеу» БАҰО, 2021.

7. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, 2007 (өзгерістер мен толықтыруларымен).

8. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. – Алматы: Білім, 1994.

9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған Типтік оқу бағдарламалары. – Астана: ҚР БҒМ, 2020.

10. «Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған әдістемелік ұсыныстар». – Астана: Оқу-ағарту министрлігі, 2023.





















I.Қосымша бөлім

Қосымша материалдар мен ойындар балалардың ұлттық құндылықтарды меңгеруін тиімді әрі қызықты етеді. Олар арқылы бала тек қана ақпарат алып қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырады. Ата-аналармен тығыз жұмыс жасау, олардың белсенділігі бұл тәрбие жұмысының нәтижелілігін одан әрі күшейтеді.

1. Ұлттық тәрбиеге арналған қосымша материалдар:

- Көрнекіліктер:

- Қазақ ұлттық киімдерінің суреттері мен макеттері;

- Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарының фотосуреттері (домбыра, қобыз, сыбызғы);

- Қазақтың ұлттық ою-өрнектері салынған картиналар, плакаттар;

- Салт-дәстүрлер мен мерекелердің суреттері (Наурыз, Төле би, Құрбан айт және т.б.);

- Қазақ ертегілері мен батырлары туралы иллюстрацияланған кітаптар;

- Аудио-видео материалдар:

- Қазақтың халық әндері, жырлары мен күйлері;

- Ұлттық билер мен театрландырылған қойылымдар бейнесюжеттері;

- Қазақтың ертегілері мен қиссаларының мультфильмдері;

- Танымдық ресурстар:

- Қазақтың атақты батырлары мен ақындары туралы ақпараттық парақтар;

- Ұлттық киімнің ерекшеліктерін түсіндіретін буклеттер;

- Қазақ тіліндегі ұлттық мән-мағыналы сөздер мен нақыл сөздер жинағы.

2. Ұлттық ойындар мен әдістемелік ұсыныстар:

- Асық ойыны:

- Балаларға асықтың не екенін, оның тарихын қысқаша түсіндіру;

- Ойын ережесін қарапайым әрі қызықты түрде үйрету;

- Асық арқылы санау, түстерді тану, моторика дамыту;

- Ұлттық тағамдардың суреттері;

- Киіз үй, домбыра, қамшы, бесік суреттері.

Ойын материалдары:

- Ұлттық ойын бұрыштары (асық, домбыра, құмалақ, ләңгі);

- Сурет салу тапсырмалары (ұлттық киімдер, қазақ үйі, ту, елтаңба).

Тақпақтар мен мақал-мәтелдер:

- «Атамекен», «Отаным» тақырыбындағы өлеңдер;

- Ата-ана, достық, адалдық туралы мақал-мәтелдер.

Ұлттық музыкалар:

- Балаларға арналған домбыра әуендері;

- Қазақтың халық әндері мен билері (Қара жорға, Балбырауын).

3. Ортақ қолдануға болатын құралдар:

Стендтер мен бұрыштар:

- «Менің елім – Қазақстан», «Ұлттық тәрбие бұрышы»

- Балалардың суреттері мен қолданбалы жұмыстары.

Қазақ ертегілерінің иллюстрацияланған кітапшалары:

- «Алдар көсе», «Ер Төстік», «Тазша бала»

QR-кодпен онлайн ресурстар:

- Қазақ ертегілер мультфильмдері;

- Балаларға арналған ұлттық ойын видеолары;

- Ұлттық тақырыптағы викториналар мен тапсырмалар.

1. Педагогтерге арналған материалдар:

Ақпараттық парақшалар:

- Қазақ халқының салт-дәстүрлері (беташар, тұсаукесер, тұсау кесу, наурыз көже және т.б.).

- Ұлттық тәрбиенің педагогикалық негіздері.

- Балабақшада ұлттық құндылықтарды кіріктіру жолдары.

Дайын презентациялар:

- «Ұлттық киімдер мен олардың мағынасы»

- «Қазақтың ұлттық ойындары – баланың дамуына жол»

- «Ұлттық құндылықтарды меңгерту әдістері»

Әдістемелік нұсқаулықтар:

- Тәрбие сағаттарын ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастыру;

- Музыка, көркем еңбек, тіл дамыту сабақтарына ұлттық элементтерді енгізу.

2. Ата-аналарға арналған ресурстар:

Үгіт-насихат материалдары:

- «Баламен бірге ұлттық дәстүрлерді жаңғыртайық» (буклет, парақша).

- Қазақ батырлары мен дана тұлғалары туралы қысқа танымдық ақпарат.

Сауалнама формалары:

- «Ұлттық тәрбие туралы пікіріңіз қандай?»

- «Үйде қандай ұлттық дәстүрлерді сақтайсыз?»

Ата-аналар жиналысына арналған бейнероликтер:

- «Қазақы болмыс – ұрпақ тәрбиесінің іргетасы»

- «Отбасындағы ұлттық тәрбие – балабақшамен бірлікте»

3. Балаларға арналған ресурстар:

Көрнекіліктер:

- Ою-өрнек үлгілері;





0


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2025
45
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі