Тақырыбы:
«Бала тәрбиесіне байыппен қарайық
1.
Амандасу. Күліп тұрған адамның
суреті.(суретке қарап , бір- бірімізге
қарап күлімдейік.)
Алақан суреті.(суретке
қарап қолдарымызды қысамыз)
Жүрек
суреті (құшақтасамыз)
Бала тәрбиесі
ана сүтінен басталып, өмір бойы
қалыптасатын құбылыс. Тәрбиенің алғашқы
негізі отбасынан қаланады. Тұлғаның
қалыптасуы ең алдымен отбасындағы
тәлім – тәрбие, өнегеге байланысты.
Отбасындағы ересектердің мінез –
құлқына , әдебіне, әс – әрекетіне қарап,
тәрбие көрген баланың қандай екенін
тану қиын емес. Отбасы - қоғамдық
жүйенің бір бөлігі. Отбасындағы жақсы
қарым- қатынас баланы жалпы азаматтық
құндылықтарды түсінуге жетелейді,
өмірдің қыр – сырын танытады,
жауапкершілікке , адалдыққа , ойшылдылыққа,
әдептілікке баулиды.
2.
«Қызықты сұрақтар» ойыны
1. Балаңыздың
туған күні қашан?
2. Балаңыздың сынып
жетекшісі кім?
3.Балаңыздың аяқ киім
өлшемі?
4. Парталас көршісі кім?
3.
Ойыңды айтуды ұмытпа
1. Қарым – қатынас
дегеніміз не?
Қарым – қатынас ол
адамдардың бір – бірімен білім, еңбек
, жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі,
қарым – қатынас арқылы адамның жақсы
жақтарын көре алады.
2. Сіз балаңызбен
үнемі қарым – қатынаста боласыз
ба?
3.Бала үшін қарым – қатынас қажет
пе?
4.
«Эмоция» ойын (шармен)
Екі топқа шар
беріп, үрлеуін сұраймын. Бірінші топ
шарды үрлеп, аузын байлап жарады. Екінші
топ шарды үрлеп, желін жаймен шығарады.
Қай шардың жарылуы ұнады
Талдау.
Біздің эмоцияларымызда осы шар сияқты
ашу ызаңды толық шығары жіберсең,
балаларыңызбен қарым – қатынасыңызға
зияны тиеді. Балаларыңызбен қарым –
қатынаста сабырлық қажет.
Қорытынды:
Данышпан Абай былай дейді: «Балаға
көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады:
біріншісі – ата – анадан, екіншісі –
ұстаздан, үшіншісі - құрбысынан»
Сондықтан қаншалықты шаршап -–шалдығып
жүрсе де ата – ана бала тәрбиесін
ұмытпауы тиіс