400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бала тәрбиесіне байыппен қарайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жүргізілген іс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әйтеке би ауданы Еңбекту орта мектебі Калмурзина Балгүл Тұғырқызы психолог



Тақырыбы: Бала тәрбиесіне байыппен қарайық

Мақсаты: Ата-ананың өзекті рөлі, бала тәрбиесінің маңызын ұғындару , тәрбие әдістерін үйрету ,бала тәрбиесіндегі кемшіліктердің өкінішке әкелетіні ұғындыру .

Қатысушылар: ата-аналар.

Қажетті материалдар:

  1. Музыкалық орталық , жайлы әуен

  2. А4 формат парағы,

Ата аналарды жеміс жидектерді тарату арқылы 3 топқа бөлеміз.

Психолог: Қазіргі өткізетініміз « Мамандығым ата-ана» жаттығуы . Әр адам белгілі мамандық иесі сол мамандықтың биігіне шығады . Оны шеберлікпен меңгереді. Сіздердің ең басты мамандығыңыз ата-ана болу. Бұл мамандықтың қызметі не? Ата –аналар пікірлерін ақ бетке жазады.

Ой шақыру : Бала тәрбиелеу әдістері. Ата-аналар пікірі.

Балатәрбиелеу әдістері: бесік жыры , ертегі айту , сурет бойынша әңгіме құрастыру ,сурет салу рөлдік ойындар ,кітап оқу , әңгімелесу , пікірлесу , кино көру , талқылау,мадақтау ,сенім арту т.б

Баланы іспен емес , сөзбен, үлгімен емес,

ақылмен үйретпекші адам сорлы ғой.

Ж.Аймауытов

Ең бастысы үлгімен тәрбиелеу.

Бала тәрбиелеудегі қандай әдістерді жие пайдаланасыздар . Ата-аналар пікірі.

Бала тәрбиелеудегі ата-аналардың жіберетін қателіктері . Ата –аналар пікірі.

  1. Бақылаусыздық

  2. Назардан тыс қалу

  3. баланың бос уақытының көп болуы

  4. Отбасының толық болмауы.

  5. Жас кезіндегі педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы.

  6. Оларды тәрбиелеудегі асығыстық .

  7. Балаға балдырған кезінде қатал болып , есейгенде айтқанын орындата алмау.

  8. Балаға жасынан толық еркіндік беру.

  9. Ата-аналардың отбасындағы келіспеушілігі.

  10. Өз жауапкершлігін сезінбеу.

  11. Сенім білдірмеу.

  12. Ұлттық тәрбиенің болмауы.

  13. Бала қабілетімен санаспау.

  14. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыстың әлсіздігі.

  15. Құру уағз айту .

«Өмірді өту мәні » жаттығу

Ақ беттің үстіңгі бөлігіне сіздің өміріңіз үшін маңызды 3 нәрсені жазыңыз.

Ақ бетті қайырыңыз 6 ай өмірім қалды деп есептеңіз, не істер едіңіз, не өзгертер едіңіз.

Ақ бетті қайырыңыз 1 ай өмірім қалды деп есептеңіз, не істер едіңіз , не өзгертер едіңіз.

Сіздер үшін маңызды 3 нәрсенің бәреуі «бала» болғандығы анық. Не өзгертер едің деген сұраққа балаға деген қарым –қатынасымды , мейрімділікті арттырып , тәрбиелеу әдістерін өзгертер едім деп жазсаңыздар . Сіздер өз мамандықтарыңызды жақсы игерген ата-анасыздар.

Қорытындылау «Пілдің аяғы » жаттығуы. 4ата-ана пілдің аяғын бейнелейді. Бір ата-ана пілдің аяқтарын қозғалтып көреді. Әрине пілдің аяқтарын қозғалту қиын.

Қорытынды: Бала тәрбиесіндегі әрбір жіберіп алынған қателік пілдің әр аяғын сияқты оны түзету қиынға соғады. Сондықтанда бала тәрбиесіне мұқият қарайық. бала біздің болашағымыз. Ұрпағымыздың жалғасы . Еліміздің ертеңі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
958
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі