Материалдар / Бала тілі- бал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала тілі- бал

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
586
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«Н.Г. Чернышевский атындағы №1

жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмағұлова Бибінұр Бекенқызы


Тіл мерекесіне орай 2-ші сыныптар аралығында өткізілген сайыс

Сайыстың тақырыбы: «Бала тілі -бал»

Сайыстың мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың қазақ тілі сабағында алған білімдерін жинақтау,одан әрі толықтыра түсу.

Дамытушылық: Оқушылардың тілін,ойлау қабілетін дамыту,дүниетанымын кеңейту.Жылдам жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды мемлекеттік қадірлей білуге тәрбиелеу. «Қазақ тілі» сабағына ынтасын арттыру.

Көрнекілік: «Қазақ тілі» тақырыбындағы плакаттар,қызықты суреттер,шарлар,түрлі-түсті ұпай көрсеткіштер,топ атаулары жазылған беттер.

Сайыстың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды үш топқа бөліп,топ бастаушысын анықтау.Әр топқа атау беру.

Жүргізушілердің сөздері:Динара :-Балалар! Барлықтарың білесіңдер,қазір бізде Қазақстан халықтарының тілдері апталығы өтіп жатыр.Қане айтайықшы,біздің республикамызда қандай халықтар тұрады? ( Оқушылардан жауап алынады) –Өте жақсы.Міне осы халықтардың әрқайсысның өз ана тілдері бар.Дегенменде,Қазақстан Республикасында тұратындықтан әр халық қазақ тілін білуі тиіс.Өйткені,қазақ тілі-біздің мемлекттік тіл болып табылады.Сонымен осы апталыққа байланысты біз бүгін сендермен бірге «Бала тілі-бал» атты сайыс өткізгелі отырмыз. Әсел: -Сайысымызға қатысушы бірінші тобымыздың атауы –«Балмұздақтар», топ бастаушысы- Екінші тобымыз – «Жұлдыздар», топ бастаушысы- Үшінші тобымыз-«Қызғалдақтар» топ бастаушысы- I-турымызды бастайық.Мен қазір сұрақтар оқимын.Қай топ бірінші жауап береді,сол топқа 1 ұпай беріледі. Сұрақтар: 1.Біз қай мектепте оқимыз? 2.Біз қай қалада тұрамыз?




3.Біз қай мемлекетте тұрамыз? 4.Бүгін ауа райы қандай? 5.Аспанда күн бар ма? 6.Бір аптада неше күн бар? 7.Бүгін қай күн? (Біріншітурдың қорытындысы жасалады)

II-тур

Динара: Балалар мен қазір әр топқа суреттер беремін.Қай топ қанша сөз терсе,сонша ұпай алады. (Суреттер таратылады)(Екінші турдың қорытындысы жасалады) Әсел: Қазір Диас бізге ана тілі туралы тақпақ оқып беремін дейді.

( Тақпақ оқылады)

Оқи келе шынымен, Сөз құрасам әріптен Сүйікті ана тілімен Жазылыпты әліппем.

III-тур -Қазір мен сөздер оқимын.Сендер аудармасын табуларың керек. Сөздер: доска,чистый,подними,школа,окно,учитель,мел,книга,тетрадь,цветок,игрушка,урок (Үшінші турдың қорытындысы жасалады) (Тақпақ оқылады) Ана сүті дарыған Менің ана тіліме Білген сайын-құнығам Сан-сырыңа дүние.

IV-тур (Топ бастаушылар сайысы) Динара: - Қазір әр топ бастаушыға мен жаңылтпаштар беремін.Әрқайсысы осы жаңылтпаштарды тез және дұрыс оқып беруі тиіс.Өте жақсы оқып бергенге –3 ұпай,жақсы оқып бергенге - 2 ұпай,нашар оқығанға - 1 ұпай беріледі.

Жаңылтпаштар: 1.Тұз мұздай, Мұз-тұздай 2.Тақпақ жатта, Жатқа жатта 3.Класта ақ бор бар, Көк бор бар, Көп бор бар. (Төртінші турдың қорытындысы жасалады) (Тақпақ оқылады) Ана сүтін ақтаңдар Ана тілін сақтаңдар! Ана тілмен безеніп, Ата берсін ақ таңдар!

V-тур

Әсел: - Біздің келесі турымызда мен қазір жұмбақ оқимын.Сендер шешімін табуларың керек. Жұмбақ: Іші – жел Пішіні-нөл Шешімі: доп ( Бесінші турдың қорытындысы жасалады )

VI-тур

Динара: - Келесі біздің ақырғы алтынщы тур өнер сайысы болып табылады.Қазақ тілінде тақпақ білетіндер,өлең білетіндер өз топтарыңа ұпай жинауға мүмкіндіктерің бар. (Алтыншы турдың қорытындысы жасалады)

Әсел: -Сонымен біздің сайыс аяқталып қалды.Топтардың қанша ұпай жинағандарын көріп отырмыз.Келесі кезекті қазылар алқасына берейік ( Қазылар мүшесі шығып, қорытындылайды, мақтау қағаздарымен марапаттайды)

Динара: -Осымен біздің сайыс аяқталады.Сау болыңдар!

Әсел: -Сау болыңдар!








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!