400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Бала тілі-бал »

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Мәнерлеп оқу сайысы «Бала тілі-бал »

Мәнерлеп оқу сайысының мақсаты:

Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Цели : 

- воспитать уважение учащихся к языкам, культуре других национальностей, стремление их познать;- формирование толерантной личности; формирование стремления к овладению казахского, русского языков;- знакомство и изучение традиций и обычаев народов, населяющих территорию Казахстана;- развитие творческих, интеллектуальных, артистических способностей учащихся;

Барысы:

I жүргізуші:

Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Бала тілі-бал » мәнерлеп оқу байқауы ашық деп жариялаймыз!

ІІ жүргізуші:

Здравствуйте, уважаемые учителя и учащиеся!!! Здравствуйте, все, те кто пришел на наш праздник. Мы рады приветствовать вас в нашем уютном зале. 22 – сентября ежегодно отмечается «День языков народов Казахстана» наш президент Нурсултан Назарбаев выступает за знание нескольких языков. Мы поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана. И надеемся, что вам будет интересно провести это время с нами. Праздник, посвященный Дню языков народов Казахстана считается открытым.

І жүргізуші:

Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.

ІІ жүргізуші:

Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство! Каждый язык – это целый мир. Язык – это живая душа народа, его радость, боль, память, сокровище. Нет такого языка, который бы не заслуживал уважения. Каждое поколение передает следующему свой язык, религию, культуру, обычаи и традиции. Как говорится, без прошлого нет настоящего и, тем более, будущего.

Құттықтау сөз:

Келесі құттықтау мектебіміздің директоры: Жандабаева Ақмарал Тұрсынбайқызына беріледі.

І жүргізуші:

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

ІІ жүргізуші:

Казахстан — многонациональное государство. В нашей стране проживает более 130 наций и народностей и все живут дружно, одной сплоченной семьей и зовутся казахстанцы. Язык — это, прежде всего слово, оно придает уникальность айтысом, русским былинам и сказкам. Отнимите слово, и душа народа потеряет свою первозданность и красоту.

Любой язык по-своему велик –
Бесценное наследство вековое,
Так берегите свой родной язык,
Как самое святое дорогое.

І жүргізуші:

Сұрақтар қою

Оқушы пікірін білу.

Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір алысады.

- Мен сендерге “осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.

- Тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай “Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?

- Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

- Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе? - Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін:

Ана тілім – бала шағым өркенім,

Ана тілім – болашағым, ертеңім,

Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.

Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?

- Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:

Ана тілін білмеген –

Ақылы жоқ желік бас.

Ана тілін сүймеген –

Халқын сүйіп жарытпас.

- Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар!

1-жүргізуші:

Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттіктілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген аталарымыз қаншама. Ендігі кезекті оқушыларының өлең-жырларына берейік.

Оқушыларды қошеметтеп ортаға шақырайық. 

    1. «А» сынып оқушысы Несіпбай Абылай М.Мақатаев «Үш бақытым »

2.4«Ә» сынып оқушысы Тайжан Ақжұлдыз А.Катенбай «Тілім »

3. 3 «А» сынып оқушысы Амангелді Айбек Әкім Ысқақов «Ана тілі »

4.3«Ә» сынып оқушысы Төлеуқұл Рауан Сырбай Мауленов «Ол тілімен дүниені аттады»

5. 2 «а» сынып оқушысы Қартайған Диана «Ана тіліне тағзым !»

6. 2«ә» сынып оқушысы Мүсілім Аяулым М.Жұмабаев «Қазақ тілі »

7. 2 «а» сынып оқушысы Рысқұл Дария

8 4 «б» класс Калиев Азиз

9. 4 «в» класс Джурумбаев Ильяс

10. 3 «б» класс Клименко Полина

11. 2 «б» класс Грибенюк Роман

12. 2 «в» класс Недоходова Александра

І жүргізуші:

М.Жұмабаев атамыз « Тіл-адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның кем болғаны » деген екен. Тіл - тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Мемлекетіміздің тарихи тағдыры, мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл - байлығымыз, тіл - тарихымыз, тіл - мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз.Тіл - біздің ұлттық намысымыз, арымыз. Ана тілімізді қастерлеп, құрметтей білу - біздің қасиетті борышымыз.

ІІ жүргізуші:

Абай писал: «Человек, изучивший культуру и язык иного народа, становится с ним равноправным» и действительно, его слова нашли подтверждение в жизни. Исторически сложилось так, что на территории Казахстана действует и развивается более 100 языков, но государственным языком является казахский язык. Знание языков необходим как воздух и вода. І жүргізуші:

Тілден асқан байлық жоқ. Тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық! Қолда бар алтынның қадірін бағалай білейік! Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау сіз бен біздің қолымызда.

Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!

ІІ жүргізуші:

Родной язык!

Он с детства мне знаком,

На нем впервые я сказала «мама»,

На нем клялась я в верности упрямой,

И каждый вздох понятен мне на нем.

Родной язык!

Он дорог мне, он мой.

На нем ветра в предгорьях наших свищут,

На нем впервые довелось услышать

Мне лепет птиц зеленою весной.

Каждый язык чрезвычайно богат, гибок и живописен. Вот и подошёл к концу наш праздник, посвященный Дню языков! Мы еще раз поздравляем всех с Днем языков народов Казахстана

Марапаттау:















2-4 сыныптар арасында «Бала тілі –бал» мәнерлеп оқу байқауы

Picture 7














Picture 3 Picture 9 Picture 2 Picture 1









Марапаттау кезі Өлең оқу сәті




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі