“Бала тілі-бал” атты
мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты:Оқушыларға мемлекеттік тілдің
өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік
ұстау жөнінде түсіндіру.Ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сөздік
қорын молайту.
Жүргізуші:Қайырлы күн! Ана тілін ардақ
тұтар тіл жанашырлары, құрметті көрермендер!Қазақстан Республикасы
халықтарының тілдер күніне арналған “Бала тілі-бал!” атты мәнерлеп
оқу сайысына қош келдіңіздер!
Қайта туды қазағымның
ай-күні,
Күннен –күнге асар ме екен
айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай
кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс
қайғыны.
Қазақпын мен, қазақтың
бөлшегімін,
Қажеті не басқаның
өлшемінің
Қазақ деген жалғыз ұлт мен
боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім-
дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды шақырмас бұрын әділ
қазылар алқасымен таныстыра кетейін.
-
Тәрбие ісінің меңгерушілері:
Аманова Дилорам Джетписбаевна
Алдабергенова Алма
Алмасовна
----------------------------------------------------------------------------------
2)Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:
Айдарова Гулайхан Сартаевна
-------------------------------------------------------------------------------
3)Бастауыш сынып мұғалімі:
Ешжанова Гулзира Саттигуловна
Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу
сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек.Сайысымызда оқушылар кез
келген бір ақынның өлеңін жатқа айту керек. Тақырыпқа шектеу
қойылмайды. Яғни өлеңнің тақырыбын әр оқушы өзінше таңдап
алды.Мұнда ең бастысы, әр оқушының жас ерекшелігі ескерліп өлеңін
көлемі берілген болатын.Сол көлемнен аз болмауы тиіс .Өлең жатқа
әрі мәнерлеп оқылуға тиісті(Кітап немесе қағаз-парақшалармен шығуға
рұқсат етіледі)Өлең оқыу ға оқушының жүріс-тұрысына, сахнадағы
мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар
аударылады.
Ендігі кезекте бірінші
қатысушымызды ортаға шақырайық.
( оқушыларды ортаға
шақырамыз)
Жүргізуші: Жеңістер мен
жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,жеткізе ме
мұратын?
Жеңбедім,жеңілдім деп
ренжімеген
Қатысу да бір жеңіс, жан
болсаң сен ұғатын.
Енді ортаға әділқазылар
алқасын шақырайық
Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз
аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп
рақмет!

Т. Бигелдинов атындағы орта
мектебі
Коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Қарттарым – асыл
қазынам
(Ашық тәрбие
сағаты )
Дайындаған
: С.Т.
Иманбердиева
2018/2019 оқу
жылы
