«Бала –тілін дамытушы құралдар өз қолымызбен»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бала –тілін дамытушы құралдар өз қолымызбен»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бала –тілін дамытушы құралдар өз қолымызбен»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық сағат

Күні: 22.01.2025жыл

Жауапты: Балабақша әдіскері: Шакенова Г.И

Тақырыбы:  «Бала –тілін дамытушы құралдар өз қолымызбен»

 

Семинар жоспары

Кіріспе бөлім. Тақырыпқа кіріспе.

1.1. «Әңгімені тура жеткіз» жаттығуы

2. негізгі бөлімі

2.2. Топтық жұмыс (тәрбиеші).

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!  Бүгінгі педагогикалық сағатқа қош келдіңіздер!  Педагогикалық сағат тақырыбы:  «Бала –тілін дамытушы құралдар өз қолымызбен»

Ең алдымен барлықтарыңызды ортаға шақырайық!  Түстер арқылы бөлініп алайық!
І Бөлім:  «Әңгімені тура жеткіз!» ойыны

Шарты педагогтар үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ  аділ қазылар, екінші, үшінші топ қатысушылар болады. Жүргізуші  бір қысқа әңгімені оқиды педагогтар тындаған әңгімені  бір бірлеріне жеткізу керек.

1.Былтыр  балабақшаның 10 жылдық мерей тойына, білім бөлімінен  15 компютер сыйлыққа  берілді.  Оны қайда қоямыз дегенде, терезесі үлкен бөлмеге  балаларға ынғайлы болатын дай қоятыны айтылды.  Бұны естіген балабақша тәрбиешілері қатты қуанып, енді біздің балаларды жан-жақты дамытатын болдық алақай деп ойларын жеткізді.  Меңгеруші білім бөліміне алғысын білдірді.

ІІ Бөлім.  Теориялық

Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуін дамытудың тәсілдері келесі негізгі компоненттерді қамтиды:

•  өзара белсенді коммуникативтік қарым-қатынас;

•  үлкендердің оқып беруі арқылы мәтіндерді тыңдату;

•  артикуляцияны дамыту және сөйлету, айтқызу;

•  сөздік қорын толықтыру;

•  ұғымдар туралы түсінігін, сөйлеуді түсінуін қалыптастыру;

•  сөздердің мағынасын әлеуметтік ортада тікелей берілген ситуациялық (прагматикалық) контексте қолдану;

•  мамандандырылған қолдау.

Бұл жерде аталған негізгі компоненттерді белсенді қолдана алу үшін - мазмұнды заттық дамытушы ортаның болуы маңызды. Сонымен бірге, жиі сөйлесу, балалардың сұрақтарын тыңдап, оларға жауап беру, балаларды күнделікті өмірге араластырып әңгімелесу және бала үшін маңызды сұрақтарды олармен бірге талқылау қатар алынады.

1-  Ойын түрлері және олардың мақсаттары.

 

Ойын түрлері

Қолдану мақсаты

Лексикалық ойындар

 

Жарық-қараңғы.

Алыс-жақын.

Қисық-түзу.

Қалың-жұқа.

Жеңу-жеңілу.                   

 Жасару-қартаю.

Ұйықтау-ояну.

Тоңу-жылыну.                                  добро — зло;

утро — вечер;

мир — война;

огонь — вода;

труженик — бездельник;

лето — зима;

друг — враг;

Қарама-қарсы сөздерді, мағынасы ұқсас сөздерді, тақырыпқа байланысты сөздерді табуға, фразаны аяқтау мақсатында қолдануға болады. Карточка

арқылы берілетін ойындар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар алынады.

Фонетикалық ойындар

 

Карточкамен ойын жұргізу

Үйренген сөздерін қолдануға, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрауға, баланың өз ойын

жүйелі   түрде   жеткізуге   машықтандыру  үшін қолданылады.

Коммуникативтік ойындар

Бұл ойын түрлері ойынға қатысушыларға тілдің қарым-қатынас құралы екенін сезінуге мүмкіндік береді, тіл қолданысының маңыздылығы туралы

ұғымдарын кеңейтеді.

Сюжеттік-рөлдік ойындар

Баланың жас шамасына қарай қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік береді, олардың әрекетінің мәнін кеңейтіп, диалог жасаудың тиімді құралы

болып саналады.

Дидактикалық ойындар

Балалардың айналадағы орта туралы түсініктерін жүйелеуге,             кеңейтуге,              тереңдетуге, қызығушылықтары  мен  қабілеттерін  дамытуға

бағытталған.

 

 

Тәсіл: Сонымен қатар, педагогтерге күнделікті жұмыста бірнеше тиімді стратегияларды ескеру ұсынылады:

«Баламен әңгімелесуге дайындық»

1.     Мобильді кітапхана, буккроссинг, кітаптар, кітап тізімдерінен нақты ертегі немесе әңгімелерді ұсыну, суреттер, фотосуреттер, ата-аналар чатына мәтін жіберу және т.б. арқылы ата-аналарға үйде балаға оқып беруге тапсырма беру.

Келесі күні, күн бойында балалармен сол тақырыпта сөйлесу және сұрақтар қою, балалардың өзін сұрақ қоюға ынталандыру. Соңында балалардың белсенділігін бағалауға болады, ата-аналармен талқылап, олармен бірге осы тәсілді жетілдіруге болады.

2-  «Орта үшінші педагог»

3- Топ бөлмесінде, кең рекреация алаңдарында, дәлізде қабырғаларды пайдалы жұмыс құралдарымен безендіру, фетрадан жасалған сюжетті кілемшелерді ілу, оларды толықтыру, сюжеттерін өзгерту арқылы әңгіме өрбіту. Дамытушы аймақтардағы ойындарда коммуникативтік белсенділікті қолдау, диалог құрып ойнауға ыңғайлы ойындарға басымдық беру.

4-  

5- «Баланы кітапқа қызықтыру»

«Балалармен бірге иллюстрациялы кітаптарды қарау, әңгімелесу, кітап суреттерінің сюжетін сипаттау үшін балаларға сұрақтар қою, тыңдау, жетекші сұрақтар қойып отыру. Қызықты кітап оқып беру.

«Жаңа ертегі»

Баланың қоршаған ортасымен байланысты, соңы сәтті аяқталатын ертегілер құрастыру, өздерімен бірге ойластырып және сюжетін дамыту.

 

«Дыбыстар»

Р, С, Ш, Т дыбыстарын қоюға арналған артикуляциялық жаттығулардың қысқа (1-1,5 мин) видеоларымен кейбір ата-аналармен бөлісу. Үйде баламен бірге орындауды ұсыну.

 

Ойындар көрме

 

 

5. Қорытынды                                                                                                                               

 

Әртүрлі әдістерді біріктіру - сөйлеуді ынталандыруда интерактивті оқыту және лексиканы байытудың көмегімен фонологиядан семантика мен прагматикаға дейінгі сөйлеуді дамытудың барлық аспектілерін шешеді.

Балалардың сөйлеуін дамытуға жан-жақты көзқарас, ата-аналар мен педагогтердің және басқа арнайы білім беру мамандарының берік ынтымақтастығының негізгі ұстанымы болғанда, нәтиже бере алады. Себебі, олардың әлеуеті баланың тілін дамытудағы, оның коммуникативтік дағдыларының қалыптасуын толық жүзеге асыруға жететін болады.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Қабылдау «Алты қалпақ» (Эдвардо де Боно әдісі бойынша) әдісімен жүреді

Әрбір қатысушыға түсі бойынша бір қалпақ таңдау ұсынылады. Бас киімнің түсі түсінуді және қорытындылауды қажет ететін негізгі ойларды көрсетеді.

Қызыл  қалпақ  –біз не білдік, не үйрендік ...

Жасыл  қалпақ  – кемшіліктерді анықтау және кеңес беру....

Сары қалпақ  – позитивті ойлау: не жақсы болды және тиімді жақтары...

Күлгін  қалпақ – «Мақтағым келеді!».


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып секірді.

Қарап еді артына
Қиығын сап көзінін
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

 

 


Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

 

 

Орынымаздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып ,бір тұрып

Біз тынығып алайық.

 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2025
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі