400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала тілінің дамуына театрдың әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл дамыту сабақтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала тілінің дамуында театрдың рөлі


Бала тілінің дамуы ананың құрсағында жатқанда–ақ бастау алары анық. Бала құрсақта жатқанда, түрлі ертегілер оқып, театр тамашалап, кітаптар оқыса, балаға жақсы əсер қалдырады. Бала дүниеге келгенде, бала тілінің дамуының процесі басталады.

Қалай?

Əрине айналадығы адамдардың сөйлеу қарым-қатынасы, əуендер, мультфилімдер. Бала екі жастан бастап, қарапайым сөздерді анықайта білуі керек, жəне осы екі жастан бастап барлық жауапкершілік мектепке дейінгі мекемедегі əрине тəрбиешілердің қолында. Тіл жаттығуларын жасап, күнделікті сөйлеп қарым-қатынас жасай білу керек. Егер бала 3-4 жасында дұрыс сөйлей алмаса, бірден тілінде кемістігі бар екен деп логопедке ысыра салу қателік. Бірінші тəрбиеші жұмыс жасау керек.

Қалай?

Əрине баланың қызығушылығын ояту керек. Балалардың ертегіні қызыға тыңдап оны ұнататыны қалыпты жайт. Енді тəрбиешінің əрекеті осы ертегі желісіне құрып театр ұйымдастыруы керек. Ертегі желісінде тіл ұстарту жаттығулары болса тіптен керемет.

Мысалы: Ертеде бірқуу түлкі болыпты, ол өте қуу екен. Бəрін алдамаса жүре алмайды екен. Бір күні алдынан аузында тəтті наны бар күшік шығады, түлкі оның алдынан шығып, күшік-күшік сенің маған үргенің ұнайды, маған дауысыңды көрсетші деген кезде, күшік аф-аф-аф деп үріп жібереді. Сол кезде түлкі күшіктің нанын алып қашып кетеді.

Күшіктен қашып келе жатқанда алдынан қасқыр шығады, қасқырдан қорқып құтылу үшін өзінің қулығына басады. Қасқыр-қасқыр сенің маған улығаның ұнайды, сен өте əдемісің, сен сұлусың деген кезде, қасқыр Уууу деп ұлып кетеді. Соны пайдаланып түлкі де қаша бастайды. Уфф енді кімді алдасам екен деп тұрғанда, жардың төбесінен қарғаны көреді аузында үлкееен жемтігі де бар екен. Оны көрген түлкі қуанып жүгіріп келіп, қарға-қарға сен не деген қап-қара, сұп-сұлусың сен əдемісің, сен сұлусың, сенің маған қарқылдағаның қатты ұнайды деген кезде, қарға бір марқайып қаррр- қаррр - қаррр ете қалады сол кезде аузынан жемтігі түсіп қалады. Оны түлкі алып қашып кетеді. Сөйтіп барлық аңдар жемтіксіз қалыпты. Бірақ ешқашан олай алдауға болмайды деп ертегі желісін аяқтаймыз. Бұл ертегіні театрға қойғанда басты рөльді балаларға берген дұрыс. Бұл жердегі тіл ұстарту жаттығулары афф-афф, уууу, қап-қара, сұп-сұлу, қаррр-қаррр.

Бір ғана театр арқылы балалар осы сөздерді айтады жəне тілдерін жаттықтырады сонымен қатар ф,қ,р дыбыстарын дұрыс айта алмайтын балалар осы арқылы тілдерін жаттықтырады, ертегі жаттайды, театрдың не екенін түсінеді, ақыл-ойлары дамиды, аңдардың қандай дыбыс шығаратынын үйренеді, тəрбиеленеді. Бала бір ғана театр арқылы көптеген нəрсені игереді. Егер баланың тілі одан ары қарай дұрыс шықпаса, логопедке баруға сол кезде кеңес беремін. Айта кететін бір жайт логопед пен тəрбиеші тығыз байланыста болу керек. Бірге жұмыс жасау арқылы байланыста болу керек. Бірге жұмыс жасау арқылы бала тілін жақсы жүйемен, шығармашылықпен дамытатынымыз анық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі