400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бала үлгеріміндегі ата- ананың ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

«Сарысай мектеп-бөбекжай -бақшасы» КММ

Зейнелғабдинова А.З

Коучинг тақырыбы

Бала үлгеріміндегі ата- ананың ролі

Мақсаты

Қазіргі кездегі баланың үлгеріміндегі ата-анаң ролі қаншалықты маңызды екенін түсіндіру. Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру; Баланың үлгеріміне аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Күтілетін

нәтижелер

Ата- аналармен жүргізілетін жұмыстардың түрлерімен танысады, жұмыс барысында қолданады, жұмыстың жүргізілуін жаңартады, ата-аналарды мектеппен, мұғаліммен байланысын арттырады.

Қолданыла

тын ресурстар

Маркер , А4 қағазы, стикер, мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Коучингтің

өту барысы








«Менің балам» жаттығу

Тренинг « Күн шуағы»

Құрметті ата-аналар барлығымыз ортаға шығып, күннің шуағына бөленейік. Әрбір ата-ана өз баласы туралы жақсы сөздер айтады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

ІІ.Топқа бөлу 
Ата-аналарға 2015,2014,2013 жылғы тиындарды тарату арқылы топқа бөлінді.

Сонымен бірге ата-аналар осы жылға байланысты ең қуанышты сәтті еске түсіреді.

«Менің балам» жаттығуы арқылы ата-аналар өз баласы туралы жазып шығады.

  1. Аты.............

  2. Балаңыз кім......

  3. Балаңыздың достары..........

  4. Балаңыз қандай оқушы........

  5. Балаңыз сыныпта қандай дос.....

  6. Балаңыздың үлгерімі......

Осы жаттығуды ата-аналар толтырып және оқып шығады.

Осы жаттығу кезінде бізге маңыздысы не ? деген сұрақ қою арқылы тақырыпты ашамыз.

Пікірлесу

Ата-аналарға пікірлесу үшін берілген тақырып:

Құрметті ата-аналар! Педагогикада «талаптану деңгейі» деген термин бар (уровень притязаний). Ол бір оқушыда жоғары, біреуде төмен болады. Сондықтан, талаптану деңгейі жоғары оқушы «2» алса («2» алмайтын оқышы жоқ), ол осы бағасын жоюға тырысып, намыстанып, келесі сабаққа дайындалып келеді. Ал, осы деңгейі төмен оқушы жаман баға алса, ол өзін басқалардан төмен санайды.

«Мен бәрібір ол екіні жоя алмаймын» деген ойда қалады. Баланың осы кемшілігін тәрбиелеу үшін не істеу керек? Ол үшін мына сұраққа жауап беріп көрейік:

- Сіздің балаңыз үйге «2» алып келсе, сіз не айтасыз?

2) Енді педагог Н.Водовозованың мынадай әңгімесің тыңдап көріңіз.

Үлгермеуші оқушы қызды мұғалім қосымша сабаққа шақырады. Қыз есептің бәрін шығарады. «Жарайсың, ақылдысың» - деп, мұғалім оны мақтайды. «Жоқ, өтірік айтпаңыз, мен ақылды емеспін» - деп, қыз жылап жібереді. Таң қалған мұғалім: «Сен неге олай айтасың?» деп сұрайды. «Маған мамам сен ақылсызсың деп ұрсады» - деп жауап береді қыз.

Осы оқушы қыздың талаптану деңгейі төмен бе, жоғары ма? Әрине, төмен. Мұғалімнің мақтағанына сенбейді. Ал, бала сондай болмауы үшін не істеу керек?

«Ротация» әдісі

«Ротация» әдісі -Топтық жұмыс

Үш топқа тақырып беріледі.

І топ. Бала үлгеріміндегі ата-анаң ролі қандай?

ІІ топ. Баланың үлгерімін көтеру үшін не істеу керек?

ІІІ топ. Баланы қадағалау жолдары...

Кері байланыс: 

«Минуттық қағаз»


Ата-аналар коучинг барысындағы ең маңыздысы мен пайдалысын жазып шығады.

Қорытынды: 

Ата-ана баласына сену керек, мақтау керек, көмектесу керек

мұғаліммен байланыста болу керек. Не істеу керек екенін білеміз. Ал, осыны істейміз бе? Бірінші кестедегі мінез-құлқымызды түзетіп көрейік. Ол үшін:

сПрямая соединительная линия 16 ену керек мақтау керек көмектесу керек байланыста болу керек

Прямая соединительная линия 13 Прямая соединительная линия 14 Прямая соединительная линия 15

Бірақ

Прямая соединительная линия 9 Прямая соединительная линия 10 Прямая соединительная линия 11 Прямая соединительная линия 12

сенбейміз мақтамаймыз ерінеміз уақытымыз жоқ


Көріп отырғандай, біздер осы «Бірақты» жойсақ, бала екісін де жояды, талаптану деңгейін де көтереді.

Қорытындылай келе оқушы үлгеріміндегі ата-ананың рөлі қандай болуы керек деген сұрақтың жауабы табылды.

Ата-ана баласына:

Сену керек

Мақтау керек

Үнемі көмектесу керек

Мұғаліммен байланыста болу керек

Осындай тәсілде өткізілген ата-аналар жиналысында қандай нәтижеге жетеміз:

1. Ата-аналар жиналыста түгелдей белсенділік көрсетеді.

2. Әрқайсысы белгілі бір пікір айтады.

3. Ата-аналар сынып жиналыстарының өтуіне ынталанатын болады.

4. Ортақ пікірге келеміз.

5. Ата-аналар аз да болса педагогика және психология ісімен қаруланады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
343
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі