400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бала,бала,балапан»

Материал туралы қысқаша түсінік
музыканттарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка Мерзімі: Тақырыбы: «Бала,бала,балапан» Мақсаты: дене мүшелерін игеріп, қолды, аяқты қимылдата отырып әуенмен бірге қимылдар жасауға үйрету. Ырғақпен ілесе қимыл жасауға дағдыландыру. Сөздік жұмысы: айналу,секіру, топылдату. Билингвальді компонент: топылдату-топать.

Оқу іс-әрекетінің кезендері


Музыка жетекшісінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар көңілді музыка үнімен залда жүреді. Шеңбер бойымен қатарласып жүреді. Орындарында тұрып, қолды бұрап қимыл жасайды. Әуенмен бірге айналады, жеңіл үнді музыкамен секіреді. Әуен тоқтағанда біоге тоқтап, қимыл жасауды үйренеді. « орындарыңда тұрып айналыңдар, денені көтеріп секіріңдер», -деп үйретеді.

Балалар шеңер жасап жүреді. Әуенге ілесіп жүгіруге тырысады. Қолды буыннан бұрап, қимыл жасауға талпынады. Орындарында тұрып,айналуға,секіруге тырысады.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог балаларға суреттер көрсетеді. –мынау не? -Қол -Қолда саусақтар болдаы. Кәне бәріміз қолымызды көрсетейік. Ал мыналар саусақтар. Саусақтар былай-былай қозғалады. –Ал мына суретте не бар? -Аяқ. Қәне бәріміз аяғымызға қарайық. Аяқпен не жасауға болады? -Еденге топылдатып ұруға болады. –Қазір мен сендерге әдемі ән айтып берейін. «Бала,бала,балапан» әні (и. Нүсіпбаев, Ж. Смақов) орындалады. Әнді орындау барысында алдымен алақанды,содан соң саусақтарды әуенмен көрсетеді. Екінші шумағында «топ- топ басайық» деген сөзгее келгенде аяқты әуенмен топылдатып, «жалаудан күн жасаймыз» деп,қолды жоғары көтеріп күн жасап, «алтын күн» деген жерінде қолды жоғары ұстап аяқтайды. Ән бірнеше рет қайталанғанда балалардың қимылдары бір-біріне үндесіп, бірге жасауға үйренеді. «Көнілді ырғақ»ойыны. Әуен ойналғанда балалар қолдарын шапалақтайды. Әуен тоқтағанда, қолдарын жасырады. Халық әні «Еркем-ай» әуені ойналғанда балалар аяқтарын топылдатады да, әуен аяқталғанда аяқтарын жасырып отыра қалады.


Балалар сұраққа жауап беруге тырысады.


Қолдарын,саусақтарын көрсетуге тырысады.




Аяқтарына қарап,еденге топылдатуға тырысады.


Балалар әнді тыңдап,ілесе қимылдауға тырысады. Аяқты топылдатып, қолды жоғары көтеруге талпынады.

Балалар қолдарын шапалақтауға,қолдарын жасыруға топылдатуға тырысады.

Әуен аяқталғанда аяқтарын жасыруға талпынады.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардан музыка үнімен қолдарын шапалақтауын, аяқтарын топылдатуын қайталап сұрайды. Музыкаға ілесіп, қимыл жасап, көзге ерекшеленген балаларды атап өту,мадақтау.

Балалар шапалақтауды, топвлдатуды еркін көрсетеді. Қоштасады .

Күтілетін нәтиже: Біледі: музыканы тыңдай білуді. Қызығушылығы мен ынтасын арттыру. Игереді: музыка әуенімен қолдарын, аяқтарын көрсетуді игереді. Меңгереді: музыка үнімен ілесіп аяқ-қолды қимылдатуға дағдыланады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1092
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі