Ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық картасы
№1- 2 технологиялық
карта
Білім беру
саласы: Шығармашылық
Бөлімі:Музыка
Тақырыбы: « Балабақшаға
барамын»
Мақсаты: түрлі сипаттағы әндердің
мазмұны мен көңіл күйін қабылдауды, бірдей қарқында ән салуға,
бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын игеруді
үйрету.
Көрнекілігі:Балабақшаның
суреттері,алғашқы білім күні туралы
суреттер
Сөздік
жұмыс:білім,бұлақ
Оқу қызметінің
барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық:
Алғашқы ән сабағына лайық
көтеріңкі көңіл күймен,жарқын музыка үніне лайық қадпммен музыка
залына кіреді,Шаттық шеңберін құрып,бір-біріне жылы
лебіздерін,алақандарының жылуын жеткізу.
Балалар көңілді әуенмен залға
кіреді.
Міне бүгін жазғы демалыс
аяқталып,оқу қызметінің басталған күні.Бір жасқа үлкейіп,өсіп жаңа
топқа келіп отырсыңдар.Қадамдарың құтты болсын,дендерің сау болып
өсе беріңдер!
Балалар жазғы демалыс туралы
айиып береді.
Ұйымдастыру
кезеңі:
-Балалр бүгін алғашқы білім
күні.Осы кезден дүниені жан-жақты тани,көре,сезіне білулерің
қажет.Біздің қазақ халқы кең далада жүріп,қазақтың киелі
аспабы-домбырамен үщқан құстың,табиғаттың,адамның бойындағы түрлі
құбылыстарды ұғындыра білген.Күй-қазақтың ертеден келе жатқан
аспаптық музыкасы.
Балалар домбыра туралы күй
туралы мәліметтер алады.
Музыка тыңдау: «Қосалқа»
(Дәулеткерей)
-Балалар,музыка қандай
көңіл-күйде жазылған?
-Күйді ести отырып көз
алдарыңа нені елестеттіңдер?
-Күй тыңдай отырып,белгілі бір
оқиғаны елестетуге болама?
Балалар музыканы тыңдап
болғасын һөз әсерлерімен бөлісуге
тырысады.
Бұл күйде композитор әсем
көрністі суреттеген.Сыңғырлаған қыздардың
шашбауларын,сырғаларын,әсем жүрістерін
суреттеген.
Ән айту: «Балабақша
бағында».
-Балалар,ән не туралы
айтылған?
-Сендерге балабақша
үнайма?
Балалар таласа жауап
береді.
Ән тыңдау: «Балдырғандар
әні» (Б. Дәлденбаев, Н.
Жанаев).
Балалараға балдырған сөзінің
мағынасын түсіндіреді.
Сендерге ән
ұнадыма?
Бұл әнде бақытты балалық
туралы.Ән әрбір күннің қуанышты екенін,балалр бақытты екенін
жырлайды.Балалар қуанышты ,бақытты болса бақшада гүлдей
жайнайды.
Әнді музыка жетекшісі
көңілді,жеңіл орындап береді.
Балалардың
жауаптары.
Ойын: «Қатты, ақырын
дыбыстар»
Балаларға үнтаспадан түрлі
сипаттағы дыбыстар тыңдатылады.Балаларға оның қатты немесе ақырын
дыбыс екенін ажыратыуды тапсыру.
Балалар дыбысты тыңдаған соң
оны ажыратыға тырысады.
Музыкалық ырғақты қимыл:
«Полька» биі.
Балалар аяқтарын тізеден
көтере, жеңіл секіріп,билейді.
Рефлексиялық-түзетушілік:
-Бүгін қандай
күн?
-Бүгін қандай музыка
тыңдадыңдар?
-Күй дегеніміз
не?
-Әнде не туралы
айтылады?
-Қандай ойынмен
таныстыңдар?
-Бүгінгі оқу қызметінің қай
түрі сендерге ұнады?
Балалрдың
жауаптары.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:музыка арқылы өз
балабақшаларына деген сүйіспеншілігін сезініп,жеткізе білулері
керек.
Игерді:әнді дұрыс түсіне түсіне
білу,әуенге ілесе айта білу.
Жасай
алады:әуенге сай би қимылдарын
жасауды