Материалдар / Балабақша 1 қыркүйек - Білім күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша 1 қыркүйек - Білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
болашқта керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
1016
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

мектеп жанындағы «Еркетай» шағын орталық

















Тәрбиеші:Омарова А.Б












Зал іші күз мезгіліне байланысты безендендірілген


Балаларды залда қол шатыр ұстап билеген « Күз» қарсы алады.


Балалар орындықтарға келіп отырады


Күз: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тонғаны ма, тойғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан – деп Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім.

Кәне балалар маған деген қандай сыйларың бар?


1-Бала Көк аспаның мөлдіреп

Алтын күзім елжіреп

Асыр салып жүре бер

Сары көйлегің елжіреп



2-бала: Алтын сары қызыл - көк

Аулан – аулан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап


3- бала: Мерейлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа ризамыз

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз


4- бала: Жемісті мол теретін

Күз дос екен біздермен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен «күз» деген.


Ән: «Күз келіпті десек те»


Күз: Балалар өнерлі екенсіңдер байқадым, жұмбақ шеше білесіңдер ме?

Жұмбақтар шешу

  1. Қызыл – жасыл кемелер

Су бетінде қалқиды

Соқса егер салқын жел

Ырғалады , толқиды \Жапырақ\



  1. Ұзын мұртты сарылар

Қойынында наны бар \Бидай\


Ойын:

Енді балалар «Егін даласынан жуа жинау» ойынын ойнайық

Ережесі: Екі бала ортаға шығып машинаға картоп жинайды кім бірінші қамбаға әкеліп төгеді.


Жылаған дауыс естіледі:


Балалар жылап отырған күнбағысты тауып алады.


Күз: Балалар қараңдаршы мынау күнбағыс емеспе, саған не болды неге

жылайсың?

Күнбағыс : Сәлеметсіндерме балалар\қорқып\ бақшадағы барлық егіндерді

жинап алды да мен қалып қойдым , мен қорқамын,ешкімге керегім жоқ.

Күз: Балалар қараңдаршы күнбағыс әбден қорқып қалыпты кәне

мерекемізге шақырып көңілін көтерейік келісесіңдер ма?

Балалар : Ия

Күнбағыс: Сендер мені шын кіргізесіңдер ма, рахмет балалар мен қуанып

тұрмын.Күз қолынан ұстап залға кіргізеді.енді біздің балалар қандай

ән біледі тыңдайық.


Ән: Аружан « Мен кішкентай баламын»


5- бала : Бұлт ағады аулаққа

Күз келіпті бау – баққа

Жаздай піскен жаңғақта

Шашылады жан - жаққа



6- бала: Бұлт шарлады аспанды

Құстар қайтты ән салып

Қыс келді деп жар салып

Күзгі суық басталды



7- бала: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыбдыр түседі.


Ойын: «Күнбағыс»

Ережесі: Ортаға 5- күнбағыстың бас киімі қойылады, музыка әуенімен 6- бала ортаға шығады музыка тоқтағанда бас киімді киіп үлгеруі керек, үлгермеген бала ойыннан шығады


Күнбағыс женген балаға енді мен жалғыз емеспін менің досым бар деп қуанады.


Ортаға ұшып қарға кіреді.


Қарға: Кар – кар – кар – кар ! мен күнбағысты іздеп жүрсем бұл мұнда неге

жүр, бұл менің күнбағысым

Күнбағыс: мені балалар мерекелеріне шақырды қызық болып жатыр.


Қарға: Қайдағы бұл қандай мереке


Балалар: күз мерекесі


Қарға: Тауыпсың мерекені сен менің күнбағысымсын алып кетеп жүр.


Күнбағыс : Ол мені қазір шағып тастайды мен барғым келмейді деп

балалардың артына тығылады

Күз: Қарға сен асықпа , біздің балалар қалай билейді көрші.


Би: «Ливинская полька»


Қарға: Ой- ой – ой Кар – кар – кар, басым айланып кетті ғой мына балалар қалай билейді, қой өзімнің орманыма барайын шығып кетеді


Ойын : «Егінді егіп жинаймыз»

Ережесі: Балалар 4- баладан екі топқа бөлінеді


  1. Бала -жер аударады дөңгелектерді \обруч\ қояды

  2. Бала- картоп егеді

  3. -бала суғарады

  4. Бала -шелекке жинайды


Би :Қыздар тобы «Жапырақтар»


Ән: «Алақай»


Күнбағыс: рахмет балалар мен сендерге де сыйлық бергім келеді


Күз: Сау бол күнбағыс , сен жалғыссырамай бізге қонаққа келіп тұр


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!