Материалдар / "Балабақша - бақыт мекені" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Балабақша - бақыт мекені" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Балабақша - бақыт мекені" эссе Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2024
141
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Балабақша – бақыт мекені


Балабақша – базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты….


Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Алайда, бүгінгі күні ата – анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекеннің» иесі  тәрбиешілер.
Ендеше сол бақытты мекеннің тәрбиешісі болу маған да бұйырыпты. Өз эссемді Абай атамыздың мына бір өлең шумақтарымен бастағанды жөндеп санадым.

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де — бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

-деп дана атамыз айтқандай , мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау, тағдырыңызды таңдау деген сөз. Осы еңбек жолымды  жалғастыра отырып  балабақша маманы болу, балалармен жұмыс жасау бүлдіршіндердің қуанышы мен күлкісін көру маған күш-қуат береді. Тәрбиеші болу – жәй ғана мамандық емес. Ол адамның өмірлік бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астары тәрбиеші маманның үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұрғандай. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу – үлкен мәртебе.

Ғұлама ұстаз Әл — Фараби бабам айтқан екен «Білім берме, тәрбие бер» — деп, «Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі» екенін есімізге сала отырып, біз өз — өзімізді ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Тәрбиеші — балаға бағыт - бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Топтағы әрбір бала бір ашылмаған сырға толы , құпия. Сол сырға толы құпияны ашып, өмірге бағыт-бағдар беру, балалардың болашағының жарқын болуының шамшырағын жағу қандай ғанибет десеңші.

Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңін алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеп және оқу-білім қайнарымен сусындатып жүргенімді мақтан тұтамын. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек деп ойлаймын. Менің өмірдегі ұстанымым - жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол-адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі іспетті.
Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесіне, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойың тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп білемін.
Әр күн сайын бүлдіршіндерді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің.
Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Ақын М.Жұмабаев атамыз айтқандай «Тәрбие-адам баласын кәміл жасқа толып
, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру » -деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына,тәрбиесіне жауапты жандармыз.

Ойымды қорыта айтқанда балабақша кішкентай бүлдіршіндеріміздің екінші үйі. Балалар еліміздің болашағы қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектердің ой — өрісіне рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты. Сол келешек өсіп келе жатқан жас ұрпақтың иелерін жан — жақты ой — өрісін, өмірге бейімділігін, ақыл парасаты мол, халқын, салт — дәстүрін сүйетін бүлдіршін бала тәрбиелесек нұр үстіне нұр болары анық.

(441 сөз).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!