Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша - барлық тәрбие мен білімнің бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіркелу. Республикалық байқаулар мен вебинарлар. ұстаздар мен оқушылар үшін. Жеке кабинет. астам координатор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы орта білім беретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының негізі мен «Біз мектепке барамыз» бағдарламасына сүйене отырып, оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі мектеп компонентінің талабы негізінде мектепалды даярлық тобына арнаулы курс бағдарламасы жасалды.



Құрастырған: Елек орта мектебінің тәрбиешісі К.Ж.Картова



Елек орта мектебінің әдістемелік кеңесі отырысында

(мектеп, мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы)

«Халық ертегілеріндегі таным»бағдарламасы

(курс атауы)талқыланды.

Хаттама № «____» ______________ 2013жыл



Мектеп директоры __________ С.М.Сырбаева

(қолы)



Қалалық сараптау комиссиясының отырысында

«Халық ертегілеріндегі таным» бағдарламасы мақұлданды.

(курс атауы)



Хаттама № «____» ____________ 2013 жыл



Сараптау комиссиясы төрағасы ________ _______________

(қолы) (аты - жөні)





























ТҮСІНІК ХАТ

Мектеп жасына дейінгі балалардың жаны таза, көңілінде күдік жоқ. Сондықтан ертегі кейіпкерлері арқылы бала бойына қайырымдылық , еңбекқорлық, батылдық, адалдық дәнін егуге болады.

Бұл бағдарлама балалардың, тәрбиешілердің, ата- аналардың бірігіп жұмыс жасауына септігін тигізеді.

Ертегінің барлық жанрын пайдаланып, әр баланың қабілетін ескере отырып, танымдық қасиеттерін шыңдайды, зұлымдықты жеңеді. Балалар қашан да жағымды кейіпкерді жақтайды, соған ұқсағысы келеді.

Адалдықты, мейірімділікті, имандылықты, дарытатын ертегілер арқылы бала жаман – жақсы қылықтарды ажырата алады және қандай қасиеттердің жағымдылығын ойына түйеді.

Ертегі кейіпкерлерінің бетперделері пайдаланылады, сахналық қойылымдар қойылып, жағдайаттар шешіледі.

Бұл бағдарлама 1 сағатқа құрастырылған.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты - мектеп жасына дейінгі балада ертегі – ерекше жанр, ертегіде сиқырлы құралдар бар, балаға рухани ләззат беру.

Міндеті:

  • ертегі ерекшеліктері туралы түсінікті кеңейту;

  • ертегі кейіпкерлеріне еліктеу;

  • жаман – жақсы қылықты ажырата білу;

Балалар арнаулы курс бағдарламасын аяқтау соңында білуі тиіс:

- ертегі ерекше жанр екенін білу;

- ертегі құрастыра білу;

- қиялдарын суреттей білу;

- ертегі кейіпкерлерінен көрініс;

- әр түрлі жағдаяттарды талдау арқылы шешу;





ПІКІР



Ұсынылып отырған «Халық ертегілеріндегі таным» мектепалды даярлық кластарына арналған арнаулы курс бағдарламасы тәрбиеленушінің тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп, қоршаған орта заттары мен құбылыстары арасындағы байланыстар мен заңдылықтарды түсіну мен игеруіне қажетті барлық танымдық қалыптасушы процестерді дамытып, оларды іс-әрекетте қолдана алуын шыңдайтын бірден бір себепші бағдарлама.

Мектепке дейінгі жалпы білім берудің оқу бағдарламаларында ертегілерге сағат аз бөлінген, ал 5-6 жастағы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін – осы жанр, сондықтан, К. Картова халық ертегілері туралы балаларға көп мағлұматты аталған бағдарлама арқылы жеткізуді жөн көрген.

Бағдарлама баланың әр затты жан-жақты көре біліп, оның ерекше сипатты белгілерін бөліп алып, басқа заттармен салыстыруда ұқсастығы мен айырмашылығын таба білуге; заттарды жіктеп, топтауға тәрбиелеп; дұрыс шешім тауып, оны әңгімелеп айтуға; тұжырымдап, ой қорытынды жасай білуге; қалыптасқан жағдайға сәйкес білімдерін қолдана алуға; тапқырлығы мен зейінділігін дамытып; бір тапсырманы шешудің бірнеше тәсілін табуға үйретеді. Сонымен бірге, ертегі кейіпкерлері арқылы жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа құштар етеді.

Берілген ертегілер балалардың қиялын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді. Мазмұны жағынан балалардың жас ерекшеліктеріне негізделген.

Аптасына бір сағаттан, жылына 32 сағатқа жоспарланған.




Пікір жазған: Ә/Б жетекшісі: В.С. Брешова











Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Жалпы орта білім беретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының негізі

  2. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы.2011ж

Қосымша:

  1. «Отбасы және балабақша» журналы. 2010жыл

  2. «Мектепалды даярлық» журналы. 7 бет № 3 2009жыл

  3. «Мектепке дейінгі білім» журналы. №4 2011жыл

  4. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы

  5. Ю.М.Картушина «Зеленый уголок здоровья» 12 бет 2010 жыл

  6. Бастауыш мектеп журналы 1994ж, № 3

  7. Мектеп және балабақша 2002ж, № 4

  8. «Кел ойнайық балақай» 2010ж

  9. «Ақ сандық, көк сандық» Алматы «Жазушы» 1988ж.

  10. «Жаттамақ» Алматы «Балауса»1988ж









Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

1

«Екі жел» туралы ертегісіарқылы [с] мен [ш] дыбыстарын дұрыс атау

-[Ш],[С] дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Ертегі арқылы табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну.

-Ойлау, есте сақтау қабілеті мен сөздік қорын байыту.

-Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

1) «Екі жел»

Ерте, ерте,ертеде 2 жел жер бетімен, орманмен, шөптермен ойнаймыз деп жүгіре беріпті. Олар орманға келіп: «Ш-ш-ш, шуылдақ Орман, амнсыңба?» -деп амандасыпты. Желдер ораман ішімен ашық далаға өтеді, ондағы жайқалған көкорай шалғын шөптерге С-с-с сәлеметсіңдер ме, шалғын шөптер.

-Енді сендер айтыңдаршы, балалар- «С-с-с сәлеметсіңдер ме, шалғын шөптер !»

Ш-ш-ш, шуылдақ орман амансың ба?

Педагог әрі қарай жалғастырады. «Орман оларға Ш-ш-ш...шу-шу-шу...ши-ши-ши, ал шөптер: с-с-с...су-су-су...си-си-си » деп жауап қайтарады.

2)Д\ойын «Желдер» 2 топқа бөлу: 1)орман; 2)шөптер. Дыбыстарды қайталайды.

3. Жылулық шеңберде.

Жылу берген Күнің үшін рахмет!

Өсім берген Суың үшін рахмет!

Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!







Суреттер «Табиғат»

Қоршаған ортамен танысу, сауат ашу.

1 сағ.













Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны


2

Үй құстары. «Шұбар тауық» ертегісі

-Үй құстарының тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

-Тілдерін, артистік қабілеттерін дамытуды жалғастыру.

-Үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

1. Жұмбақ:

Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. Бұл не? (Әтеш)


Ауылда жүреді,

Қыт-қыт деп дыбыс береді.

Бұл не? (тауық)


Баласын ертіп соңынан сүңгіп, жүзіп үйретті

Кім білмейді... (үйрек)


2. «Шұбар тауық» ертегісі (ертегіні сұрақтар арқылы талдау)

3. «Колумб жұмырқасы» д\ойын.

Әр балада «колумб жұмыртқасы» қиынды суреттер ойыны және сызбасы бар. Балалар үлгі бойынша тауықты құрастырады, «Колумб жұмыртқасы» неше ірі бөлшектен тұратынын санайды.

4. Ұжымдық жұмыс. «Құстар ауласы» тақырыбына коллаж жасау. Балалар 3 топқа бөлінеді.

І-топ-мақтадан бұлтты жасайды.

ІІ-топ-ермексаздан тауық бейнесін.

ІІІ-топ-ермексаздан науа жасайды.

Суреттер (әтеш, тауық, үйрек, қаз, күркетауық)











құрастыру






Картон, мақта, ермексаз, түрлі-түсті қағаз.

Тіл дамыту, мүсіндеу

1 сағ.








Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

3

Сурет арқылы ойдан ертегі құрастыру. «Кішкентай бидай дәнінің саяхаты»

-Бидайдың өсуі мен нан пісіру кезеңдерімен таныстыру, ауылшаруашылық машиналарының рөлі туралы түсінік беру.

-Сурет бойынша айдан ертегі құрастыру іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

-Нанды қастерлеу және диқандар еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

1. Жұмбақ.

Ұзын мұртты сарылар, қойынында наны бар.

Бұл не? (бидай)

2. Суреттер бойынша «Кішкентай бидай дәнінің саяхаты». Суреттерді рет-ретімен тақтаға қойып, бидай дәні нан жасалғанына дейін ұзақ та қиын жолдан өткені жайлы әңгімелейді.

Балалар ертегі құрастырады:

-жер жыртады;

-дәндер өсе бастайды;

-бидайдың сабақтары пайда болады;

-диқандар оны суарады;

-бидайды орады және бастырады;

-машина мен элеваторға тасиды;

-диірменге апарып тартады;

-машиналар қап-қап ұнды тасиды;

-наубайшылар наубайханада нан пісіреді;

-машинамен дайын нанды дүкенге тасиды;

-сатып алушылар дүкеннен алады;

-нан үстелде.

3. Сурет салу (өз қиялдары бойынша)

4. Тиым сөздер!

-нанды бір қолыңмен үзбе.

-нанды жерге тастама.

5. Д\ойын «Ақ бидай дәндері» муз. арқылы ойнатылады.


Бидай суреті




Суреттер
















Альбом, аквар.краска




Магнитафон


Тіл дамыту, бейнелеу өнері

























1 сағ.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12