400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша - барлық тәрбие мен білімнің бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіркелу. Республикалық байқаулар мен вебинарлар. ұстаздар мен оқушылар үшін. Жеке кабинет. астам координатор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы орта білім беретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының негізі мен «Біз мектепке барамыз» бағдарламасына сүйене отырып, оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі мектеп компонентінің талабы негізінде мектепалды даярлық тобына арнаулы курс бағдарламасы жасалды.



Құрастырған: Елек орта мектебінің тәрбиешісі К.Ж.Картова



Елек орта мектебінің әдістемелік кеңесі отырысында

(мектеп, мектепке дейінгі ұйым, мектептен тыс мекеме атауы)

«Халық ертегілеріндегі таным»бағдарламасы

(курс атауы)талқыланды.

Хаттама № «____» ______________ 2013жыл



Мектеп директоры __________ С.М.Сырбаева

(қолы)



Қалалық сараптау комиссиясының отырысында

«Халық ертегілеріндегі таным» бағдарламасы мақұлданды.

(курс атауы)



Хаттама № «____» ____________ 2013 жыл



Сараптау комиссиясы төрағасы ________ _______________

(қолы) (аты - жөні)





























ТҮСІНІК ХАТ

Мектеп жасына дейінгі балалардың жаны таза, көңілінде күдік жоқ. Сондықтан ертегі кейіпкерлері арқылы бала бойына қайырымдылық , еңбекқорлық, батылдық, адалдық дәнін егуге болады.

Бұл бағдарлама балалардың, тәрбиешілердің, ата- аналардың бірігіп жұмыс жасауына септігін тигізеді.

Ертегінің барлық жанрын пайдаланып, әр баланың қабілетін ескере отырып, танымдық қасиеттерін шыңдайды, зұлымдықты жеңеді. Балалар қашан да жағымды кейіпкерді жақтайды, соған ұқсағысы келеді.

Адалдықты, мейірімділікті, имандылықты, дарытатын ертегілер арқылы бала жаман – жақсы қылықтарды ажырата алады және қандай қасиеттердің жағымдылығын ойына түйеді.

Ертегі кейіпкерлерінің бетперделері пайдаланылады, сахналық қойылымдар қойылып, жағдайаттар шешіледі.

Бұл бағдарлама 1 сағатқа құрастырылған.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты - мектеп жасына дейінгі балада ертегі – ерекше жанр, ертегіде сиқырлы құралдар бар, балаға рухани ләззат беру.

Міндеті:

  • ертегі ерекшеліктері туралы түсінікті кеңейту;

  • ертегі кейіпкерлеріне еліктеу;

  • жаман – жақсы қылықты ажырата білу;

Балалар арнаулы курс бағдарламасын аяқтау соңында білуі тиіс:

- ертегі ерекше жанр екенін білу;

- ертегі құрастыра білу;

- қиялдарын суреттей білу;

- ертегі кейіпкерлерінен көрініс;

- әр түрлі жағдаяттарды талдау арқылы шешу;





ПІКІР



Ұсынылып отырған «Халық ертегілеріндегі таным» мектепалды даярлық кластарына арналған арнаулы курс бағдарламасы тәрбиеленушінің тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп, қоршаған орта заттары мен құбылыстары арасындағы байланыстар мен заңдылықтарды түсіну мен игеруіне қажетті барлық танымдық қалыптасушы процестерді дамытып, оларды іс-әрекетте қолдана алуын шыңдайтын бірден бір себепші бағдарлама.

Мектепке дейінгі жалпы білім берудің оқу бағдарламаларында ертегілерге сағат аз бөлінген, ал 5-6 жастағы оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін – осы жанр, сондықтан, К. Картова халық ертегілері туралы балаларға көп мағлұматты аталған бағдарлама арқылы жеткізуді жөн көрген.

Бағдарлама баланың әр затты жан-жақты көре біліп, оның ерекше сипатты белгілерін бөліп алып, басқа заттармен салыстыруда ұқсастығы мен айырмашылығын таба білуге; заттарды жіктеп, топтауға тәрбиелеп; дұрыс шешім тауып, оны әңгімелеп айтуға; тұжырымдап, ой қорытынды жасай білуге; қалыптасқан жағдайға сәйкес білімдерін қолдана алуға; тапқырлығы мен зейінділігін дамытып; бір тапсырманы шешудің бірнеше тәсілін табуға үйретеді. Сонымен бірге, ертегі кейіпкерлері арқылы жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа құштар етеді.

Берілген ертегілер балалардың қиялын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді. Мазмұны жағынан балалардың жас ерекшеліктеріне негізделген.

Аптасына бір сағаттан, жылына 32 сағатқа жоспарланған.




Пікір жазған: Ә/Б жетекшісі: В.С. Брешова











Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Жалпы орта білім беретін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының негізі

  2. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы.2011ж

Қосымша:

  1. «Отбасы және балабақша» журналы. 2010жыл

  2. «Мектепалды даярлық» журналы. 7 бет № 3 2009жыл

  3. «Мектепке дейінгі білім» журналы. №4 2011жыл

  4. «Сен білесің бе?» энциклопедиясы

  5. Ю.М.Картушина «Зеленый уголок здоровья» 12 бет 2010 жыл

  6. Бастауыш мектеп журналы 1994ж, № 3

  7. Мектеп және балабақша 2002ж, № 4

  8. «Кел ойнайық балақай» 2010ж

  9. «Ақ сандық, көк сандық» Алматы «Жазушы» 1988ж.

  10. «Жаттамақ» Алматы «Балауса»1988ж









№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

1

«Екі жел» туралы ертегісіарқылы [с] мен [ш] дыбыстарын дұрыс атау

-[Ш],[С] дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Ертегі арқылы табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну.

-Ойлау, есте сақтау қабілеті мен сөздік қорын байыту.

-Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

1) «Екі жел»

Ерте, ерте,ертеде 2 жел жер бетімен, орманмен, шөптермен ойнаймыз деп жүгіре беріпті. Олар орманға келіп: «Ш-ш-ш, шуылдақ Орман, амнсыңба?» -деп амандасыпты. Желдер ораман ішімен ашық далаға өтеді, ондағы жайқалған көкорай шалғын шөптерге С-с-с сәлеметсіңдер ме, шалғын шөптер.

-Енді сендер айтыңдаршы, балалар- «С-с-с сәлеметсіңдер ме, шалғын шөптер !»

Ш-ш-ш, шуылдақ орман амансың ба?

Педагог әрі қарай жалғастырады. «Орман оларға Ш-ш-ш...шу-шу-шу...ши-ши-ши, ал шөптер: с-с-с...су-су-су...си-си-си » деп жауап қайтарады.

2)Д\ойын «Желдер» 2 топқа бөлу: 1)орман; 2)шөптер. Дыбыстарды қайталайды.

3. Жылулық шеңберде.

Жылу берген Күнің үшін рахмет!

Өсім берген Суың үшін рахмет!

Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!







Суреттер «Табиғат»

Қоршаған ортамен танысу, сауат ашу.

1 сағ.













№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны


2

Үй құстары. «Шұбар тауық» ертегісі

-Үй құстарының тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

-Тілдерін, артистік қабілеттерін дамытуды жалғастыру.

-Үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

1. Жұмбақ:

Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. Бұл не? (Әтеш)


Ауылда жүреді,

Қыт-қыт деп дыбыс береді.

Бұл не? (тауық)


Баласын ертіп соңынан сүңгіп, жүзіп үйретті

Кім білмейді... (үйрек)


2. «Шұбар тауық» ертегісі (ертегіні сұрақтар арқылы талдау)

3. «Колумб жұмырқасы» д\ойын.

Әр балада «колумб жұмыртқасы» қиынды суреттер ойыны және сызбасы бар. Балалар үлгі бойынша тауықты құрастырады, «Колумб жұмыртқасы» неше ірі бөлшектен тұратынын санайды.

4. Ұжымдық жұмыс. «Құстар ауласы» тақырыбына коллаж жасау. Балалар 3 топқа бөлінеді.

І-топ-мақтадан бұлтты жасайды.

ІІ-топ-ермексаздан тауық бейнесін.

ІІІ-топ-ермексаздан науа жасайды.

Суреттер (әтеш, тауық, үйрек, қаз, күркетауық)











құрастыру






Картон, мақта, ермексаз, түрлі-түсті қағаз.

Тіл дамыту, мүсіндеу

1 сағ.








№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

3

Сурет арқылы ойдан ертегі құрастыру. «Кішкентай бидай дәнінің саяхаты»

-Бидайдың өсуі мен нан пісіру кезеңдерімен таныстыру, ауылшаруашылық машиналарының рөлі туралы түсінік беру.

-Сурет бойынша айдан ертегі құрастыру іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

-Нанды қастерлеу және диқандар еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

1. Жұмбақ.

Ұзын мұртты сарылар, қойынында наны бар.

Бұл не? (бидай)

2. Суреттер бойынша «Кішкентай бидай дәнінің саяхаты». Суреттерді рет-ретімен тақтаға қойып, бидай дәні нан жасалғанына дейін ұзақ та қиын жолдан өткені жайлы әңгімелейді.

Балалар ертегі құрастырады:

-жер жыртады;

-дәндер өсе бастайды;

-бидайдың сабақтары пайда болады;

-диқандар оны суарады;

-бидайды орады және бастырады;

-машина мен элеваторға тасиды;

-диірменге апарып тартады;

-машиналар қап-қап ұнды тасиды;

-наубайшылар наубайханада нан пісіреді;

-машинамен дайын нанды дүкенге тасиды;

-сатып алушылар дүкеннен алады;

-нан үстелде.

3. Сурет салу (өз қиялдары бойынша)

4. Тиым сөздер!

-нанды бір қолыңмен үзбе.

-нанды жерге тастама.

5. Д\ойын «Ақ бидай дәндері» муз. арқылы ойнатылады.


Бидай суреті




Суреттер
















Альбом, аквар.краска




Магнитафон


Тіл дамыту, бейнелеу өнері

























1 сағ.































№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

4

Уақытты дұрыс бағдарлай білу арқылы «Күнді қалай ояттық?» ертегісі

-Үй жануарлары, үй құстары туралы түсініктерін жалғастыру.

-Ертегімен таныстыру;

Сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту.

-Өзара көмекке, достыққа тәрбиелеу.

1. Жұмбақтар:

Қызыл жұмыр айдары бар, қоқиланған айбары бар.

Ауық-ауық азан салып,

Өңеш керген айқайы бар?

Бұл не? (қораз)


Ауылда жүреді,

Қытқыт деп дыбыс береді.

Бұл не? (тауық)


Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.


Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Бұл не? (сиыр)


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)


2. Д\ойын «не қалай дауыстайды?»

3. «Күнді қалай ояттық?» ертегісі.

4. Ұжымдық жұмыс. «Күн шуағы» қол еңбегін жасау.

І-топ-Ермексаздан «Күн» бейнесіне келтіріп шар илеп картонға жабыстырады.

ІІ-топ-сары күнге ұзындығы 10см болатындай күннің шуақтарын дайындайды.

ІІІ-топ-қызғылт күнге ұзындығы 10см болатындай күннің шуақтарын дайындайды.

5. Ертегісін сахналау.








Суреттер

















Тақтайша, ермексаз, салфетка





атрибуттер


Қоршаған ортамен танысу, мүсіндеу






























1 сағ.

































№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

5-6

«Ұр тоқпақ» ертегісін сахналау

-Балаларды ертегі жанрымен таныстыру.

-Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету.

-Байланыстырып сөйлеуге, қызығушылығын дамыту.

-Жавқсы қасиеттерге тәрбиелеу.

1. Жылулық шеңбері.

«Сиқырлы айналу»

Балалар көздерін жұмып әдемі әуен тыңдайды. Балаларды қайырымды, сыпайы, әдемі, ұқыпты, жақсы балаларға айналдырады.

2. «Кейіпкерлерді тап» ойыны. Өткен ертегілерінің суретін көрсетеді. Балалар қай ертегінің кейіпкері екенін тауып айтады.

3. «Ұр тоқпақ» ертегісін көлеңкелі театр арқалы жеткізу. (талдау, сұрақтар арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру)

4. «Менің сүйікті ертегімдегі кейіпкер» тақырыбы мүсіндеу.

5. Д\ойын «Сиқырлы заттар» Педагог сиқырлы заттың атын айтады, балалар заттың қай ертегіде сиқырлы әрекеттер орындайтынын табады, ертегісінің атын айтады.(сиқырлы таяқша, алтын жұмыртқа, алтын балық, ұр тоқпақ т.б)

6. «Ұр тоқпақ» ертегісін сахналау.

Музыка әуені






Суреттер



Суреттер: қазан, ұр тоқпақ




Суреттер арқылы

Тіл дамыту, музыка

2 сағ.











№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

7-8

«Қарлығаш пен дәуіт»ертегісіндегі геометриялық кескіндерді табу

-Дала құстары жәнеижәндіктер туралы түсініктерін жалғастыру. Балаларды ертегісімен таныстырып, ертегі арқылы жақсы, қайырымды істер жасауға үйрету.

-Ертегінің соңын өз қиялдары бойынша аяқтау арқылы қол еңбегі әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

-Достық, қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

1. Жұмбақтар:

А)Балалармен достасып,

Жазда бавқты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі... (қарлығашты)

Ә)Жап-жасыл боп денесі,

Ұшады да жүреді.

Өзінен ұсақ жәндікті

Сап еткізіп жояды.

Бұл не? (дәуіт)

2. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі(ертегісін талдау сұр.арқылы)

3. Д\ойын «Суреттер топтастыр»

Балалар өзара келісе отырып құстарға тән ерекшеліктер бейнеленген(тұмсық, жұмыртқа, қанат т.б) суреттерді топтастырады.

4. Ұшты-ұшты ойыны.

(арба, қарлығаш, қарындаш, дәуіт, т.б.)

5. «Қарлығаштың ұясы» қол еңбегі. «Қарлығаш» киелі құс. Қай жерлерге ұя салатынын анықтау. Балалар қарлығаштың ұясын шыбықтарды айқастыра отырып жасап, ішіне мақта салу, жұмсақ болуы үшін.




















Шыбықтар, мақта

Қоршаған ортамен танысу, қол еңбегі

2 сағ.





№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

9

Ертегілер әлеміне саяхат

Өткен ертегілерді пысықтап, өз қалаулары бойынша ұнатқан ертегілердің рөліне еніп ойнауға, диалог, монолог түрлеріндегі сөздерді дауыс ырғағына келтіре айтуға үйрету. Ертегілерге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін-өзі еркін ұстауға тәрбиелеу.

  1. Біз не білдік? Суреттер бойынша жұмыс.

А)

Құстарға қамқорлық көрсету.Олардың адамға көп пайдасы бар.

Құстар суреті


Ә)

Әсемдік береді, ауаны тазартады

Өсімдіктердің суреті


Б)

Жануарларға қамқорлық көрсету, олардың адамға көп пайдасы бар


  1. Д\ойын. «Кейіпкерлерді тап!» Өткен ертегілерінің суретін көрсетеді. Балалар қай ертегінің кейіпкерлері екендігін тауып айтады.

  2. Өз қалаулары бойынша ұнатқан ертегісін сахналау.

  3. «Менің сүйікті ертегімдегі кейіпкер!»

Тақырыбына сурет салу.

  1. Көрме ұйымдастыру.

Сурет арқылы






















Суреттер



Атрибуттар



Ақ қағаз, гуашь, қыл қалам,салфетка

Тіл дамыту, бейнелеу өнері

1 сағ.






№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

10

«Әтеш пен тышқан» ертегісін сахналау

-Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс –әрекеттерін бағалауға, мұқият тыңдауға үйрету.

- Байланыстырып сөйлеуге, қызығушылығын дамыту.

- Еңбекқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.

1. Мақал – мәтелдер.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті

(талдау)

2. «Әтеш пен тышқан»

(оқу, талдау, кейіпкерлерге мінездеме беру)

Әтеш – еңбекқор

Тышқан – жалқау.

3. Сахналау.

4. Д/ ойын. «Жақсы», «Жаман».

5. Сурет салу. (өз қиялдары бойынша)

6. Біз не білдік?

а) Ертегілер бізді батыл, адал, еңбекқор болуға жетелейді.

ә) Тышқандар дәнді – дақылдармен бақша өнімдерін жақсы көреді.







Суреттер



Атрибуттер

Доп арқылы

Альбом, акварельный краска, қылқалам.


Көркем әдебиет, бейнелеу өнері

1 сағ.













№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

11-12

«Жеті қазынаның бірі» ертегісі арқылы жеті қазынаны табу

-Балаларға жеті санының киелі екенін, жеті сурет бойынша ажырату.

- Жеті қазынаны айтуға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, айтылған ертегі бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.

- Достық қарым – қатынаста болуға, бір – бірін құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.

1. Суреттер арқылы жұмыс.


  1. Ер жігіт – елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат.

  2. Әйел (ана) – ол анамыз, біздің ақылшымыз.

  3. Ақыл, білім (түсіндіру)- ақыл мен ойлап, біліммен оқып, ізденесің.

  4. Жүйрік ат – баратын жерге жеткізеді.

  5. Берең мылтық – аш болмайсың аң аулайсың.

  6. Қыран бүркіт – құстың мықтысығ сенің қорғаушың.

  7. Жүйрік тазы (ит) – адамның досы, көмекшісі, қорғаушысы.

2. Ертегісі«Жеті қазынаның бірі».

(тыңдау, талдау сұрақтар арқылы, кейіпкерлерге мінездеме беру)

3.Қ/ ойын.«Аңшы»

(Мысық пен тышқан ойынының желісі бойынша)

4. Біз не білдік?

Бүркіт – қыран құстардың алыбы.

«7» - қасиетті, киелі сан.

Жеті қазынаның суреттері.

















Атрибуттар

Тіл дамыту

2 сағ.









№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

13

«Арыстан мен қоян» ертегісі арқылы үлкен-кіші ұғымдарды тану

-Жабайы туралы түсініктерін жалғастыру.

-Ертегісімен таныстыру, ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

1. «Кейіпкерді тап» - ойыны.

Балаларға өткен ертегі кейіпкерлерінің атын айтау немесе суретін көрсету. Ал балалар қай ертегінің кейіпкері екенін тауып айтады.

  • Ертегілер бізге не үйретеді?

2. Жұмбақтар:

а) Далада жүр шапқылап,

Керемет тым сақ құлақ.

Тек есектен басқада,

Оған ұқсас жоқ құлақ.

Бұл не? (қоян)

ә) Тістерім менің тым қатты,

Бәрі меннен қорқады.

Патшасымын аңдардың

Боламын мен ..... (арыстан)

3. «Арыстан мен қоян» ертегісі.

(тыңдау, талдау, сипаттама беру).

4. Д/ ойын «Балаларын ата».

Педагог балалардың біріне доп лақтырып жануардың атын атайды. Ал бала аталған жануардың баласының атын атап, допты қайтарады.

«Біз не білдік?»

Жабайы аңдар – табиғаттың бір бөлігі.


Суреттер арқылы






Қоянның суреті






Арыстанның суреті





доп

Тіл дамыту, ҚМҰТ

1 сағ.









№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

14-15

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін көлеңке театры арқылы сахналау

-Жабайы аңдар мен үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.

-Ертегісімен таныстырып

-Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс-әрекеттерін бағалауға үйрету.

-Балалардың сөздік қорын, шығармашылығын дамыту.

-Ертегі арқылы адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу.

1. «Сиқырлы айналу».

«Ертегілер» әнін тыңдап, әуенге сай билейді. Педогог қолына «Сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналдырады. Балалар бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады.

2. Жұмбақтар:

А)Жыртқыш аңмын

Тістерім қатты

Бәрі менен қорқады.

Бұл не? (қасқыр)

Ә)Тастан-тасқа секіреді

Қалқиып қос құлағы

Ойын оның көкірегі

Аула оның тұрағы. (лақ)

3. «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі

(тыңдау, талдау, кейіпкерлерге сипаттама беру, 7-қасиетті, киелі сан екендігін ұғындыру)

4. «Менің сүйікті ертегімдегі кейіпкер» тақырыбына сурет салу.

5. Көрме ұйымдастыру.

6. «Біз не білдік?»

-Ертегі әлемінде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді.


Музыка арқылы









Қасқырдың суреті




Лақтың суреті





Аквар.краска, ақ қағаз, қылқалам, салфетка

Тіл дамыту, бейнелеу өнері, музыка

2 сағ.









№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

16

«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі арқылы әр түрлі пішіндерден қоянға сыйлықтар бейнелеу

-Қоянның тіршілігімен ертегісімен таныстыру.

-Қызығушылығын ояту, сөздік қорын дкамыту.

-Аңдардытқорғауға тәрбиелеу.

1. Жұмбақ.

Далада жүр шапқылап,

Керемет тым саққұлақ.

Тек есектен басқа да

Оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)

2. Өлең«Ұзын құлақ, сұр қоян»

3.«Қоянның құлағы неге ұзын?»

(ертегісін оқу, талдау, сипаттау)

Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендірді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне кірпіні, түлкіні, қасқырды шақырды.

-Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян!-деп кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.

-үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі,-деп Түлкі келді.

-Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсын ! – деп, Қасқыр бір шоқ қалампыр гүлін ұсынды.

- Аю неге кешікті ? – деп төртеуі бір – біріне қарады. Біраздан соң есік сыртынан, тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.

- Туған күнің құтты болсын ! – деп, Қоянның құлағын созып тартады.

Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Соннан бері Қоянның құлағы ұзын екен.

4.«Қоянның туған күні» тақырыбына сурет салу. (сәбіз, орамжапырақ)

Қоянның суреті


























Ақ қағаз, акварель

Тіл дамыту, бейнелеу өнері

1 сағ.



№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

17-18

«Үш торай» ертегісін сахналау

-Торайдың тіршілігімен және ертегімен таныстыру.

-Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың іс – әрекеттерін бағалауға үйрету.

-Балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

1.Жұмбақ.

Күлгін түсті,

Өзі пысық, торсықтай.

Ол ойнайды, қышқырады,

Мекендейді қорада.

Бұл не? (торай)

2. Сурет бойынша әңгімелеу.

3. «Үш торай» ертегіні ( тыңдау, талдау сұрақтар бойынша, сипаттама беру).

Ағасы – наф – наф- ақылды, тиянақты еңбекқор .

Інілері – нуф – нуф, ниф- ниф қандай болған?

4. Дидактикалық ойын. «Балаларын ата»

5. «Көлеңке» музыкалық дамытушылық ойын.

Түлкі, түлкі, жолама.

Кірме біздің қораға.

Онда біздің торайлар!

Аңдып келген түлкіні

Атай былай қорқытты!

Балалар өлеңді әндете айтып түлкінің жүрісін, түлкіні ұрған қимылын бейнелейді.

6.Сахналау (ертегіні)

7.Біз не білдік? Шошқаның төлі – торай.


Торайдың суреттері












Суреттер

Музыка арқылы









Атрибуттер

Көркем әдебиет, музыка

2 сағ.





№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

19

«Ит пен мысық адамға қалай дос болады» ертегісі арқылы үй хайуанаттар композициясын құрастыру

-Мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту.

-Тілін дамыту, сөздік қорын тереңдету.

-Ертегінің соңын өз қиялдары бойынша аяқтау арқылы: сурет салу әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

-Үй хайуандарына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.

1.Жұмбақтар:

Ұрлап ішіп үйде сүтті қоймайды,

Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.

(мысық)

Адамға серік,

Күзетке берік. Бұл не?(ит)

2. Әңгімелеу.

Кімнің мысығы мен күшігі бар екендігін сұрап, оларға жылы сөз айтып жұмсақ ойыншық арқылы түр мен түсін сипаттауды ұсынады. Ит – жеті қазынаның бірі, үйдің сақшысы, ал мысықтың түрлі ауруларды емдейтін қасиеті барлығын, олардың үй хайуандары екенін айтады.

3. «Ит пен мысық адамға қалай дос болады» ертегісі.

(тыңдау, талдау,сипаттау)

4.Қимылды ойын «Мысық пен тышқан»

5. «Менің сүйікті мысығым, күшігім» тақырыбында композициясын құрастыру.

1топ- мысықты

  1. топ – күшікті

6.Өлең.

Итім, итім, итім –ай,

Түн үресің бір тынбай.

Қожайынға адалсың,

Жақсы көрем мен сені

Қамқорым да өзіңсің

Үйімдегі көзімсің.

Мысықтың суреті






Жұмсақ ойыншықтар

Мысық, күшік










Атрибуттар

Ақ қағаз, акварель краска, қылқалам, салфетка




Тіл дамыту, құрастыру

1 сағ.



№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

20-21

«Кім неден күшті?» ертегісі арқылы құмырсқаның еңбекқорлығын суреттеу

-Жабайы аңдар мен үй жануарлары туралы түсініктерін жалғастыру.

-Ертегі арқылы табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну.

- Ойлау, есте сақтау қабілеті мен сөздік қорын дамыту.

-Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

1. Жылулық шеңберде.

Жылу берген күнің үшін рахмет!

Өсім берген суың үшін рахмет!

Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!

2. Дамытушылық ойын «Мен және аспан».

Мақсаты: Аспандағы бұлттарды түрлі заттарға ұқсатып айтады.

3. Ерте, ерте, ертеде

Ешкі жүні бөртеде

Қырғауыл жүні қызыл екен

Мұзға барып қонған екен

Жамбасын ауыртып алған екен

Сол уақытта қырғауыл барып

Мұздан сұрапты..

«Кім неден күшті?» ертегісі (тыңдау, талдау сұрақ – жауап арқылы, кейіпкерлерге сипаттама беру)

4. Ертегіні сахналау. ( күн, бұлт, мұз, жусан, қошақан, қасқыр, мерген, құмырсқа).

5. Қимылды ойын «Күн, ауа, су» - (доп арқылы ойнату).

6. Құмырсқаны бейнелеу.

7.«Біз не білдік?»

Табиғатты аялайық !








Қырғауыл. Құстар суреті.









Атрибуттер


Атрибуттер

Аквар. краска

Тіл дамыту, бейнелеу өнері

2 сағ.





№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

22-23

Наурыз-жыл басы. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі

Жыл мезгілдері, ай атаулары, апта күндері туралы түсініктерін кеңейту.

-Ертегі желісі бойынша шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру; ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.

-Ұжымда достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

1. Жұмбақ

Күн ұзарып, қар еріп,

Су-сайларға толады.

Бұл қай кезде болады?

2. Сұрақ-жауап ойыны(көктем)

-кімнің туған күні көктемде?

-бір жылда қанша ай бар?

-аптада қанша күн бар?

3. Наурызжыл басы.

(әңгімелеу)

4. «Не қалай жүреді?»

(саусақ ойыны)

(кейіпкерлердің аттарын еске түсіріп, қайсысы қалай жүретінін саусақтарын қимылдата отырып көрсетуді ұсынады. Жылқының шабысы, түйенің тұрысы, сиырдың қозғалысы, иттің жүгіргені, тышқанның тығылғаны т.б)

5.«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін (тыңдау, талдау)

- осы ертегідегі кейіпкерлер алдына қандай мақсат қойды деп ойлайсыңдар?

-бір мүшелде неше жыл бар?

-жылдарды атаңдар.

6. «Санайық» ойыны

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» атты ертегідегі кейіпкерлерді санауды ұсынады. Сонымен бірге «Наурыз көжеге» қосылатын тағамдарды санайық. Суреттер бойынша.

7.Сахналау.

8. «Наурыз тойы» ән айту.

9. Не білдік?

-наурыз ынтымақ-бірлік мейрамы

1 мүшелде-12жыл, 1 жылда – 12 ай бар, 12 айдың атауы бар.




сурет





Тіл дамыту




Айналамен танысу

2 сағ.

№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

24

«Ертегілер еліне саяхат»

-Ертегілердің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңіту.

-Жандандыру мен құрастыру барысында шығармашылығын дамыту.

-ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.


1.Сиқырлы айналу.

Балалар үнтаспадан «Ертегілер» әнін тыңдап, әуенге сай билейді. Педагог қолына «Сиқырлы таяқшаны» алып, әр баланы түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналдырады. Балалар бір-біріне ертегі кейіпкерлері атынан тілектер айтады. «Мен-Қызыл телпекпін, сендерге қайырымды, сыпайы болуды тілеймін. Мен-Бауырсақпын, сендерге ыстық ықылас тілеймін...»

2. Жандандыру. «Кейіпкерді тап» ойыны. Өткен ертегілердің атын атау немесе суретін көрсету арқылы.

(Ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Ертегілерде жақсылық қашан да жамандықты жеңетінін көрсетеді)

3. «Ғажайып сарай» тақырыбына құрастыру.

І-топ-аңдарға, ІІ-топ-құстарға, ІІІ-топ- үй жануарларға үлкен, ұсақ ағаш бөліктерінен және өз қалаулары бойынша басқа материалдарды пайдаланып, ертегідегі кейіпкерлерге арнап «Ғажайып сарай» құрастырады.

4. Біз не білдік?

Ертегілер бізді батыл, адал, еңбекқор болуға жетелейді.





Сиқырлы таяқша






суреттер






Құрастыр

ғыштар

Табиғи

материалдар








Тіл

дамыту

Құрастыру


1 сағ.





№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

25

«Тышқан мен торғай» ертегісі арқылы тышқанның бейнесін мүсіндеу

-Ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін көруге, толардың іс-әрекетін бағалауға үйрету.

-Жандандыру мен мүсіндеу барысында шығармашылығын дамыту.

-ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

1. Жұмбақтар.

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып

Кім біледі? (торғайды)

2. «Сиқырлы дорба» амыт\ойын

А)тышқан

Ә)құс (екі ойыншыққа сипаттама беру)

3. «Тышқан мен торғай» ертегісін (тыңдау, талдау, кейіпкерлерге мінездеме беру)

4. Ертегінің үзіндісін сахналау.(тышқан, торғай және Шопан ата)

5. «Менің сүйікті ертегімдегі кейіпкер» тақырыбына мүсіндеу.

Балалар өз еріктері бойынша сүйікті кейіпкерлерін мүсіндейді. Өздері мүсіндеген ертегі кейіпкерлерінің қимылын музыка ырғағымен келтіреді.

6.Біз не білдік?

Ертегілер бізді батыл, адал, еңбекқор болуға үйретті.

Торғайдың суреті




Амыт\ойынға ойыншықтар










Магнитафон







Қоршаған ортамен таныстыру,тіл дамыту

1 сағ.













№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

26

Кірқожалақ қыз туралы жағдаятты талдау

-Салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру, жағдаят арқылы адамның дене мүшелері, күн тәртібінің маңызын түсіндіру.

-Ақыл-ойын, қиялы мен фантазиясын дамыту.

1. «Сиқырлы айналу»

Балалар көздерін жұмып әдемі әуен тыңдайды. Педагог балаларды қайырымды, сыпайы, әдемі, жақсы балаларға айналдырады.

2. Жұмбақ өлеңдер- «бұл не?»

А)Ертемен күнде сен, қолыңа сүйкесең

Кетіп кір ласың, тап-таза боласың. Бұл не? (Сабын)

Ә)Шомылған баланы, аймалап алады,

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды. Бұл не? (Сүлгі)

Б)Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақта тісі бавр,

Басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)

В)Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,

Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не? (Айна)

3. Тазалық туралы әңгімелеу.

4.Жағдаят. (талдау)

Ертеде бір Кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі ең жек көретін нәрсесі-қолын жуу және жуыну екен.

-Қыздың атын неліктен кірқожалақ деп ойлайсыңдар?

Жуынбағандықтан қолында, аяғында күс пайда болады. Ондағы микробтар бүкіл денесіне Кірқожалақ қыздың тарайды.

-Егер микробтар ауыссе не болады?

Ауыз арқылы ішке кірген микробтар қызды ауруға шалдықтырады.

-Ауырған қызға қандай көмек беруге болады?

Дәрігер қыз баланы тексеріп, оның ауруының себебін біліп, қолды күнделікті және күніне бірнеше рет жуу қажет екенін есіне салып, ауруды жеңетін ғажайып заттыц ұсынады.

-Дәрігер қандай ғажайып зат ұсынады?(сабын)

-Қолды қалай дұрыс жуу керек?

-Әрқашан мсұнтаздай таза да сүйкімді болып жүру үшін не істеу керек?

5. «Менің бір күнім» (Күн тәртібі) суретпен жұмыс

6. Д\ойын «Жақсы-жаман» (доп арқылы)

7. Біз не білдік?

Адам-дені сау, мықты, күшті болуы үшін күн тәртібін сақтау керек.


магнитафон











Суреттер

Сабын

Сүлгі

Тарақ

Айна


























Сурет «Күн тәртібі»

Доп







Көркем әдебиет, экология

1 сағ.





№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

27

«Түлкі мен ешкі»ертегісі арқылы пішіндерден түлкі бейнесін жапсырмалату.

  • Ертегі жанырымен таныстыруды жалғастыру.

  • Ертегідегі кейіпкерлерге мінездеме беру арқылу қию әдістерін меңгерте отырып түлкі бейнесін жапсырмалату.

  • Балалардың шеберлігін арттыру, шығармашылық ой – өрістерін дамыту.

  • Кейіпкерлердің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.


  1. Жұмбақтар.

а) Жақпар тастың астында,

Қызыл тонды қыз жатыр. (түлкі)

ә) Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. (ешкі)

  1. «Сұрақ - жауап» ойыны.

(осы кейіпкерлерге байланысты)

  1. «Түлкі мен ешкі»

(тыңдау, талдау, сипаттау)

  1. «Біз не білдік?»

Түлкі – қу, алдампаз, жыртқыш аң.

  1. «Ормандағы түлкі» тақырыбына бүктеу әдісін пайдаланып, түлкінің денесін қиып ақ парақ бетіне жапсырмалау.(Ұжымдық жұмыс)

  2. Дамытушылық / ойын.

«Сиқырлы заттар»

Сиқырлы заттың атын атайды, балалар өткен ертегілерді еске түсіріп, заттың қай ертегіде сиқырлы әрекеттер орындайтынын табады.




Суреттер










үлгі




Тіл дамыту,

жапсыру

1 сағ









№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

28

«Гигия мен Панацея » Грек елінің аңыз арқылы бейнелеу.

«Сабын көпіршіктері»

  • Жеке бастың тазалығы және гигиена туралы түсініктерін жалғастыру.

  • Аңыз желісі бойынша сурет салу іскерліктерін арттыру; қиялын дамыту; мазмұнын әңгімелеп беруін; сөздік қорын молайту.

  • Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

  1. Сиқырлы айналу.

Балалар көздерін жұмып әдемі әуен тыңдайды. Педагог балаларды қайырымды, сыпайы, әдемі, жақсы, тәртіпті балаларға «айналдырады».

  1. «Күн тәртібі» дамытушылық ойын.

(«Күн тәртібі» бойынша реттеп қояды, талқылайды, балалармен күн тәртібі, оны сақтаудың маңызы туралы әңгімелеседі).

  1. Грек елінің аңызы «Гигия мен Панацея»(оқу)

  2. «Сұрақ – жауап » ойыны.

(аңызды талдау)

  1. «Сабын көпіршіктері» тақырыбына сурет салу.

Сабын көпіршіктеріне бояу қосып әр балаға беріледі. Балалар ақ қағаз бетіне түрлі – түсті көпіршіктерді қондырып, бояйды. Әдемі боялған қағаз беттерін көрмеге іліп тамашалайды.

  1. Көрме ұйымдастыру.

  2. «Біз не білдік?»

Тазалық болған жерде денсаулық болады.







Суреттер







Үлгі бояулар







Валеология; тіл дамыту; бейнелеу өнері.

1 сағ



Грек елінің аңызы «Гигия мен панацея». Оқу.Талдау.

«Ежелгі заманда грек елінде бір атақты Эскулап деген емші – дәрігер өмір сүріпті.

Эскулаптың екі қызы болыпты: панацея және Гигия. Екеуіде әкесінің жолын қуып , емшілікпен айналысқан екен.

Панацея ауру адамдарды таблеткамен, сұйық және ұнтақталған түрлі дәрі – дәрмекпен емдейтін. Панацея адамдарды барлық ауру түрлерін емдейтін бір «сиқырлы» дәрі бар деп, жылға – жыл, ғасырға – ғасыр қосып, бүгінгі күнге дейін соны іздеумен жүр.

Эскулаптың екінші қызы Гигия болса әпкесінің осы ойымен келіспейтін, ол мұндай дәріні табу мүмкін емес деп айтатын. Гигия дәрілік шөп – өсімдіктермен емдеп, көбінесе жылы сөзбен, ақыл – кеңеспен бағыт беріп, ауру адамдарды денсаулықты қалай алдын ала сақтау керектігін айтып үйреткен екен.

Гигия және оның шәкірттері жан – жаққа тарап, адамдар арасында дұрыс өмір сүрудің заңдылықтарын түсіндірумен жүр. Олардың ойынша – адамдардың ауыратын себебі: табиғаттың заңдылықтарын білмегендіктен және оны дұрыс сақтамағандықтан. Сондықтан адамдар өзара табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, табиғаттың сыйын дұрыс пайдалануды үйренулері керек.

Қазіргі заманда адамдар осыны түсініп, табиғаттың ашылмаған неше түрлі құпия – сырларын зертеп, оларды өмірде пайдалануға үйреніп, денсаулықтарын бала күнінен күтіп, сақтап, нығайтып, ауруға жол бермеуге тырысады.

Жылдан жылға Гигияның жолын қуған адамдардың саны көбеюде. Мықты, рухани жағынан таза, адамгершілігі мол, қайырымды, ерекше сұлу олар – табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруде».













№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

29-30

Төрт дос ертегісі арқылы «Достық пойызын» құрастыру.

-Дос туралы түсініктерін жалғастыру.

- Ертегі желісі бойынша құрастыру іскерліктерін арттыру, қиялын дамыту.

- Достыққа тәрбиелеу.

  1. «Поезд» дамытушылық / ойын.

«Глубой вагон» әуеніне.

  1. Өлең.

Біздің топта балалар

Тату – тәтті ойнайды

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

  1. «Достық » туралы әңгімелеу.

  2. «Төрт дос» ертегісі.

(оқу,талдау)

  1. «Достық пойызы» тақырыбына құрастыру (шырпы қораптарын). Балалар шырпы қораптарын бір біріне жалғастырып, дөңгелектерін жасап, орнатады. Барлық вагондарды біріктіреді.

  2. Жаңылтпаш.

Далада Дана да доп ойнап жүр

Далада Сана да доп ойнап жүр.



Магнитафон








Суреттер


Шырпы қораптары, желім, қайшы, түрлі – түсті қағаз.



Тіл дамыту;

Құрастыру, музыка.

2 сағ













№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

31

Жабайы аңдар.

«Арыстан мен түлкі»

-Жабайы аңдар туралы түсініктерін жалғастыру;

- ертегімен таныстыру.

-Ой – өрістерін дамыту, сөздік қорын молайту.

- Жануарлдарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

  1. Жұмбақтар.

а) Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айғай мен шу. (түлкі)

ә) Жазда қыдырады

Қыста тынығады. (аю)

  1. Әңгімелеу. «Жабайы аңдар»

  2. «Арыстан мен түлкі»ертегісі.

(тыңдау, сиптатау, мінездеме беру).

  1. Дамытушылық ойын. «Жануарлардың үйшігін құрастыр»

(геометриялық пішіндерден жануарлардың үйшігін құрастырады).

  1. Дамытушылық ойын. «Не қалай дыбыстайды?»

Түлкі шәуілдейді, Арыстан ырылдайды, қасқыр ұлйды, аю өкіреді.

Суреттер








Құрастырғыштар



суреттер

Тіл дамыту; қоршаған орта мен таныстыру; құрастыру.

1 сағ









№

Тақырыбы

Мақсаты мен міндеті

Тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар

Көрнекі - құралдар

Пәнаралық байланыс

Сағат саны

32

«Аңқау аю» ертегісі арқылы «Қысқы аңдар» коллажын жасау.

-Аю туралы түсінік беру және ертегісімен таныстыру.

-Есте сақтау қабілетін; ертегі желісі бойынша шығармашылық ой – өрістерін дамыту.

-Жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.


  1. Жұмбақ.

Жазда қыдырады

Қыста тынығады. (аю)

  1. «Аю туралы білейік».

Өсімдікпен қатар аюлар жануарлар етімен де қоректенеді. Аюлар шөп жегенде, сиыр сияқты жайылады. Сонымен бірге араның балында жақсы көреді. Қысқы ұйқыға кетер кезде жақсы қоректеніп, денесіне май жинап алады.

Аюдың баласы – қонжық.

  1. Ертегісін айту. «Аңқау аю».

(талдау, сипаттама беру).

  1. «Қыстағы аңдар» тақырыбына коллаж жасау.

Картонның бетіне ұнтақ жануарлардың бейнесін салады.Аңдардың бейнесі «ПВА», «момент», «желім» желімімен боялады да, манка немесе күріш себіледі.





суреті





Қоршаған орта мен танысу, құрастыру, тіл дамыту.

1 сағ





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 ақпан
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі