жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Балабақша - мейірім мекені
«Балабақша - мейірім мекені»
Жас педагогтер арасында байқау.
Мақсаты: Жас педагогтердің біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Жүргізуші:Қайырлы күн, әріптестер «Балабақша - мейірім мекені» атты жас педагогтар байқауына қош келдіңіздер!
Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына
адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті сіңіріп
тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам
өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны
тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын – тәрбиеші, яғни
педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай атамыз айтқандай
«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей болашақтың
бақыт жасын салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда біздің
тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.
Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына
адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейрімділік, әділдікті сіңіріп
тәрбиелеуді көздейді. Рухани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам
өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны
тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын – тәрбиеші, яғни
педагог. Тәрбиеші тәрбие ғана беріп қоймай, Абай атамыз айтқандай
«Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан»,- дегендей болашақтың
бақыт жасын салады. Мұндай ізденіс - бүгінгі таңда біздің
тәрбиешілеріміздің бойында ұшаң теңіз.
Бүгін бізде үлкен мереке! Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтары сүйіспеншілік, мейірімділік, әділдікті сіңіріп тәрбиелеуді көздейді. Руһани тәрбие балалық шақтан бастау алып, адам өмірінің әр кезеңінде дами отырып нәтижесінде дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс алады. Ал осы құндылыққа жол ашатын- педагог. Абай атамыз айтқандай: «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан»-дегендей мұндай ізденіс бүгінгі таңда бідің педагогтарымыздың бойында ұшан теңіз!
Жүрекке адалдықтың еккен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты педагогқа шын көңілден
Жолдаймыз сәттілік пен сәлем бүгін,- дей келе қатысушыларымызды қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Ал, қанекей,
келіңіздер!
Бір - біріңе серік болып
еріңіздер,
Білгендеріңізді тексеріп, еске
түсіріп,
Балабақша –мейірім мекені
байқауында
Бақтарыңды сынап, қатысып бір
көріңіздер.
1.Алдажарова Гүлдана Шалғынбайқызы.Ұстанымы: «Білім кілті ізденісте»
2.Казмамбетова Тәттігүл Кемалқызы. Ұстанымы: «Білсе білім - күнде бақыт кісіге, Үлкен атақ содан келер кішіге»
3.Утеген Айгерім Қожантайқызы. Ұстанымы:«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»
4.Нұрдәулет Ақерке Сәтбайқызы .Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ.»
5. Тұрғанбай Сәбира Тұрғанбайқызы. Ұстанымы: «Өнерлі ойға ие, өнегелі тұлға қалыптастыру»
6.Қонысбай Ұлбосын Қонысбайқызы.Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»
Жүргізуші:
«Баталы жан арымас...» дегендей бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен балабақшамыздың меңгерушісі Эльмира Жалпақбайқызын ортаға шақырамыз.
Педагогтер білімін
салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін
шабыстырып,
Әділдікті қолдайтын баға
беріп,
Жіберейін қазыларды
таныстырып.
Бүгінгі байқауымызда сіздердің өнерлеріңізді
бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс
болыңыздар.
1.Балабақшамыздың меңгерушісі Нұрмағанбетова Эльмира Жалпақбайқызы
2.Балабақшамыздың әдіскері Садуақасова Найла Әбдімұратқызы
3.Тәлімгер тәрбиеші Алғазиева Райкүл Сақтағанқызы
4.Тәлімгер тәрбиеші Жолмырзаева Айнұр Рғызбайқызы
І-кезең«Өзімнің өмірдерегім» (түрлі жанрда 2 минуттық таныстыру)
ІІ- кезең «Білегіңе емес біліміңе сен,білім таусылмайтын кен»(Сұрақ-жауап)
ІІІ-кезең «Өнердің өрі- таланттың төрі»
ІV- кезең«Поэзияны жалғастыр»
Олай болса сайысымызды бастаймыз. І-ші кезең «Өзімнің өмірдерегім» тақырыбымен сайыскерлер өздерін таныстыратын болады.
Бәйге қуып, педагогтер өтер деймін.
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен 6 педагог кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін- деп кезекті сайыскерлерге береміз
Жүргізуші:
ІІ-ші кезең «Білегіңе емес біліміңе сен,білім таусылмайтын кен»жас педагогтердің интеллектісі мен білгірлігіне кезек берсек. Бұл кезеңде әр қатысушыға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
Жүргізуші:
-
Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
-
Астана қай өзеннің бойында (Есіл)
-
Бес арысты атаңыз (М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
1. Жартысы ащы, жарты бөлігі
тұщы көл (Балқаш)
2. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?
/Б.
Соқпақбаев/
3. «Қатынас» білім беру
саласының ұйымдастырылған оқу
қызметтері?(Сөйлеуді дамыту,
Көркем әдебиет, Сауат ашу негіздері, орыс
тілі)
1. 14 облыстан құралып тұрған
ел (Қазақстан)
2.Үш бәйтеректі атаңыз (Сакен, Ілияс,
Бейімбет)
3. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған мақаласы қалай
аталады? (Тәуелсіздік бәрінен
қымбат)
1.«Мұхтар Әуезовке мемлекеттік
сыйлық не үшін берілді?/Абай жолы эпопеясын жазғаны
үшін./
2. Қазақ ең алғашқы
ғарышкері./Т.
Әубәкіров./
3. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған Тәуелсіздік
бәрінен қымбат мақаласы қай күні шықты? (05қаңтар,2021жыл)
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу
құралы(Әліппе)
2. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай
тазы, берік мылтық. Қыран
бүркіт.)
3. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты
білген?
(Үркер)
1.
Жеті
атаны атаңыз.
(бала, немере, шөбере, шөпшек,
немене, туажат, төрежат.)
2.Мемлекеттік рәміздер
бекітілген күн
(1992 жыл, 4
маусым)
3. Қазақтың соңғы ханы (Кенесары)
ІІІ-кезең «Өнердің өрі- таланттың төрі»
«МЮНСТЕРБЕРГ» әдістемесі бойынша
Адамның зейіні алмастан да өткір деп жатамыз зейінділік,зерделік соның ішінде тәрбиешілер үшін де аса қажетті.
«МЮНСТЕРБЕРГ» әдістемесі бойынша
Бұл әдістеме зейіннің
таңдамалылығын анықтауға бағытталады.
Нұсқау: Сіздерге екі минут уақыт
беріледі.
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінгенйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақтайтынаьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюбжддөнержлдрлпбілімгеосиибоқұштарпраыар –
цккунамысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгіліккуүғүнлпмпвкөрсетіпнкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекыеибжпэболуыФъхузъекерекщнщрммөцщ
АпкеплиАрыстандайлчапщрлхзещьтайбаттылбывнзрзлрьжолбарыстайьжэжодлзохпсъхьзлъқайраттыохдзлхглөгшққырандайөһеьщхзрпщхзашокүштіимаригврашгпруышқанаттыапиомдиолмлимендлимджилпжщлрещзшржастарғащзшщпзшлсенемінимзщилдепмилжмплижзақынпщрзпМағжаншрщпПРзтлсчждсвдвзшажұмабаевшкұпиовү,ууғүаржырлағандайвнашгрпрбіздіңдещшнүапрнвпсжастарғаоилтдощнартарршапогмоиоиоисенімімізлрдощршпгпнсмолапвевеанапсенімгилтзотзбарлжьдсмдыжерделфоцуовлаүмітдмижижбартжтжьжьүміт
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген