400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің сценарийі берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мадешова Алуа Архабаевна

«Тілек» бөбекжайы

Қарағанды қаласы


Балабақша алтын бесік /Ересек топқа арналған іс-шара/


Балабақша ауласы 1- Қыркүйек- Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші балаларды мерекемен құттықтайды.

Жүргізуші:

Қастерлемес даңқын кім,

Қадірлемес салтын кім?

Әнұраны елімнің,

Үні, Тілі халқымның!


Әнұран орындалады.


Жүргізуші:

Сәлем, достар, балалар!

Жаңа білім күнімен!

Білім күні- мереке,

Ән салсам да әдемі.

Туған тілім- береке,

Сөз арнасам кәделі!


Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз». (сөзі: Е. Өтетілеуов, әні: И. Нүсіпбаев).


Жүргізуші:

Жаңа киім үстімде,

Мақтанғым да келеді.

Білім тойы үстінде,

Шаттанғым да келеді,- деп біздің «Тілек» балабақшасының балалары мерекеге орай әдемі киініп келген екен, енді сіздерге арнап тақпақтар айтып береді.

Бала:

Ән салайық, келіңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Білім күнін тойлайық,

Би билейік, ойнайық.


Би: «Тойға шашу»


Бала:

Ұстаздар – ұлттың тірегі,

Ұстаздар- білім жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.

Бала:

Кітап- білім кеніші,

Білім- елдің өрісі.

Татар дәмді тәтті етер,

Ащы еңбектің жемісі...

Бала:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.


«Кішкентай данышпандар» биі.

Жүргізуші:

Бақшаға сен келесің,

Баураған бар ұлт баласын.

Тәртіппен алсаң білімді,

Өмірден жол табасың,- дей отырып, тағы да балалардың өнеріне кезек берейік.

Бала:

Шу-шу етіп жан-жақтан,

Шаршатқан да болармыз.

Жанға тыныш жаз айы,

Өтіп міне күз келді.

Бала:

Апай бәрін зерттейді,

Ортақ ойға шақырып.

Жамандыққа ертпейді,

Тәртіп басқа тақырып.

Бала:

Өзіміз туған,

Көбелек қуған.

Өлкеде өсіп толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.


Ән «Достық жыры»

Жүргізуші:

Мерекелі ел мерейлі,

Мерейлі күн көбейді.

Шаңыраққа құт болып,

Керегеміз кеңейд

Ал бірінші қыркүйек,

Күнсің ғой сен ең тәуір.

Өйткені ол мереке,

Бірінші күн ерекше.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!- деп мерекелік ертеңгілігімізді «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі