Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.
Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп,
желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Елін,жерін,құреттеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахна патриоттық үлгіде
безендірілген. Тақырып, түрлі түсқағаздар, жалаушалар, шарлар
ілінген.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар,
тәрбиешілер және балабақша бүлдіршіндері! «Аққанат» тобының
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25жыл толды.
Өмір 25 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады.
Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де
білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын
бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты.
Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер! Сәби
күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан
бұзылмасын.
Шарықта,
шарла көкті көк байрағым,
Арманым,
Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің
салтанатты сағатыңа
Әнұран.
Жүргізуші:
Желтоқсан
оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп. Осы қазақ
халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау
еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат, Ербол, Ляззат, Сәбираның аттарын
атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт
тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін
алды. Сол боздақтарға арналған тақпақтарын айтуға ортаға Айару,
Бақытжан, Анель,Т. Мерейді
шақырамыз.
Енді міне біз тәуелсіз ел
болдық,
Басқалармен терезесі тең
болдық.
Әрқашанда
біз дайынбыз тайсалмай,
Отан үшін
болуға да құрбандық.
Ән:
«Қазақстан бақытты» . Балалардың
орындауында.
Ортаға
тақпақтарын айтуға Інжу, Рақымжан, Айзере, Қуанышты
шақырамыз.
Шаттық
нұры шашылып зеңбіріктен,
Шуағын күн
төгеді енді көктен.
Шылбыр
үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын
желбіреткен.
Тәуелсіздік- менің байтақ
Отаным,
Бір
өзіңсің Мұхтар, Абай,
Шоқаным.
Тәуелсіздік- сәбилердің
шаттығы,
Көрініс: «Қайратты тергеу
сәті»
Тергеуші: Тұрыңдар, сот
келеді.
Тергеуші: Сот процесі
басталады.
1-куәгерді
шақырамыз. Сізге сұрақ. Сіз алаңда Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді
өлтіргеніне куә бола
аласызба?
1-куәгер: Боламын. Өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз
менде қолында таяғымен түскен суреті бар. Ол-ұлтшыл. Қайрат
оңбаған.
2-ші
куәгерді шақырамыз. Сіз Қ. Рысқұлбековтың Савицкийді өлтіргенін
бейнетаспаға түсіргеніңіз рас
па?
2-ші
куәгер: Рас-рас. Ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен
ұрды.
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып, Қ.
Рысқұлбековты айыпты деп табамыз. Қайрат Рысқұлбеков өлім жазасына
кесілсін! Ақтық сөзіңді айт!
Қайрат: Күнәдан таза басым
бар,
21-де
жасым бар.
Қасқалдақтай қаным
бар,
Бозторғайдай жаным
бар.