400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Балабақша аруы-2018»

Материал туралы қысқаша түсінік
бала бақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балабақша аруы-2018»

Мақсаты: Қыздарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Қыздың бойында ізгілік, инабаттылық, бияздылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Армысыздар қадірменді қонақтар

Армысыздар ақ жаулықты аналар

Бүгінгі кеш арулардың сайысы

Сіздердікі тамашалау, бағалау

Бүгін «Ақбота» тобының қыздары арасында өтетін «Балабақша аруы» сайысын тамашалауға шақырамыз.

Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады:

1.Тегін білу тектілік.(таныстыру)

2.Білімді мыңды жығар (сұрақ-жауап)

3.Өнерлі –өрге жүзер.(өз өнерлерін көрсету)

4. Талаптыға нұр жауар(үй тапсырмасы.Қолөнер)

5.Қыздарға әсемдік жарасады. (сән үлгісі)

Өнерпаздар өнерін салыстырып

Бәйге үшін терлетер шабыстырып

Әділдікті қолдайтың баға беріп

Жіберейік әділқазыларды таныстырып

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп,сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.Буриева Нұргүл

2.Бесенбаева Камшат

3.Өмірбек Назерке

Балғын жүзі албырап

Қанатын жаңа қаққан

Қарсы алайық аруларды

Сайысқа дайын тұрған

Реттік сандарын алу

Сайысымыздың алғашқы бөлімі таныстыруға кезек берейік

1.Бай болсын қыздарымыз ізгілікке.

Жақсы дәстүр көп біздің ішімізде

Қол соғып, қошеметпен шақырамыз

Мың бұралған арулар сәлем береді көпшілікке- дейотырып,сахнаға аруларды шақырамыз.

Аруларды таныстыруға рұқсат етініздер

1.Бет пішіні, дене мүсіні келіскен,сөзі сыпайы,өзі әдепті:Ескендір Маржан

2.Баппен сөйлеп,биязы күліп, жүзі жылы,өзі ұянАлибек Аружан

3.Тақпақ айтып тақылдайды,топтың сабырлы да ұяны-Амантай Таңшолпан

4.Сөзі салмақты,ісі тиянақты,дене бітімі жинақты қыз Адамбай Хадиша

5.Көз жанары өткір,бет әлпеті бал-бұл жаңған,тәні шымыр қыз Құралбай Мерей

6.Сөзі өткір,өзі пысық, келбетті қызымыз Қойлан Айару

7.Тобымыздың пысық қызы, апайдың оң қолы Амантай Кәусар

8.Өзі сұлу,көрікті,әдемі қызымызСапарбай Әмина


Өнер қуыпарулар өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа түскен қыздар кезектесіп

Өздерін таныстырып өтер дейміз

Қатысушылар шығып өлең жолдары арқылы өзін-өзі таныстырады.

2.Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне-дей келе кезекті сұрақ-жауапқа берейік

1.Біржылда неше мезгіл бар атап бер?

2.Көктемде неше ай бар атап бер?

3.Тудың түсі қандай,туда не бейнеленген?

4.Рәміздерді атап бер?

5.1-5ке дейін үш тілде санап бер?

6.Геометриялық пішіндерді атап бер?

7.Ең алғашқы көктемгі гүлдерді атап бер?

8.Көктемде ең алғаш ұшып келетін құс?

3.Келесі сайысымыз «Өнері өрге жүзер»Ару қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.

1.Ескендір Маржан-ән «Әже»

2.Адамбай Хадиша-ән «Апатайым анашым»

3.Алибек Аружан-ән «Айым болып тудың ба?»

4.Құралбай Мерей-ән «Ұстаз ана»

5.Амантай Кәусар-ән «Ана-әке»

6.Амантай Таңшолпан-ән «Ертегілер елінде»

7.Койлан Айару-би «Қуыршақ»

8.Сапарбай Әмина-би «Қамажай»

4.Төртінші сайысымыз «Талаптыға нұр жауар»Қыздарымыз өздерінің үйлерінен жасап әкелген қол еңбектерін көрсетеді.

5.Сұлылық табиғаттан басталады

Көктеммен олар бірге шаттанады

Бәйшешектей құлпырып гүлдей жайнаған

Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз

Келесі сайысымыз сән үлгісі

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар-демекшібүгінгі сайысымызды таразылап,әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Аналар қалқып бақыт аралында

Лайым мұн қоңбасын жанарыңа

Осымен сайысымызды аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтайық келіп тамашалағандарынызға көп рахмет.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13.04.2018
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі