Материалдар / Балабақша-балалықтың мекені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Балабақша-балалықтың мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2021
519
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балабақша-балалықтың мекені

Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік- отбасы, ата- ана тәрбиесі болса, екінші бесік- білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие- адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмірбойы өшпестей із қалдарады.Ата-ана үшін балабақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігі мықты болуы абзал.Бүлдіршін балабақшаға достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ернтегілердыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне ацналуы керек. Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де асығатын деңгейге жеткізетін тәрбиешілер болып саналады. Тәрбиеші баланы жан-тәнімен жақсы көруі керек.

Алдымен рухани қуат беруі қажет. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттер арқылы ғана тәрбиеші өз мәртебесін көтере алады. Балаға үнемі қолдау керек. «Үйренер нәрсең- білім мен мейірімділік»- деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әр күнін ізденіспен өткізуі тиіс. Қызығы мен қиындығы мол тәрбиеші мамандығын ,сол балабақшаның қазанында қайнап жүрген жан түсінер. Олай дейтінім, әр бала ерекше көңіл аударуды қажет етеді.Балалар тазалық пен пәктіктің айнасы. Сол айнаны сындырып алмай, қаз қалпында сақтау тәрбиешелірдің басты міндеті.Адамның жаны мен тәні қашанда тәрбиеге мұқтаж екендігін ескерек,тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзіміз жетеді. Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие алған бала, ертең мектепке барғанда да саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесі елін сүйген азамат болып шығады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!