жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Балабақша бақыт баспалдағы»
Мен Жапалақова Асылгүл Маратқызы 1990 жылы мамырдың 11 жұлдызында Ақтөбе облысы Шұбар ауданы Теректі елді мекенінде дүниеге келген. Мектеп қабырғасын бітірген соң сол облыстың Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледжіне 2007 жылы қабылданып, 2010 жылы «Мекеме тәрбиешісі. Мектеп алды даярлық топ тәрбиешісі» мамандығын алды.
2010жылдың тамыз айынан бастап Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл елді мекеніндегі «Боранқұл» бөбекжайы МКҚК-да тәрбиеші қызметін бастады. Осы жылдар аралығында өз шеберлігімен, ізденімпаздығымен кішкентай бүлдіршіндерді бауырыма тартып, тілін таба білді. Білсем, үйренсем деген ниетім бар.
«Балабақша бақыт баспалдағы »деп босқа айтпаған. Бала тәрбиесін бүгінгі заман талабына сай жан - жақты жетілдіру, білімді де саналы тұлғаны қалыптастыру - өмірге ұрпақ әкелетін ата - анаға ғана емес, мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру мекемелерінің қызметкерлеріне де жауапты міндеттер жүктейді. Бүлдіршіндердің денсаулығын нығайта отырып, оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру және бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу міндеті - педагог мамандарды заман талабына сай жаңа технологияны игеруді, іскерлік пен ізденімпаздықты, білімділік пен біліктілікті талап етеді. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын мақсаттардың ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан да баланы мектепке дейінгі мекемелерде даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Тәрбиеші - мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Тәрбиеші жоғары арнаулы білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, педагогикалық шеберлігі шыңдалған, қоғамдық-саяси қызметтерге белсене араласа алатын, педагогикалық ұжымда беделді, отбасымен тығыз қарым-қатынас жасай алатын тұлға болуы тиіс. Оның ұйымда еңбек ұжымының береке-бірлігін сақтай алуы, бойында іскерлік және дара қасиеттері болуы, шығармашылық ізденісте болуы, тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға көмектесуі және әріптестерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіруге ықпал жасай алуы тиіс.
Бала қабілеті ашылуы
үшін:
1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсіби
шеберлігін шыңдауы
тиіс.
2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау
керек.
3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп
отыру қажет.
4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны
жөн.
5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт
беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек
.
Мектепке дейінгі мекемелердегі топ тәрбиешісі
мен психологтың балалармен қарым-қатынасы тұлғалық бағдар негізіне
құрылуға тиіс, ол әр баланы құрметтеу және адамгершілікпен
қарым-қатынас жасауды көздейді. Мақсаты - баланың тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал ету. Тәрбиешілер балалардың оң мінезі мен
әрекетіне қолдау көрсете отырып, психологиялық жағымды ахуалды
қалыптастыруы қажет. Топта балалардың өздерін емін-еркін
сезінуіне,өз ойларын еркін айтуына жағдай жасау қажет. Осы мақсатта
мен алдымен көптеген жетістіктерге өзімді
және тәрбиеленушілерімді жеткізіп отырамын.Балаларға
адамгершілік қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі
азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына айналасымен
санасуына ықпал етері сөзсіз.Бала кезде үш жастан он екі жасқа
дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің
бәрін де ертегіден алады» деп босқа
айтпаған. Сол себепті балаларға ертегі
терапиясында көп қолдану қажет.
Бала ертегі кейіпкерлеріне еліктеп
өседі.Баланың тағы бір ерекше қасиеті сөйлеуден,сұрақ қоюдан еш
жалықпайды,егер тәрбиеші немесе ата-ана тарапынан баланың әрбір
сөзіне назар аударып, сұрағына жауап беріп отырса бұлда баланың
дамуына көп әсерін тигізеді. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы
- жақсы тәрбиеленген адам деген сөзде босқа айтылмаған. Сәбиді
жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің
бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші
бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің
ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті,
жауакершілік сезімді, жаңа технологияны толық меңгерген, өз ісінің
шебері болуы керек.Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана
сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,
ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер,бойында басқа да игі қасиеттер
қалыптасқан ұрпақ
тәрбиелеу. Көрнекті педагог В. Сухомлинский « Егер
балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола
алады»,-дейді. Ендеше ертең өскен соң қоғамның тізгінін ұстар
болашақ ұрпақты бақытты, білімді,бәсекеге қабілетті етіп
тәрбиелеуге атсалысайық.
Өзімнің білімді жетілдіру мақсатында бірнеше курстан өтіп дәріс алып отырдым. Атап айтсам: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық арттыру орталығы АҚ,филиалы»2015ж. (36сағ).
«Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы: АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық біліктілігін арттыру институты.
2013 жылы «Боранқұл» бөбекжайы МКҚК аттестациялық комиссиясының шешімімен ІІ санаты алдым.
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бала тәрбиесінде мен білім мен тәрбиені ұштастырып, алдымдағы тәрбиеленушілерімнен білгенімді аянып қалған емеспін. Соның нәтижесі боларым төмендегідей жетістіктерге жетті.
2014 жылы Аудандық «Ұлы дала ұрпақтары» сайысында (көркем сөз шебері) Мұхтар Мейірханым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2015 жылы «Ұлт өнері – ұрпаққа мұра» сайысында «Үздік мүсін» айдары бойынша Елеусін Айғаным І орын, «Әдемі қуыршақ» айдары бойынша Ермек Айару І орын,
2016 жылы Қазақстан Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналы ұйымдастырған «Туған жерім – алтын бесігім!» атты фотосурет байқауына «Қамшының жасалу жолы» тақырыбында қатысқан Қойшыбек Әлішер ІІ орын, «Әдемі қалташа» тақырыбында Тұрғалиева Аяла І орын, «Әдемі ұшақ» тақырыбында Мырзағұл Бекнұр ІІ орын, Мақсот Парасат ІІ орын, Шауқым Перизат І орынға ие болды.
2016 жылы Аудандық «Жауқазын» өнер фестиваліне «Би ырғағы» номинациясы бойынша қатысқан би тобы ІІІ орын, «Әнші балапан» номинациясы бойынша Ибраим Шұғыла І орын, «Нұрға бөлену» мәнерлеп өлең оқу номинациясы бойынша Ермек Айару ІІ орынға ие болды.
Аудандық «Ұлы дала ұрпақтары» тақырыбы бойынша «Үздік қойылымды» топ тәрбиеленушілері иеленді. Осындай тәрбиеленушілерінің жетістіктерімен бірге өзінің де бос жүрмегенін мына марапаттар дәлелдей түспек.
2016 жылы Қазақстан Республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналы ұйымдастырған «Туған жерім – алтын бесігім!» атты фотосурет байқауына шәкірт қатыстырғаны үшін дипломмен марапатталды.
2016 жылы Мектепке дейінгі ,жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары
білім алушыларының арасында «Экологический вернисаж» республикалық байқауының жүлдегері Жалғасқызы Жанелла, «Көктем неткен керемет!» тақырыбының жүлдегерлері Мәлік Лунара, Орынбасарова Дана, Бағдавлет Жаннұр , «Болашақтың балалары» тақырыбы бойынша Тұрлан Айару мен Дюсенбай Әли марапатталды.
2016 жылы Мектепке дейінгі ,жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің , колледж және жоғары оқу орындары студенттерінің арасында қашықтықтан өткізілген «Жаңа жылдық букет» атты республикалық интернет-байқауына қатысқаны үшін сертификат берілді.
2017 жылы «Ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру тиімділігі» тақырыбында семинар-тренингі сертификаты, Астана қаласы, «Ағжан» білім беру орталығы.
2017 жылы «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Математика,мектеп алды даярлық » пәні бойынша республикалық қашықтықта олимпиадаға қатысып, шәкірт дайындағаны үшін диплом берілді.
2016 жылы Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп гүлденуіне, берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін аудандық Алғыс жарияланды.
Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ түрік мамандандаралған мектеп лицей интернаты «Ата жұртын аңсаған Т.Айбергенов» халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға белсене қатысқаны үшін лицей директорынан Алғыс хатпен марапатталды.Алдағы уақытта да осындай жетістіктерді бағындырамын деген сеніммен жетістіктерімді өздеріңізбене бөлісіп отырмын. Менің тәрбиеленушілерімде жетістіктер көп болады деген сенімдемін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген