400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша-бақыт баспалдағы (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша қызметкерлеріне арналған. Жарыстарға қатысқан кезде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балабақша – бақыт баспалдағы

(эссе)

Сіздер мен біздер тек болашақ

буынды ғана емес, жалпы адамзаттық

қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін

жаны да, тәні де таза білімді патриот

азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз.

Н.Ә.Назарбаев



Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқын болуына ықпал етіп,

адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек,

қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім

саласының даму бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:

«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры

ұстаздардың қолында», - дегені бәрімізге мәлім.

Балабақша - тәрбиенің түпкі негізін қалайтын орын. Баланың балабақшадағы басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай бүлдіршіннің тұлға болып қалыптасуына, сүбелі үлес қосатын алтын ұя - балабақша. Балабақша – бала бағбандарының мекені.

Балабақша – баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық орны. Балабақшада жүрегі мейірімге, жылуға, сүйіспеншілікке толы сабырлы адамдар жұмыс атқарады.

Кішкентай бүлдіршіндердің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиеші шешуші рөл атқарады. Осы рухани-адамгершілік құндылықтардың негізі балабақшада қабылданады.

Балабақшада осы құндылықтарды бойларына сіңіре отырып бүлдіршіндеріміздің бойында еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, ұжымдық қарым-қатынас, патриоттық сезім қалыптасады.

Мамандардың айтуынша, баланың балабақшаға баруы өте маңызды. Балабақшада тәрбиеленген бала мектепке баруға дайындалып қана қоймай, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан да дайындалады.

Ұрпаққа сапалы білім және саналы тәрбие беріп қана қоймай, халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай мұраларын,биік рухын жеткізіп отыратын бірден-бір мәдени орын, тәлім-тәрбие ошағы - балабақша. Балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үйренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-балабақша.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деп ерекше тоқталып өтті. Балабақша қызметкерлерінің, тәрбешілердің тұрмыс сапасын арттыру мақсатында оларға еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет екендігін атап өтті. Елбасы жолдауындағы бұл тапсырмасының балабақшадағы қызметтің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына тигізер пайдасы өте зор.

Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, тәрбиелеп отырған ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – тәрбиешілер еңбегінің жемісі. Балабақша – үйрететін орта, оның жүрегі – тәрбиеші, балабақшада тәрбиеші басты тұлға болып қала береді. Менің тәрбиеші ретінде міндетім – жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оларға өмірде өз орнын табуға көмектесу, бағыт-бағдар беру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер, бүгінгі ұрпақ қалай тәрбиеленсе, Қазақстан сол деңгейде болады» деген болатын. Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз.

Мен биылғы оқу жылынан бастап «Айжұлдыз» бөбекжай балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етіп келемін. Бойымдағы жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды бүлдіршін тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты тәрбиеші деп білемін. Ендеше, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу, олардың риясыз сүйіспеншіліктерін, адал сезімдерін, жымиған күлкілерін көру - мен үшін бақыт.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі