Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша базарда үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Категорияға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Күні: Тәрбиеші:Алашбаева М.С. Білім беру саласы:Коммуникация. Білім беру бөлімі:Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: Балабақша базарлы үй.
Мақсаты: Балалардың балабақша туралы білімдерін, өлең жолдары арқылы толықтыру. Сөздік қорларын дамыту, сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету. Балабақшада өз үйлерінде жүргендей еркін жүруге тәрбиелеу.Балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру, достық қарым - қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:
-1. Үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету;
2. Балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту
3. Айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.
Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.
Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті, слайд (балалардың балабақшадағы суреттері).
Сөздік: Балабақша - детский сад:


Сабақ барысы:

Тәрбиеші:- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане, балалар, «Әдепті елдің баласы ең алдымен сәлем берер» дегендей алдымен келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар амандасады)
- Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Балабақша базарлы үй»
- Ендеше балалар, барлығымыз бір - бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл - күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін құрайық.

«Шаттық шеңбері»
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Ортада үлкен күн болады, балалар сол күннің шуақтарын ұстап тұрып, тәрбиешімен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады

«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Тәрбиеші: - Сендер балабақшаға қашан келесіңдер? Балалар: -Таңертең. Тәрбиеші: -Содан кейін не істейсіңдер? Балалар: - Ойнаймыз, тамақтанамыз, ұйықтаймыз.
Тәрбиеші: -Осындай іс - әрекеттерді сендер үйлеріңде де істейсіңдер солай ғой? Демек балабақшада сендердің үйлерің болып саналады екен. Біз барлығымыз бір үйде тұрып жатқан достармыз. Біз балабақшада ойнаймыз - күлеміз, білім аламыз, бір - бірімізді ренжітпеуге тырысамыз.
Слайд: Балалардың балабақшадағы суреттері.


Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.
Біздің ақылды, әрі деніміз сау, тәрбиелі, қайырымды, мейірімді болып өсуіміз үшін көп адамдар еңбектенеді.
Балабақша – біздің екінші үйіміз сияқты екен, ал бірінші үйіміз өз үйіміз, себебі онда сендерді жақсы көретін жақын адамдар тұрады, әке - шешең, ата - әжең, ағаң- әпкең. Олар сендерге қамқорлық көрсетеді.
Тәрбиеші:- Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?
- Қане, олар кімдер және не істейді екен?
(тазалықшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы, тәрбиеші апайлар).
Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.
Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.
Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.
Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін таңғы асқа қандай тамақ (ботқа) іштік? Балалар: Күріш ботқасы, тәтті шай, нанмен май жедік. Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Ал енді сендерге тапсырма, алдарыңда тұрған пойыздың вагондарына рет-ретімен таңғы астың суреттерін жапсырып шығыңдар?
Тәрбиеші балаларға пойыздың суретін таратып шығады, балалар тапсырманы орындайды.

Балалар апайларына тақпақ айтып береді.
Рауан:
Балабақша базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты.
Әсемай:
Жайдары жүз, ай қабақ,
Аузы - мұрнын байлап ап.
Дәрі исі бұрқырап,
Жүреді бізді аймалап.
Таңат:
Маңдайымызды ұстайды,
Жүрегімізді тыңдайды.
Аузымызға қасық сап,
«А»деп айт деп ымдайды.


Фариза:
Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.
Сейтжан:
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз,
Біз – осы үйдің сәніміз.
Ақерке:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз!
Ерасыл:
Мен бақшаға барамын,
Ойнаймын, ән саламын.
Тәрбиеші апайлар.
Досы барлық баланың.


Сергіту сәті: (Көгілдір экранда).
Балалар тәрбиешімен бірге қимыл – қозғалыс жасайды.
Тәрбиеші: -Балалар бізге қонақтар келіп отыр екен, кәне, қонақтарымызбен танысып алайық.

1-бала: Мен күнмін, «Әрқашан күніміз сөнбесін!» деп тілеймін.
2-бала: Мен тумын, «Ел байрағымыз көкте желбірей берсін!» деп тілеймін.
3-бала: Мен гүлмін, «балабақшамыз жайнай берсін, балалар күліп жүрсін» деп тілеймін.
4-бала: Мен бидаймын, «нанымыз көп болсын!» деп тілеймін.
5-бала: Мен мұғаліммін, «білімді бала болып, даңқымыз биіктей берсін» деп тілеймін.
6-бала: Мен дәрігермін, «деніміз сау болсын, дастарханымыз мол болсын» деп тілеймін.
7-бала: Мен жүрекшемін,«жүрегің таза адал болсын» деп тілеймін.
8-бала: Мен қыран құспын, «қанатың талмай, көкте самғай беріңдер!» деп тілеймін.
9-бала: Мен жапырақпын, «жапырақтай жайқалып өсе бер!» деп тілеймін.
10-бала: Мен елтаңбамын, «бейбіт өмір болып, жеріміз көркейе берсін!» деп тілеймін.
Барлығы: «Әрдайым еліміз аман болсын!» (деп қолдарындағы суреттерін келген апайларға сыйлайды).

Тәрбиеші: - Айтқандарың келсін, балалар, тілектерің қабыл болсын!
Тәрбиеші: - Балалар енді орындарымызға отыра қояйық.

Ойын: «Кім екенін тап?» Ойын шарты: Балалар үстелдің үстінде тұрған ойыншықтардың біреуін таңдайды. Ойыншықтың қолындағы қағазды алып тәрбиешіге береді, қағазда балабақшада жұмыс жасайтын қызметкелер жазылады. Мысалы: тәрбиеші,дәрігер,аспазшы т.б. Көгілдір екраннан қағаздағы сөздің суреті шығады, балалар суреттегі адамның аты-жөнін, кім болып жұмыс жасайтынын айтады. Осылайша ойын жалғасады.

Жүректен жүрекке шеңбері.
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығармыз.
Бізді жақтап отырған,
Сіздерге де мың алғыс!
Балалар орындарына отырады.


Қорытынды:Сабақ соңында балалар сабақтың ұнаған,ұнамағанын алдарында тұрған смайликтерді тақтаға жапсыру арқылы білдіреді. Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2021
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12