№
1 ҰОҚ
Білім беру
саласы: Әлеумет.
Бөлімі:
Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: Балабақша – біздің екінші үйіміз.
Мақсаты:
балабақша қызметкерлері мен
олардың еңбек әрекеттері туралы білімдерін жетілдіру.
Міндеттері: 1.
Балабақшада еңбек ететін
адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике, аспаз).
-
Сурет бойынша балабақша
туралы әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру. 3.Балабақшада
еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Балаларды мейірімді болуға баулу.
Күтілетін
нәтижелер:
орындайды:
балабақша тақырыбына
байланысты берілген тапсырмаларды.
түсінеді:
балабақша және оның
қызметкерлері туралы ұғымды.
қолданады:
топта бір-бірімен
қарым-қатынас жасай білу іскерліктерін.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: суреттер: аспаз, медбике,
дәрумендер, азық-түліктер,
айна, ойыншық торғай, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс:
аспаз, дәрігер.
Билингвалды
компонент: хатқалта – конверт, балабақша – детский сад, аспаз – повар, дәрігер – врач.
ҰОҚ барысы
-
Ұйымдастыру
кезеңі Шаттық
шеңбері.
–
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Жалпы адамдар кездескенде бір-біріне амандық пен саулық тілейді,
яғни амандасады, жағдайларын сұрайды.
–
Сендердің үстелдеріңде
сиқырлы қорапшалар жатыр, оның ішінде ақылды
да алғыр балалар отыр. Кәне,
бәріміз ашып қарайық, олар қандай балалар екен? Әр қобдишаның
ішінде айна жатады.
– Кәне, балалар, айнаға
қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз», – деп айтайық. Осылайша
көңілімізді көтеріп, сабаққа кірісейік.
Таңғажайып
сәт.
Біреу есік қағады. Педагог
пошташыдан хатты алып, алғысын білдіреді.
– Балалар, біздің атымызға
торғайлардан хат келіпті, оқып көрелік. Педагог хатқалтаны ашып,
хатты алып оқиды.
– Құрметті балалар! Біз
торғайлармыз, сендердің бақшаларыңның үстінен ұшып бара жатып
сендердің көңілді екендеріңді көрдік.
«Біздің де осындай
балабақшамыз болса ғой», – деп мұңайып қалдық. Біз балабақшаның не
екендігін білмейміз. Сендерге қонаққа келсек, бізге балабақша
туралы айтып бересіңдер ме?
–
Балалар, торғайларға
балабақша туралы айтып береміз бе?
Педагог екі торғайдың
суретін немесе ойыншық торғайларды көрсетіп, олардың терезеден ұшып
кіргенін айтады.
-
Негізгі
кезең
Білімді
өзектендіру.
Педагог балабақша туралы
өлең оқиды.
–
Өлең не туралы?
–
Балабақшаға кімдер
барады?
9
– Балалар балабақшада не
істейді?
–
Балаларға кімдер
қарайды?
Балабақша туралы әңгіме
жүргізу.
–
Балабақша – 2–3 жастан
мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін
(қоғамдық) орын. Балалар,
балабақшада сендерге кітап оқып беретін, сендермен күнде қыдыратын
кім?
–
Педагогке көмектесетін
кім?
–
Ол қалай
көмектеседі?
–
Жарайсыңдар, балалар! Бізге
ормандағы аңдардан хат алып келіпті. Кәне, хатқалтаны ашып көрейік
(хатты ашып, ішінен аспаз бен дәрігер бейнеленген екі сурет алып
шығып, оларды мольбертке іледі).
–
Балалар, торғайлар ақ қалпақ
киіп, шөміш ұстаған адамдарды көріп, енді олардың кім екенін білмей
отыр (көрнекілікті көрсетеді).
–
Аспаз сендер үшін не
істейді?
Торғай:
–
Егер де балалардың біреуі
ауырып қалса, не істейсіңдер?
–
Біздің балабақшамызда
денсаулықты қадағалап отыратын адам бар. Ол кім екен? Есімі қалай
аталады? Ол қандай қызмет атқарады?
–
Иә, балалар, аспаз тамақ
дайындаса, дәрігер балалардың денсаулықтарын қадағалап
отырады.
Билингвалды
компонент:
хатқалта – конверт,
балабақша – детский сад, аспаз – повар, дәрігер – врач.
Сергіту сәтін «Торғайлар
мен автокөлік» қозғалыс ойынымен өткізеді.
Торғай:
–
Сендердің балабақшаларыңда
біз білмейтін заттар көп екен.
–
Қайғырмаңдар! Балалар айтып
береді!
«Ғажайып қапшық»
дидактикалық ойыны.
Шарты: қапшықтан заттар
бейнеленген суреттерді бір-бірден алып шығады. Мысалы:
–
Аспазға азық-түлік, қазан,
таба, тамақ пісіретін плита керек.
–
Дәрігерге дәрумендер,
температура өлшегіш (градусник), дәке керек.
Үлестірмелі материалдағы
тапсырманы орындатады.
Сурет бойынша балабақша
туралы әңгіме жүргізеді. Торғай балалармен қоштасады.
–
Рақмет, балалар, мен
сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар!
Жеке
жұмыс:
Топтағы кейбір балаларға
аспаз бен дәрігердің жұмыстары туралы сұрақ қояды. Жауаптарын
тыңдайды, толықтырады.
3. Рефлексия.
Қорытынды:
–
Балабақша дегеніміз
не?
–
Балабақшада кімдер қызмет
етеді?
–
Өз балабақшаларыңды жақсы
көресіңдер ме?