400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

балабақша бөбекжайы ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада ұлттық құндылықты ескере оыоып сайыс ретінде ойын түрлерін ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

Күні: 17.11.2023 ж

Мақсаты: Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық, тұрмыс салт-дәстүр туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағыну дағдысын, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмет, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадын дамытып, әрекет үйлесімін жетілдіру.

Міндеті: қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық дене қозғалыс белсенділігін арттыру.

Қажетті құралдар:Арқан, асық, теңге, резина, қоржын, майда доптар.

І.Кіріспе бөлім.

Тәрбиеші: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! «Балапан», «Қарлығаш» топтарын ортаға шақырайық.

Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.

Балаларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.

Гимнастикалық оңға, солға бұрылу жаттығулары.

Баяу бір қалыпты қатар бұзбай жүру, жүгіру.

Ентік басу жаттығулары.

Қатарда жүріп орындалатын гимнастикалық жаттығулар.

Балалар екі топқа бөлінеді.

Жануарлар аэробикасы: (ағылшын тілі пәнінің жетекшісімен орындалады)

ІІ. Негізгі бөлім

Топ басшылары өздерінің топтарын таныстырсын Топ басшыларына сөз берейік.

І-топ. «Тұлпар» тобының басшысы

«Тұлпар» тобының ұраны

Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмас па!

Қуып жету жақсы ғой

Озып шығу бір басқа.

ІІ-топ. «Қыран» тобының басшысы мен

«Қыран» тобының ұраны:

Босқа қарап тұрмайық,

Бағымызды сынайық

Намысты қолдан бермейік,

Жарысты озып шығайық.

Тәрбиеші: балалар сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер. Сіздердің қолдарыңыздағы топтың түсіне қарай жасыл және қызыл түсті таяқшалармен  бағалап отырасыздар. Қай түс басымырақ болса, сол топқа 1 ұпай қосылады.

Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.

  1. Қол күрес

  2. Өгіз тартыс

  3. Арқан тартыс

  4. Ханталапай

  5. Теңге алу

1-ойын: Ұлттық ойын «Қол күрес»

Ойынның шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.

2-ойын. Ұлттық ойын «Өгіз тартыс»

Ойынның шарты: Екі адам еңбектеп, арқанға байланған шананы тартып мәреге бірінші жеткен жеңеді.

3-ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Ойынның шарты: Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына арқанды тартып алса, сол топ жеңіске жетеді.

4-ойын: Ұлттық ойын «Ханталапай»

Ойынның шарты: Екі топ шеңбер бойымен отырады, қай топ асықты көп жинайды, соған ұпай береді

5-ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»

Ойынның шарты: Керілген арқанның үстімен жүріп, жерде жатқан теңгелерді жинау.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Балаларды сапқа тұрғызу. Тыныс алу жаттығуын жасату.

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер сайысымызды қорытындылай келе екі топтың ұпай санын санап, қай топтың жеңіске жеткенін анықтап, балаларды мақтап, мадақтау.

Осымен ұлттық спорттық сайысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Ал енді балалар, апайларымызға сау болыңыздар деп, қоштасайық.

Балалар музыка әуенімен алаңнан шығып кетеді.



Шығыс Қазақстан обылысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің Дәулетбай атындағы мектеп – балабақша кешені

«Айгөлек» шағын орталығы












«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»













2023 – 2024 оқу жыл.



Шығыс Қазақстан обылысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің Дәулетбай атындағы мектеп – балабақша кешені

«Айгөлек» шағын орталығы












16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс - шаралар













2023 – 2024 оқу жыл.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі