Шағын орталық және
отбасы
Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым
қатынасын жақсарту. Шағын орталық өмірімен таныстыру, тәрбиешімен
дұрыс қарым-қатынаста болу.
Көрнекілігі:
шарлар,қағаз,қаламдар,алма,себет.
Жоспар:
-
Жылулық
шеңбері
-
Ата-аналармен танысу (шағын
орталықтың күн тәртібі,жылдық жоспары және ата-ана комитетін
сайлау,келісім шартпен танысу)Психологиялық
кеңес.
-
Отбасындағы бала тәрбиесі
(баяндама)
-
Тренингты жаттығу
(ойын)
-
Сауалнама,сұрақтар
-
«Ашық айтсам....» жаттығуы.
Қорытынды.
-
Шаттық
шеңбері
Ата-аналарды қолдарынан
ұстатып,шаттық жылулық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен
кездескеніме өте қуаныштымын.Қане бәріміз бір-біріміздің қолымыздан
ұстап шеңбер құрайық.Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық жылулық
шеңбері деп атаймыз?Қалай ойлайсыздар?
Шеңберге тұрудың үлкен бір
қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек.
Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз,жақсылық пен
жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтанда бұл
шеңберді жылулық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз балалармызға
жақсылық тілеп,шаттана қуанып,күлкімізді
сыйлайық..
Әр ата-ана өзінің баласының
атының басқы әріпінен басталатын еркелететін сөздерін айтып
таныстырады. Мысалы: Әмір-әлемдегі әміршім,әлпештеген әлдиім деген
сияқты.....
-
Ата-аналармен
танысу.
Кіріспе
сөз.
Құрметті ата-аналар сіздерді
2017-2018 жылдың жаңа оқу жылымен құттықтаймыз. Қатарымызға жаңадан
қосылып жатқан ата-аналарға қош келдіңіздер
демекпіз.
Ата-ананың тіршілігіндегі
көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы- перзенті.Баланың бойында
туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі
есінде болады. Отбасы-- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың
тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Мына
жасампаз ғасырда,жаһандану дәуірінде баланың жан-жақты тәрбие
алып,білім алуына ең бірінші ықпал ететін тәрбиешісі ұстазы
болса,оның сүйеніші ата-анасы. Сондықтан ата-ана өз баласының білім
алып,тәрбиелі болуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің
бір бөлігінде яғни, 8 сағат шағын орталықта болса ,қалған уақытта
отбасында тәрбие алады. Ендеше сіз бен біз тығыз байланыста
болып,балаға бірдей талап қойсақ, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары
жан-жақты дамыған азамат болып шығары
сөзсіз.
Бір ауыз біршілікпен баламызға
барынша жақсы тәрбие беруге ат салысайық.
Шағын орталықтың ішкі жұмыс
жоспарымен таныстыру.
Ұжыммен таныстыру және
әрқайсының ой-пікірін тыңдау.
(Яғни ата-аналардың жылдық
жоспары,күн тәртібі,балалар тазалығы,ас мәзірі,ата-ана коммитетін
сайлау және келісім шартпен таныстыру)
Және дәстүрден тыс
ата-аналардың жұмыс түрлерін қолдансақ.Оған бос уақытты тиімді
өткізу,қайырымдылық күндер,ата-аналармен бірге сенбіліктер және
шағын жиналыстар өткізу жоспарланып отыр.Бос уақытты тиімді
өткізуге:мейрамдар,ертеңгіліктер,туған күнді атап өту,топтан бөлек
экскурсиялар мен серуендер,отбасылық суреттер көрмесін кіргізу
болып табылады және республикалық конкурстар болған жағдайда
балаңызды қатыстыру.
-
Баяндама
-
Тренингті
жаттығу
Енді ата-аналар, «Табиғатсыз
адамдардың күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»демекші адам
табиғатпен тығыз байланысты. Табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш,енді
сол ағаштың несі болар едіңіздер тамыры ма ,әлде діңі ме,әлде
жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр,жапырақ,діңі болып
бөлініңіздер. Ал енді сіздер бөлініп бірге отырыңыздар да не үшін
таңдағандарыңызды айтып топтарыңызды
қорғаңыздар.
Сіздердің бұл таңдауларыңыз
кездейсоқтық емес,психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар істің
нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік,мықты
біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар
сұлулықты,әсемдікті,ұқыптылықты қалайтындар. Енді сіздер мына
қағазға тамыр тобы-тамырды,діңгек тобы-діңгектің және жапырақтың
суретін салыңыздар.
Ұжымға деген
талап-тілектеріңізді тамыр тобы-тамырға,діңгек
тобы-діңгекке,жапырақ тобы-жапыраққа
жазыңыздар.
Осы ағаштың
тамыры-ата-ана,діңгегі-тәрбиешісі,жапырағы-балаларымыз. Егер
тамырдан нәр алып,діңгегі мықты болып,бұтағы жапырағын жайса
ағашымыз жемісін береді. Ендеше мына алмаларды алып,өз балаңызға
деген тілекті жазып,ағаштың жемісін іліп,балаларымыздың қызығын
бірге көрейік.
Ата-аналармен ойын. «Қай
жұп күшті?»
Қазір әркім өзіне серік
таңдап, өзіне ұнаған шарды алып,музыкаға билеп,шарды жарады. Шардың
ішінен тілектер алып шығып,қалған ойыншыларға дауыстап оқып
береді.
-
Сауалнама және
сұрақтар
«Сіз қандай ата-анасыз?»
(сауалнама)
Сұрақтар: (сұраққа жылдам
жауап беру керек)
-
Тәрбиешілерінің толық
аты-жөнін атап беріңіз.
-
Балаңыздың шағын орталықта
достарының атын атап беріңіз.
-
Шағын орталық қай жылы
ашылды?
-
Балаңыздың аяқ киім өлшемі
қанша?
-
Балаңыздың топтағы
орамал,төсек,орындықтағы суреті не?
-
Балаңыз бүгін қандай түсті
киіммен келді?
-
Балаңыздың сүйікті
асы.
-
Балаңыздың туған
күні.
-
Шағын орталықтың аты
қандай?
-
Шағын орталықта қанша
қызметкер бар?
-
Балаңыздың шкафтас көршісі
кім?
-
Балаңыздың салмағы
қанша?
-
Балаңыздың бойының
ұзындығын білесіз бе?
-
Балаңыздың сүйікті ойыншығы
не?
-
Балаңыздың сүйікті
ертегісі.
-
«Ашығын айтсам.....»
жаттығуы. Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып
,толтырылады.
Қорытынды сөз: Ендеше
ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер
оған үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Алтын уақыттарыңызды
бөліп келгендеріңіз үшін алғысымды айта отырып,отбасыларыңызға
бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді.Сау
болыңыздар!