Балабақша жылдық жоспары 2024-2025ж

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Балабақша жылдық жоспары 2024-2025ж

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы





Бекітемін:

Меңгеруші: Умирзак М.Б.






2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ

ЖЫЛДЫҚ
ЖОСПАРЫ











Бөбекжай балабақша туралы мәлімет


Білім беру ұйымының атауы: ЖШС «Zeretai» бөбекжай балабақшасы


Заңды мекен жайы – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Бәйтерек ы/а, Төле би 24 үй.

Электрондық почта Bzeretai@mail.ru

Балабақша басшысы – Джуматаева Маржан Утарбаевна

Жоба қуаттылығы - 75 орын

Оқыту тілі - қазақ тілі

Топтар саны -3














Мазмұны


  1. 2023-2024 оқу жылына талдау

  2. 2024-2025 оқу жылына қойылатын жылдық міндеттер

  3. Балабақша жайлы мәлімет

  4. Мектепке дейінгі мекемедегі іс-әрекеттің нормативтік- құқықтық негізі

  5. Балабақшаның қызметін жоспарлау (оқу- тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың бөлімдері)

І. Педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру

  • біліктілікті арттыру курстарынан өту (сараланған тәсілді ескере отырып, педагогтердің әртүрлі санаттары үшін);

  • аттестаттауға дайындық және аттестаттау;

  • кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында педагогтердің әдістемелік бірлестіктерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, вебинарларға, шеберлік сыныптарына және т. б. баруы;

  • педагогтердің өз білімін жетілдіруі


ІІ. Педагогикалық- ұйымдастырушылық-жұмыс

Әр түрлі жұмыс нысандары мен әдістерін қолдана отырып, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету:

  • педагогикалық кеңестерді дайындау және өткізу;

  • озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау, енгізу, тарату;

  • заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау;

  • жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) конкурстарының, орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес конкурстарға қатысу;

  • кеңес беру;

  • семинарлар, семинар-практикумдаршеберлік сыныптары;

  • ашық есік күніне қатысу;

  • инновациялық технологияларды сынақтан өткізу және енгізу;

  • эксперименттік әрекетке қатысу;

Тәрбие жұмысы. Тәрбиеленушілердің қатысуымен әлеуметтікадамгершілік, тұлғалық, эстетикалық, экологиялық және дене тәрбиесі бойынша (конкурстар, көрмелер, экскурсиялар, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары және т.б. өткізу).


ІІІ. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қарым-қатынас.

  • тәрбиеленушілердің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) психологиялықпедагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс жоспарланады (ата - аналар жиналыстары, семинарлар, тренингтер, практикумдар, дөңгелек үстелдер, консультациялар және т. б.);

  • балалардың, ата-аналар мен педагогтердің бірлескен шығармашылығы (конкурстар, акциялар, мерекелер және ойын-сауық);

  • ата-аналарды ақпараттық стендтерде, балабақшаның ресми сайтында түрлі мәселелер бойынша хабардар ету


ІV.Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру бойынша жұмыс Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.


V.Бақылау: бақылау түрлері мен мазмұны.

Бұл бөлім мектепке дейінгі ұйымды басқарудағы бақылау-диагностикалық қызметімен байланысты және ішкі бақылау жүйесі ретінде ұсынылады. Мұнда бақылаудың түрлері мен нысандары жоспарланады (шұғыл, тақырыптық, кешенді, фронтальды)


VI.Әкімшілік-шаруашылық жұмыс.

Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық және қаржылық базасын нығайту бойынша барлық жұмыстар жоспарланады: - жөндеу жұмыстары, дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны жарақтандыру және толықтыру.








2023-2024 оқу жылына талдау

2023-2024 оқу жылына сапалы талдау жасай отырып, 2024-2025 оқу жылының міндеттер анықтадық. Өткен оқу жылына талдау төмендегідей бөлімдер бойынша жүзеге асырылды:

Денсаулық пен салауатты өмір салтын қамтамасыз ету бөлімі бойынша, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы медбикенің бақылауында болды. Жыл бойы балалардың ауруы бойынша жиынтық деректер нақтыланып, жоспарлы және жоспардан тыс арнайы емдеупрофилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды, сауықтыру және шынықтыру шаралары, рационалды тамақтануды ұйымдастыру жүзеге асырылды.
Балабақшағажаңадан келген балалардың бейімделу үрдісі әртүрлі деңгейде жүрді.
Мектепалды топ балаларының мектепте оқуға дайындық деңгейі Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша жүргізілген мониторинг бойынша анықталды.
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру нәтижелері бойынша, аттестатталу барысының жаңа форматымен білім бөліміне портфолио ұсынылды. Келесі кезекте талаптарды сақтай отырып тест тапсырып біліктілік санатына ие болды.
Ал, біліктілікті арттыру деңгейлері бойынша үнемі бес жылдан сиретпей курстан өтіп отырды.
Жұмыс жолын бастаған жас мамандарға тәлімгер бекітіліп, әдістемелік көмек көрсетіліп отырды.
МДҰ-да әдістемелік жұмыс жүйелі түрде жоспарға сәйкес жүзегеасырылды. Тәрбиелеу-білім беру процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі мен эксперимент әрекеті орташа деңгейде жүзеге асырылды. Бұл тұрғыда балабақша әлі тәжірибе шыңдау керек.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара байланыс мектепке дейінгі ұйымның бірлескен жұмыс жоспарларының барысы бойынша жүзеге асырылды.
Әкімшілік-шаруашылық жұмыстың барысы бойыншабалабақша ғимараты Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрықтың талабына сәйкес жабдықтар және жиһаздармен жарақтандырылды.



2024-2025 оқу жылына қойылған жылдық міндеттер


  • Мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;

  • Тәрбиелеу-білім беру процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және эксперимент әрекетін дамыту;

  • «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында шаралар ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы ұрпақты тәрбиелеу.


Балабақша жайлы мәлімет

  • Мектепке дейінгі мекеме бағыты – жалпы білімділік, оқыту қазақ тілінде

  • Балабақшада әр түрлі жас мөлшерінде 3 топ жұмыс жасайды деп күтілуде. Барлық бала саны - 75.

  • Балабақшаға қабылдау e-zhetysu.kz жүйесіне тіркеліп, ата-ана өтінішімен, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша алынған жолдама негізінде және ата-аналармен келісім шарт негізінде жүргізіледі.

Жасы

Топтар саны

Балалар саны

Оқыту тілі

3 жастағы балалар

1

25

қазақша

4 жастағы балалар

1

25

қазақша

5 жастағы балалар

1

25

қазақша







Мектепке дейінгі мекемедегі іс- әрекеттің нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі


Құжат атауы

1

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

2

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

3

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

4

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

5

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

6

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі

7

Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

8

Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім берустандарттары

9

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары

10

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары

11

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

12

Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары

13

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

14

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

15

Жабдықтар мен және жиһазбен жарақтандыру нормалары

16

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары

17

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейне бақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар

18

Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

19

Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы бұйрығы.

20

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы бұйрығы.

21

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы бұйрығы.


І БӨЛІМ


І. Педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру

  • аттестаттауға дайындық және аттестаттау;

  • біліктілікті арттыру курстарынан өту (сараланған тәсілді ескере отырып, педагогтердің әртүрлі санаттары үшін);

  • кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында педагогтердің әдістемелік бірлестіктерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, вебинарларға, шеберлік сыныптарына және т. б. баруы;

  • педагогтердің өз білімін жетілдіруі


БӨЛІМДЕРІ

ТАҚЫРЫБЫ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ

ЖАУАПТЫЛАР


1

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ (ПА)


Аттестацияландыру кестесін және жұмыс жоспарын құрастыру Теориялық кеңес: «Нормативтік заңнамалы базасы және аттестациядан өту бойынша әдістемелік ұсыныстар» (№533 бұйрыққа енгізілген өзгерістермен танысу)


Санатқа өтетін педагогтар


тамыз

Басшы


АК құрамын іріктеу, міндеттерді бөлу.

АК құру туралы бұйрық

Қыркүйек

Балабақша әкімшілігі


АК қызметін жоспарлау.

АК жұмыс жоспары, аттестаттаудың жеке графигі

Қыркүйек

Меңгеруші

Әдіскер


Аттестатталушы педагогтарға арналған кеңестер, жеке педагогикалық қызметті талдау.

«Педагог портфолиосын» жасау

Қыркүйек-қазан, 1 жыл ішінде

АК, аттестатталушы педагогтар


Аттестацияландыруға қажет құжаттарды дайындау және сараптау тобына тапсыру

Санатқа өтетін педагогтар

Аттестация-лану кезеңінде

Басшы


2024–2025оқу жылдарында аттестацияландырудан өтушілерден өтініштер қабылдау

Санатқа өтетін педагогтар

Мамыр-маусым

Басшы


2

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ (БА)

Кесте бойынша біліктілікті арттыру жұмыстары жүргізіледі

























ІІ БӨЛІМ


ІІ. Педагогикалық- ұйымдастырушылық-жұмыс

Әр түрлі жұмыс нысандары мен әдістерін қолдана отырып, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету:

  • педагогикалық кеңестерді дайындау және өткізу;

  • озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау, енгізу, тарату;

  • заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау – іс-тәжірибиелік дамытушы орта құру;

  • республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар (ғылыми жарыстар) конкурстарының, орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне сәйкес конкурстарға қатысу;

  • кеңес беру;

  • семинарлар, семинар-практикумдар, шеберлік сыныптары;

  • ашық есік күнін ұйымдастыру;

Тәрбие жұмысы: Тәрбиеленушілердің қатысуымен әлеуметтік адамгершілік, тұлғалық, эстетикалық, экологиялық және дене тәрбиесі бойынша (конкурстар, көрмелер, экскурсиялар, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары және т.б. өткізу).


БӨЛІМДЕРІ

ТАҚЫРЫБЫ

ТҮРІ

ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ

ЖАУАПТЫЛАР



ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР


1

Білім беру процесінің ашық көрсетілімдері (АК)

Қараша, қаңтар айларының перспективалық жоспарындағы міндеттерге байланысты алынады.

Ашық көрсетілім


Қараша, Қаңтар, Мамыр

Тәрбиешілер



2

Мерекелік шаралардың ашық көрсетілімдері (АК)

Білімнің кілті

Ашық көрсетілім

Қыркүйек

Тәрбиешілер





Республикам менің!



Тәрбие сағаты





Қазан

Барлық топ




«Тәуелсіздік тәңір сыйы!»

Тәрбие сағаты

Желтоқсан

Барлық топ




Келді міне, Жаңа жыл!

Ашық көрсетілім

Желтоқсан

Барлық топ




Айналайын, ақ мамам!

Ашық көрсетілім

Наурыз

Барлық топ



«Қош келдің,

Әз Наурыз!»

Дәстүрді дәріптейтін жаңа форматтағы

іс -шара

Наурыз

Барлық топ ата-аналарымен бірге



Кішкентай ғарышкерлер

Тәрбие сағаты

Сәуір

Барлық топ



«Ақпыз, қара, сарымыз ағайынбыз бәріміз!»

Тәрбие сағаты

Мамыр

Барлық топ



«Жеңіс күні

Ашық көрсетілім

Мамыр

Барлық топ




«Қош бол, балабақша!» ертеңгілігі

Ашық көрсетілім

Мамыр

МА тобы




3


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР (ПК)

1 ПЕДКЕҢЕС: ТАҚЫРЫБЫ: «Жаңа оқу жылының барысы»

МАҚСАТЫ: Балабақшада тәрбие жұмысының жоспарларын талқылау,бекіту.

КҮН ТӘРТІБІ:

1. Педагогикалық кеңестің құрамын бекіту, хатшысын сайлау.

2. 2023-2024 оқу жылында бекітілген топтармен оларға жауапты тәрбиешілерді бекіту.

3. Балабақша педагогикалық ұжымын 2023-2024 оқу жылының нұсқау хатымен таныстыру, ондағы өзгерістерді талқылау.

4. Балабақшаның жылдық жоспарын, педагогтердің жылдық жоспарларын, оқу жоспарын, балалардың күн тәртібін, ұйымдастырылған іс-әрекет кестесін талқылау, бекіту.

5. Аттестаттау комиссиясы құрылып, жоспары бекітілсін.
6. Әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын құру
КЕЛЕСІ ПЕДКЕҢЕСКЕ ТАПСЫРМА: «Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру»






Тамыз










Басшы,

педагогтер



2 ПЕДКЕҢЕС: ТАҚЫРЫБЫ:

Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру.

МАҚСАТЫ: Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру

КҮН ТӘРТІБІ:

1. №1 педкеңестің шешімдерінің орындалуы

2. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында денсаулық сақтау технологияларын қолдану және мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру» баяндама.

3. Балабақша педагогтерін «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен таныстыру, Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің алқалы органынның құрамын сайлау.

КЕЛЕСІ ПЕДКЕҢЕСКЕ ТАПСЫРМА: «Тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру»

Тақырыптық кеңес


Қараша




Басшы,

педагогтер









3 ПЕДКЕҢЕС: ТАҚЫРЫБЫ:

Тәрбиеленушілердің қарым-қатынас дағдысы

МАҚСАТЫ:Тәрбиеленушілердің коммуникативтік, әлеуметтік, дағдыларын қалыптастыру

КҮН ТӘРТІБІ:

1. 2 педкеңестің шешімдерінің орындалуы

2. «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру» баяндама

3. «Мектеп жасына дейінгі балаларға әлеуметтік дағдылары игертудің жолдары» (кеңес)

4. Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын игеру бойынша аралық даму мониторингі

КЕЛЕСІ ПЕДКЕҢЕСКЕ ТАПСЫРМА: «Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу»

Дәстүрлі

Қаңтар




Басшы,

педагогтер





4 ПЕДКЕҢЕС:

ТАҚЫРЫБЫ :

«Мектеп жасына дейінгі балаларды патриотизмге тәрбиелеу»

МАҚСАТЫ:

Отанды,анатілінсүюге,ұлттықбірегейлікпеназаматтықнегіздерінежәне патриотизмге баулу

КҮН ТӘРТІБІ:

1. №3 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы

2. «Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің тиімділігі» баяндама

3. Ұлттық ойындарға байланысты ойындар картотекасы (тәжірибе алмасу)

КЕЛЕСІ ПЕДКЕҢЕСКЕ ТАПСЫРМА:

- 2023-2024 оқу жылында жүргізілген жұмыстарына талдау есебін жасау

- Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда ойынарқылыоқыту, түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балалардың даму деңгейінің қорытындысы.


Дөңгелек үстел












Сәуір
























Басшы,

педагогтер





5 ПЕДКЕҢЕС:

ТАҚЫРЫБЫ :


«2023-2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын қорытындылау

МАҚСАТЫ:

Педагогикалық іс – әрекеттің тиімділігі, өнімділігін анықтау.

КҮН ТӘРТІБІ:

1. №4 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы

2. Педагогтердің 2023-2024 оқу жылының қорытынды есебі.

3.Балалардың мектепке дайындық деңгейін анықтайтын тест нәтижесімен таныстыру. Тренинг

4.2023-2024 оқу жылының мониторинг қорытынды есебін тыңдау.

5.Әр түрлі мәселелер:

-МА тәрбиешілерін марапаттау
- Жазғы сауықтыру іс-шаралары

Қорытынды

Мамыр


Басшы,

педагогтер



4

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР (ӘК)

1

1.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы 2022 жылы 30 наурыздағы №117 бұйрыққа сәйкес "МДҰ қауіпсіздік шараларымен" таныстыру;

2.2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығының 5-тарау, 80- тармағымен таныстыру.

3.Балабақша педагогтерінің құжаттарының төмендегі бұйрықтарға сәйкес әзірленуі:

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі Стандарт) ;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8275 тіркелді) (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары) ;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі –Үлгілік оқу бағдарламасы)

4.Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттар және оларға қойылатын талаптарының орындалуы.

5.Заттық-пәндік дамыту орталықтарын орналастыру және тиімді ұйымдастыру

ӘК

Қыркүйек

Басшы


2

Мектепке дейінгі балалардың дамуында сюжеттік-рөлдік ойындардың маңызы

ӘК

Ақпан

Басшы


3

Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің тиімділігі

ӘК

Сәуір

Басшы


5

СЕМИНАР(С)

Бала тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінің маңызын ескере отырып, баланың ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қолдау

С

Қазан

Басшы


Білім беру дағдыларының міндеттерін бала сол сәтте өзіне қызықты білімді өз бетінше таңдай алатын қолжетімді заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру арқылы іске асыру

С

Желтоқсан

Басшы









ІІІ БӨЛІМ

ІІІ. Тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара қарым-қатынас.

  • тәрбиеленушілердің ата-аналарының (заңды өкілдерінің) психологиялықпедагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыс жоспарланады (атааналар жиналыстары, семинарлар, тренингтер, практикумдар, дөңгелек үстелдер, консультациялар және т. б.);

  • балалардың, ата-аналар мен педагогтердің бірлескен шығармашылығы (конкурстар, акциялар, мерекелер және ойын-сауық);

  • ата-аналарды ақпараттық стендтерде, балабақшаның ресми сайтында түрлі мәселелер бойынша хабардар ету



БӨЛІМДЕРІ

ТАҚЫРЫБЫ

ҚАТЫСУШЫ

ЛАР САНАТЫ

ОРЫНДАУ МЕРЗІМІ

ЖАУАПТЫЛАР


1


Кезекті ата – аналар жиналысы (АЖ)


1. Ата-аналарды балабақша ұжымымен таныстыру;

2. 2024-2025 жаңа оқу жылының іс-жоспарымен танысу.

3. Ата-аналар комитетін қайта сайлау.

4. «Балабақшаға балалардың бейімделу үрдісі» баяндама

5. Әртүрлі мәселелер.

Топ ата – аналары

Қыркүйек

Басшы,

тәрбиешілер

2

Кезекті ата – аналар жиналысы (АЖ)




1. Балалардың тәрбие-оқу процесін ұйымдастырудың жарты жылдық қорытынды есебі.

2. Балалардың қауіпсіздігін сақтау ережелерінің орындалуы.

3. Балабақшада ҚР санитарлық нормалардың сақталуы.

Топ ата – аналары

Желтоқсан

Басшы,

тәрбиешілер

3

Кезекті ата – аналар жиналысы (АЖ)


1. Баяндама: «Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау»

2. Қорытынды сауалнама.

3. Ағындағы мәселелер. «Қош бол, балабақша» ашық көрсетілім

Топ ата – аналары

Мамыр

Басшы,

тәрбиешілер












IV БӨЛІМ


IV.Орта білім беру ұйымдарымен өзара іс-әрекет. Келісім шарттар жасалған мектептермен және ұйымдармен жұмыста сабақтастық мәселелері бойынша ісшаралар жоспарланады



Іс-шара мазмұны

Формасы

Мерзімі

Жауапты

Педагогикалық іс-шаралар

1

Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық жоспарын бекіту

Жоспарды бекіту

Тамыз

Басшы

2

Мектепке ораласқан балалардың тізімін анықтау


Қыркүйек

Тәрбиеші

3

Балабақша түлектерінің мектепке орналасуы

Сынып мұғалімдерімен, түлектермен әңгімелесу

Қазан-

қараша

Тәрбиешілер

4

Балабақша балаларының мектепке бейімделуі

5

Мектеп пен балабақша психологы, бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің біріккен отырысы

Отырыс

Қажетті уақытта

Тәрбиеші, бастауыш сынып мұғалімдері

6

Түлектердің сабақ үлгерімі

Пікірлесі

Әр тоқсанда

Тәрбиеші, бастауыш сынып мұғалімдері

Мәдени іс-шаралар

7

Менің болашақ мектебім

Сурет салу

Қараша

МА топтарының тәрбиешісі

8

Таныс болайық!

Мектепке саяхат (виртуалды)

Қаңтар

9

Мектептегі алғашқы күн

Ойын

Ақпан

10

Мектеп кітңпханасы

Саяхат (виртуалды)

Наурыз

11

Сөмкеңді жина

Дидактикалық ойын

Сәуір

Ата – аналармен жұмыс

12

Баланы мектепке қалай дайындаймыз?

Кеңес

Қыркүйек

МА топтарының тәрбиешісі

13

Бәрі де болашақ оқушы туралы...

Кеңес

Қазан

14

Мектеп өмірінен

Презентация

Қаңтар

15

Баланы кітап оқуға қалай тәрбиелейміз?

Кеңес

Ақпан

16

Баланың мектептегі қауіпсіздігі

Кеңес

Сәуір

17

Біздің жетістіктеріміз!

Көрме

Мамыр































IV БӨЛІМ

ІV.Мектепке дейінгі ұйымдарда жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру бойынша жұмыс Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.

I кезең: Ұйымдастырушылық –ақпараттық


Мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

Жазғы сауықтыру кезеңіне жағдай жасау

Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарының жобасын қарау және бекітуге ұсыну.




мамыр

Басшы


Басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құжаттардың негізінде жазғы сауықтыру жұмыстарының жүргізілуін реттейтін бұйрық шығару:

- жазғы сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарын бекіту;

- жазғы кезеңге күн тәртібін енгізу туралы;

- жазғы жұмыс жоспары бойынша жұмыс тобын ұйымдастыру туралы;

- жазғы мәзір бойынша балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы.

Басшы


Қызметкерлерге нұсқау өткізу:

- балалардың денсаулығы мен өмірін қорғауды ұйымдастыру;

- балалар жарақатының алдын алу;

- улы саңырауқұлақтар мен өсімдіктерден уланудың алдын алу;

- күн тию және ыстық өту кезінде алғашқы көмек көрсету;

- ішек инфекциясы мен тамақтан уланудың алдын-алу;

-алғашқы жедел көмек көрсету.

Қызметкерлерге нұсқау өткізу:

- спорттық жаттығулар, ойындар мен жарыстарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары;

- іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік ережелері сақтау туралы;- МДҰ ауласында, гүлзарларда, бау-бақшада балаларды еңбекке баулу кезіндегі қауіпсіздік ережелері;

- жұмыс орнында еңбек және техника қауіпсіздігі талаптарын орындау.

маусым








маусым

Медбике








Балаларға нұсқау өткізу:

- жарақаттанудың алдын алу үшін қозғалыс қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру;

- табиғатта серуендеу тәртібі туралы;

-балабақша аумағында, аулада жүру ережесі.

маусым

Басшы

Балалармен жазғы кезеңдегі сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға қажетті әдістемелік, дидактикалық, әдеби, публистикалық ресурстар базасын жасау және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, таныстыру мақсатында көрме ұйымдастыру

мамыр

Басшы

II кезең. Әкімшілік–басқару бақылау

Мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

Әкімшілік – шаруашылық жұмыстары

1) ауланы дайындау:

- құм әкелу;

- жолда жүру ережесі бойынша қалашық, жүгіру жолдары, қимыл-қозғалыс және спорт ойындарына арналған белгілер салу;

- ойын алаңдарын дайындау;

- жаздық шатырларды тазалау, әрлеу.

2) спорт алаңдарын дайындау:

- құрал-жабдықтарды жаңарту, толықтыру (эксперименттік, танымдық, дене шынықтыру және т.б.);

- қауіпсіздігін тексеру.

Мамыр

Басшы


Сауықтыру жұмыстарының жүргізілуін бақылау, мерекелік және көпшілік іс-шараларының ұйымдастырылуын қадағалау

Жаз бойы

Басшы

Күні тәртібінің орындалуын бақылау

Жаз бойы

Басшы

Назарға алынған бақылау:

  • перспективалық жоспардың орындалуы (қажеттілік туындаған жағдайда жетілдіру немесе толықтыру үшін талдау және енгізілген ұсыныстармен бекіту);

  • күн тәртібін сақтау;

  • жазғы сауықтыру жұмыстарына ата-аналарды тарту;

  • жаңа оқу жылына дайындық.

Маусым- Тамыз

Басшы

Медбике

Жеделбақылау:

  • балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нұсқаулықты орындау;

  • тамақтануды ұйымдастыру,дәрумендер, азықтыңқұнарлылығы;

  • күн режимі;

  • белгіленген іс-шаралардың өткізілуі;

  • құжаттарды жүргізу;

  • алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың орындалуы;

  • қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.

Маусым - Тамыз

Басшы

Медбике



III кезең. Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

  • жазғы сауықтыру іс-шараларына қатысу арқылы педагогикалық процесті бақылау және қажеттілігіне қарай әдістемелік көмек көрсету;

  • «шынықтыружаттығуларының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау, қажеттілігіне қарай нұсқама беру немесе түсіндіру жұмыстарын өткізу;

  •  педагогтерді алғашқы көмек көрсетуге дайындау;

  • серуенде спортық ойындарды жоспарлау мен ұйымдастыру әдістерін көрсету;

  • балалар шығармашылығын ұйымдастыру бойынша педагогтердің практикасындағы қиындықтарды анықтау және шешу (әдістемелік көмек, кеңес беру, тренинг, семинар және т.б);

  • топтардағы заттық-кеңістіктік ортаның қолжетімділігі мен дамытушылық талаптарға сәйкестігін қадағалап, жетілдіріп отыру.



Маусым-

Шілде




Медбике

Семинар:

1. «Жаздағы шынықтыру жүйесі»

Семинар – практикум:

2. «Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес спорттық ойын түрлері және оларды ұйымдастыру талаптары, ерекшеліктері»



шілде


шілде



Басшы


Қауіпсіздік шараларына байланысты ақпараттандыру жұмыстары

1. Ата-анарға арналған ақпараттық бұрыш ұйымдастыру

- буклеттер;

- инфографикалық ақпараттық парақшалар;

- кітапшалар;

- электрондық ақпарат көздеріне сілтеме.


2. Санитарлық бюллетендер шығару:

- «Ішек жұқпасы»;

- «Кене энцефалиті»;

- «Ойын алаңдарында қауіпсіздік ережелерін сақтау»;

- «Көкөністер, жемістер. Дәрумендер».

Жаз бойы








Медбике

Педагогтердің сұранысы бойынша әдістемелік көмек, кеңес беру

Жаз бойы

Басшы



Балалармен жүмыс

«Алақай, жайдарлы жаз келді» жазғы-сауықтыру жұмыс жоспарының шеңберінде:

  • психо-эмоционалдық жайлылық қалыптастыру;

  • өз-өзіне қызмет ету дағдыларын, өзіне сенімділігін, дербестігін дамыту;

  • денсаулығын күтуге үйрету, шынығуға жаттықтыру;

  • бала тәрбиесіндегі халық ауыз әдебиетінің маңызын ескере отырып, баланың ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қолдау;

  • балалардың пікірін, идеяларын ескеру;

  • бірге ойнау дағдыларын, еңбек әрекеті дағдыларын, тазалықты, тәртіптілікті, ұйымшылдықты, ойлауды, қабылдауды, сурет салуды және басқа дағдыларды меңгертуді ойын нысанында іске асу;

  • педагогтің алдын ала жоспарлаған әрекеттерін орындап қана қоймай, баланың қызығушылығына көңіл бөліп, күнді өзі таңдаған белсенділік түріне қарай құру;

  • әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамыту.

Жаз бойы



Топ тәрбиешілері


Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары

Балалар денсаулығы мониторингі

Мамыр

Топ тәрбиешілері

Білім беру салаларын кіріктіру арқылы балалардың белсенді қозғалысын ұйымдастыру

Жаз бойы


Топ тәрбиешілері


Жаттығулар:

  • таза ауадағы дене шынықтыру;

  • ертеңгілік жаттығулар;

  • ұйқыдан ояту жаттығулары;

  • сергіту сәттері.

Жаз бойы


Топ тәрбиешілері


Антропометрикалық өлшемдерді жүргізу

жоспар бойынша

Медбике

1. Спорттық ойын, жарыстар:

- спорттық ойындар;

- спорт жарыстары;

- эстафеталар.

2. Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға арналған ситуациялық ойындар.

3. Спорт мерекелері.

4. Мерекелер мен ойын-сауықтарды ұйымдастыру кезінде спорттық сайыстар өткізу ( таза ауада).

Жаз бойы


МДҰ басшысы

Топ тәрбиешілері

Шынықтыру жүйесіне сәйкес әзірленген күні бойы шынығу:

- дозаланған күн ванналары; суға шомылу; массаж жолдарымен жаяу жүру, өзіне массаж жасау, ауа ванналары, терезені ашып қойып ұйықтату);

-ауызды және тамақты шаю;

- ауыз-су режимі;

- ауқымды жуыну;

- аяқты шаю;

- тыныс алу жаттығулары.

Жаз бойы

Топ тәрбиешілері

Арнайы жаттығулар:

  • түзетужаттығулары;

  • майтабандылықтыңалдыналу;

  • дене сымбатыныңбұзылуыныңалдыналу;

  • артикуляциялық жаттығулар;

  • тынысалу жаттығулары;

  • ұсақ моториканы дамыту жаттығулары.

Жаз бойы


Топ тәрбиешілері

Балалармен әңгімелесу:

  • «Денсаулық сағаты».

Жаз бойы


Медбике

Серуенде балалардың физикалық денсаулығын нығайту үшін жеке және шағын топтарда ірі моториканы дамытуға арналған жаттығулар жасау

Жаз бойы



Топ тәрбиешілері

Күнделікті тағамдарды дәрумендендіру

Жаз бойы


Медбике

Аспазшы

Ата-аналармен жұмыс

- ата-аналармен өзараынтымақтастық орнату мақсатында«жаз мезгіліндегі балаларды сауықтыру» тақырыбында сауалнама жүргізу;

- ата-аналармен күнделікті пікірлесіп, ақпарат алмасу;

- жазғы кезеңде бала ағзасын сауықтыру туралы ақпаратқа ата-ананың қолжетімділігін қамтамасыз ету (ауызша, сілтеме арқылы электронды нұсқада, ата-аналарға арналған ақпараттық бұрышта);

- іс-шараларды өткізуге ата-аналарды тарту.

мамыр,

маусым,

шілде

Топ тәрбиешілері







V БӨЛІМ

V. Бақылау: бақылау түрлері мен мазмұны.

Бұл бөлім мектепке дейінгі ұйымды басқарудағы бақылау-диагностикалық қызметімен байланысты және ішкі бақылау жүйесі ретінде ұсынылады. Мұнда бақылаудың түрлері мен нысандары жоспарланады (шұғыл, тақырыптық, кешенді, фронтальды)

ШҰҒЫЛ БАҚЫЛАУ

МОНИТОРИНГ

ТАҚЫРЫБЫ

МАЗМҰНЫ

МЕРЗІМІ

ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРУ

Бастапқы мониторинг

Балалардың білім білік дағдыларының бастапқы нәтижесінің қорытынды сараптамасы

Қыркүйек

Сараптама

Аралық мониторинг

Балалардың білім білік дағдыларының аралық нәтижесінің қорытынды сараптамасы

Қаңтар

Сараптама

Қорытынды мониторинг

Балалардың білім білік дағдыларының қорытынды нәтижесінің сараптамасы

Мамыр

Сараптама


ФРАНТАЛДЫ БАҚЫЛАУ


БАҚЫЛАУ ТАҚЫРЫПТАРЫ

МЕРЗІМІ

ҚАРАЛАТЫН ЖЕРІ

1

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымында денсаулық сақтау технологияларын қолдану және мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру»

Қараша

Педкеңесте № 2

2

Педагогтердің, психологтың, логопедтің, медбикенің 2023-2024 оқу жылының қорытынды есебі.


Мамыр

Педкеңесте № 5



КЕШЕНДІ БАҚЫЛАУ

ТАҚЫРЫБЫ

МЕРЗІМІ

ҚАРАЛАТЫН ЖЕРІ

1

- «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру»

- «Мектеп жасына дейінгі балаларға әлеуметтік дағдылары игертудің жолдары»

Желтоқсан

Педкеңесте № 3


ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҚЫЛАУ


ТАҚЫРЫБЫ:

МЕРЗІМІ:

ҚАРАЛАТЫН ЖЕРІ

1

Әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, құру

Тамыз

Педкеңесте № 1

2

Заттық-пәндік дамыту орталықтарын орналастыру және тиімді ұйымдастыру

Қыркүйек

Әд кеңесте № 1

3

Мектепке дейінгі балалардың дамуында сюжеттік-ролдік

ойындардың маңызы

Ақпан

Әд кеңесте № 2

4

Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие берудің тиімділігі

Наурыз

Сәуір

Пед кеңес №4

Әд кеңесте № 3







ӨНДІРІСТІК - ӘКІМШІЛІК ЖИНАЛЫС

Мазмұны

мерзімі

Жауаптылар



1

  • Топтардың жабдықталуы және жаңа оқу жылына дайындығы;

  • Жұмыс уақытының кестесін құру;

  • Жаңа оқу жылына балалармен алғашқы талдау жұмысын жүргізу.



қыркүйек


Басшы,

тәрбиешілер


2

  • Өткен кеңесінің шешімдерінің орындалуы;

  • Тексеру қорытындысы: «Күн тәртібінің орындалуы»;

  • 25 қазан Республика күніне арналған бағдарлама жоспарымен танысу, бекіту;

  • Жаңа жыл мерекесіне арналған бағдарлама жоспарымен танысу, бекіту.


қараша


Басшы,

тәрбиешілер


3

  • Өткен кеңесінің шешімдерінің орындалуы;

  • Табиғат бұрышы жұмыстарын ұйымдастыру, жабдықтау.

  • Тәрбиешілердің оқу - тәрбие процесінің барысы;

  • Топтардағы ата – аналар жиналысын өткізу;

  • Күн тәртібінің сақталуы және балалармен жүргізілетін жұмысты мерзімге байланысты ұйымдастыру.


қаңтар


Басшы,

тәрбиешілер


4

  • Өткен кеңесінің шешімдерінің орындалуы;

  • Тексеру қорытындысы: «Күннің ІІ жартысының ұйымдастырылуы»;

  • Наурыз мерекесіне арналған бағдарлама жоспарымен танысу, бекіту;


наурыз


Басшы,

тәрбиешілер


5

  • Өткен кеңесінің шешімдерінің орындалуы;

  • Тексеру қорытындысы: «Балаларды шынықтыру шараларының жүйелі өтілуі және оған арналған құралдар сапасы»;

  • Балалар күніне арналған бағдарлама жоспарымен танысу, бекіту;

  • МЖББС жаңа бағдарлама және мониторинг негізінде балалардың білім алу дағдыларын анықтау қортынды мониторингін талқылау.


мамыр


Басшы,

тәрбиешілер

VI БӨЛІМ

VI.Әкімшілік-шаруашылық жұмыс.

Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық және қаржылық базасын нығайту бойынша барлық жұмыстар жоспарланады: - жөндеу жұмыстары, дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны жарақтандыру және толықтыру.


жұмыс түрі

мерзімі

жауапты

1

Жөндеу жұмыстары

маусым- шілде

Басшы

2

Топтарды, спорт алаңын құралдармен, ойышықтармен толықтыру.

тоқсан сайын

Басшы

3

Баланың тамағын қажетті тағаммен қамтамасыз ету.

үнемі

Басшы, медбике

4

Жаңа құм түсіру

сәуір

Басшы

5

Ыдыс-аяқты жаңалап толықтыру

үнемі

Басшы

6

Ауланы, саябақты ретке келтіру, гүлзарды көбейту, көгалдандыру

көктем айлары

Басшы,


7

Асханадағы электр құралдарының үзбей жұмыс жасауын бақылау

үнемі

Басшы

8

Өртке қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау


үнемі

Басшы

9

Музыка, дене шынықтыру бөлмесін жабдықтау


үнемі

Басшы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2025
891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі