2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Балабақша мен Отбасы

Балабақша мен Отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым қатынас орнату,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Құлыншақ» бөбекжайы














Балабақша мен Отбасы







Психолог Базылбек Д.Қ









Ата-анамен жұмыс.

Мақсаты: «Балабақша мен отбасы».Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.

Барысы:  1. «Шаттық шеңбері»

                    2.«Танысу» жаттығуы

                    3.«Жанұя бақыты» тренингі

                    4.«Сөйлемді аяқта» жаттығуы

                    5.Ойын «Қай жұп күшті?»

                    6.«Тілек айту».Қорытындылау.

                    

Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата — аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Тақырыбы:Балабақша мен отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Шаттық шеңбері:

Біздің күлкіміз көңілді (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты.(қолдарын жүректерінің тұсына қояды)

Бөліскен жақсығой өмірде,(қолдарын алға,саусақтары күн сияқты созады)

Қуаныш,мейірім,бақытты.(қолдарын екі жаққа созады)

 

 

І. «Танысу» жаттығуы

Ата-аналар өз есімдерін және бойындағы жақсы бір қасиетін атап айту тиіс. Мысалы:Мен Гүлмира Сананын анасы,менің жақсы қасиетім –мен ақкөңілмін…т.с.с

2.«Жанұя бақыты» тренингі

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.

Жаттығудың шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

Ақ парағымызға өз Отбасымыздың суретін салып ішіне одан тармақ таратып Отбасына деген сүйіспеншілігін жазып,өз ой пікірлерін айтады .(Мысалы:батыл,ұйымшыл,шыншыл деген сиақты)

3 “Сөйлемді аяқта” жаттығуы

Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….

Отбасы бұл…

Отбасым бақытты болу үшін…

Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…

Мен қалар едім отбасымның…



4.Ойын: «Қай жұп күшті?»

Қазір әркім өзіне серік таңдайды,шарды алып,көңілді музыкаға билеп,шарды жарады.Шардың ішінен тапсырмалар,жақсы тілектер алып шығып ,қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру керек.Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дйін бір-бірін құшақтап шарды жарады,ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

5.«Тілек айту» Қорытындылау.

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Психолог:«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан бір-бірімізге тілек айтып қорытындылайық. «Майшам» жаттығуы. 
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.



Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!




28 Наурыз 2025
60
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі