Ата
-анамен жұмыс
Тақырыбы:
«Балабақша мен отбасы арасындағы
байланысты нығайту»
Мақсаты: Ата -
аналардың өзара қарым - қатынасын
жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру,
тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста
болу. Психологиялық кеңес, ағарту
жұмыстарын жүргізу.
Көрнекілігі:
Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар,
ағаш, алмалар, шарлар, себет
Сәлеметсіздер
ме құрметті ата-аналар! Бүгін тренингімізді
сіздердің психологиялық көңіл-күйлеріңізді
көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық
қабілеттеріңізді бағалай білуге,
өз-өзіңізге құрметпен қарауға,
бір-бірімізбен сыйластық қарым қатынаста
болуға арналады.
Барлығымыз
шаттық шеңберін жасап шеңбер бойымен
тұрамыз.
Жылы-жылы
жүзбенен,
Маңдайыңнан
сипайын.
Жылы-жылы
сөзбенен,
Жүрегімді
сыйлайын.
Ыстық
ықыласымен,
Қолыңды
бір қысайын. Рахмет. Көңіл-күйлеріңіз
қандай?
Танысу.
Ол үшін бірінші тұрған адам өзінің
есімін айтады сонымен қоса хоббиін
қосып айтады.
Тренинг:
Енді
ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың
күні жоқ,
оны
айтуға табиғаттың тілі жоқ»
демекші
адам табиғатпен тығыз байланысты
табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді
сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры
ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім
өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі
болып бөлінеді.
Ал енді ата - аналар
тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір
бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек.
Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар,
сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар,
сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны
тобыңызбен келісе отырып бір келісімге
келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.
(әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен
шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің
бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес,
психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар
істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар берік, мықты
біреуге тірек бола алатын адамдар.
Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті,
ұқыптылықты қалайтындар.
Енді
ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр
тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,
»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.
(Музыкалық
сүйемел, қалам - қағаздар)
Тәрбиешілерге
деген талап - тілектеріңізді «тамыр
тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке,
«жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.
Осы
ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі -
тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер
тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып,
бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін
береді.
Енді мына себеттен алмаларды
алып, өз балаларыңызға тілек жазып,
ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың
қызығын көрейік.
(музыкалық сүйемелдеу,
тілек жазу)
«Мен
қандаймын?» тренинг ойыны
Мақсаты:
әр адам өзін жеке тұлға ретінде сезіну.
Өзінің жанұясында өзін қай деңгейде
ұстайтыны екенін анықтау.
Жүру барысы:
Ата-аналар гүл, үй, күн тобы болып 3 топқа
бөлінеді. Әрқайсыныз сол суретің ішіне
отбасы мүшелерін және өзіңіздің
есімдеріңізді жазасыздар.
Нәтижесі:
Егер өзіңіздің есімдеріңізді басына
жазсаңыз. Сіз өзіңізді отбасы мүшелерінен
биік санайсыз. Өзіңіздің жағдайын
бірінші ретке қоясыз. Ал, егер өзіңіздің
есіміңізді ортасына қойсаңыз, онда сіз
отбасыңыздың ортасындасыз. Екі жақты
бірге ойлайсыз. Егер есіміңізді соңына
жазсаңыз. Онда сіз бауырмал жансыз.
Ата-ана, бауырларыңыз бірінші ретте
тұрады. Өзіңізді соңынан ойлайды
екенсіз.
«Сенімді
құлау» жаттығуы
Мақсаты:
Ата-аналарды бір-біріне жақындастыру,
өзара сенімді қарым-қатынас орнату
Нұсқау:
Қатысушылар шеңберге тұрады. Ортаға
бір қатысушы шығып көзін жұмады да,
арқасымен құлайды. Топтың әрбір мүшесі
кезекпен орындайды
Жаттығуды
талқылау сұрақтары:
Нені
жасау оңай болды, құлаған адамды тосу
ма, әлде өзіңіз құлау ма? Қандай сезімде
болдыңыз?
Психолог:
Жүректен шыққан жылы сөз жүрекке жол
табады. Осы шеңбер бойында тұрып,
жүрекшені үлестіру арқылы бір-біріне
тілек айту. Жылы сөз адамдарды
достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын
сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын
қайтаруға септігін тигізеді. Адам
өмірде екі нәрсемен қартаймайды екен,
біріншісі қайырымды ісі үшін, ал
екіншісі жүректен шыққан жылы сөзі
үшін. Сондықтан да әрқашан бір-бірімізге
жылы сөздер айтып бір бірімізге
қайырымды, мейірімді болайық ата-аналар.
Балабақша мен отбасы арасында тығыз
қарым-қатынас орнасын деймін.
Сау
болыңыздар!