жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Балабақша мен қоштасу
"Қош бол, балабақша!"
ертеңгілік
Зал мерекеге сай безендірілген.
Мерекені «Ойыншықтар» өлеңімен ересек тобы жұп биімен ашады.
1-ші жүргізуші:
- Қадірлі ата-аналар, қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепалды даярлық сыныбына шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
2-ші жүргізуші:
Өсті ақыл ойларың,
Өсті, міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Құрметті ата-аналар! Осы бүгінгі мерекемізді қазақ халқының «Мектеп − кеме, білім − теңіз» мақалымен байланыстырып өткізгелі отырмыз.
Біздің теңізшілерімізді, жас түлектерді және теңізшілеріміздің арасында екі сұлу қыздарымызды қарсы алыңыздар.
Балалар «Морячка» биін билейді.
1-жүргізуші: - Құттықтау сөз мектеп директоры Л.А.Молдахановаға беріледі.
2-жүргізуші: - Ендігі сөз кезегін біздің теңізшілерімізге береміз.
Тақпақтар.
Айша Н: Қуантамыз, сыйлаймыз
Бақшамызды қимаймыз.
Биіл күзде мектепке
Даярлыққа барамыз.
Нұрислам: Халқым бізге сенеді,
Ұрпақ оған қуаныш.
Ұстаз жақсы көреді,
Балаларды тіл алғыш.
Ерсұлтан: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Айару Қ: Балалабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Бейбарыс: Бес жасқа біз толамыз
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Нұрай : Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшып ойымыз.
Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
1-жүргізуші: - Балалар, сендер балабақшаға келгенде кішкентай болдыңдар, ал енді мектепалды даярлық сыныбына барасыңдар. Сондықтан, сәби кезімізді еске алып, кіші тобын қарсы алайық.
«Зеңгір төккен» ән.
2-жүргізуші: Мың бұрылып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Күміс көмей қыздарға,
Кімдер басын имеген – демекші Даянаны «Қамажай» биімен қарсы алайық.
«Қамажай» биі.
1-жүргізуші: - Балалар, балабақшаға келгенде сендерді кім қарсы алады? Дұрыс, тәрбиеші. Ендеше балалардың орындауында «Тәрбиеші» әні.
«Тәрбиеші» әні.
1-жүргізуші: - Даяна өз биімен бізді қуантса, алдарыңызға Інжу тәрбиешісі Гүлнұр апайымен «Өзбек» биін ұсынады. Қарсы алыңыздар.
«Өзбек» биі.
2-жүргізуші: - Алдарыңызда ересек тобы «Алақай» биімен.
«Алақай» биі.
Осы кезде Леопольд болып киінген бала, велосипед теуіп залға кіреді. Қолында қармағы бар.
Леопольд: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Анау екі бұзық тышқандарды көрдіңдер ме? Ендеше тиіш жер тапқан екенмін. Мынау өзенде балық аулауға бола ма?
1-жүргізуші: - Болады, бірақ бұл жай өзен емес, бұл сиқырлы өзен. Сиқырлығы неде екенін балық аулағаннан кейін білеміз.
(Шағын тобының балалары балық аулап, ішіндегі тапсырмаларды орындайды).
1-тапсырма: Апта күндерін атап беру.
2-тапсырма: Түстерді ажыратып беру.
3-тапсырма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін еске аламыз.
4-тапсырма: Оқу құралдарын айтамыз.
Леопольд балаларға өз ризашылығын білдіріп, кетеді.
2-жүргізуші: - Қыз әкеге жақын дейді өмірде, деген сөзді тек айтпаған екен. Алдарыңызда Айғаным, Меруерт тәрбиеші Бақытгүл апайымен «Әкетай» әнімен қарсы алыңыздар.
«Әкетай» әні.
1-жүргізуші: Мың бұрылып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Тойымызға сән беріп,
Билейді Раяна шығыс биін.
«Шығыс» биі.
2-жүргізуші: - Балалар, көктем мезгілі келгенін қайдан білесіңдер? Табиғатта, қоршаған ортада қандай өзгерістер болады? (Жылғалардан су ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады).
«Көктем келді» әні.
1-жүргізуші: - Ең кішкентай қызымыз Айшаның орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.
«Бала тілегі» әні.
2-жүргізуші: - Көктемнің белгісі қай құс? Дұрыс, қарлығаштар.
Ендеше, қыздардың орындауында «Қарлығаштар» биін қарсы алыңыздар.
«Жапырақтар» биі.
1-жүргізуші: - Шағын тобының орындауында «Мектебімде үйретеді» әні.
«Мектебімде үйретеді» әні.
Қайсар: Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам болып шығармыз.
Таза сәби жүректен,
Қызметкерлерге мың алғыс!
1-жүргізуші: - Сөз кезегін Шағын орталық әдіскері С.Муратоваға беріледі.
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім
Ерекше қызық тілдерің
Естен кетпес үндерің.
Белсенді қатысқан ата-аналарға алғыс хат ұсынды және балаларға «Балабақша өмірі» деген альбомдар ұсынды.
2-жүргізуші: Сүйкімді балғын болашақ
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар.
Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, осымен Шағын орталық тобының «Қош бол, балабақша!» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген