Тақырыбы: «Балабақшам – өз үйім» тақырыбында әңгіме
жүргізу.
Мақсаты:
– Тәрбиешілер мен
балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
– Балабақшаға деген
сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеу.
Балаларға балабақша –
екінші үйі екенін түсіндіру;
– Балабақшада жұмыс
істейтін адамдар еңбегін бағалай білуге үйрету;
– Балалардың сөйлеу
мәдениетін, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиеші:
– Балалар, бүгін
ерекше күн. Бүгін біз өзіміздің сүйікті балабақшамыз туралы айтатын
боламыз.
Тақырыбымыз –
«Балабақшам – өз үйім»
Әңгімелеу:
– Балабақша – бұл
сендердің екінші үйлерің. Мұнда сендер таңнан кешке дейін
боласыздар.
– Мұнда тәрбиешілер,
аспаз, күтуші, медбике апайлар жұмыс істейді. Олар сендерді жақсы
көреді, күтеді, тамақ береді, үйретеді.
Сұрақ-жауап:
– Балалар, сендер
күнде қайда келесіңдер?
– Балабақшада кімдер
бар?
– Тәрбиеші не
істейді?
– Балабақша несімен
ұнайды?
(Балалар жауап
береді)
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Шаттық
шеңбері:
Балабақша – өз
үйім,
Тәрбиелі
өсемін.
Досы көп, әні
бар,
Ойын менен сәні
бар!
«Кім қайда жұмыс
істейді?» ойыны
(Суреттерді
сәйкестендіру: тәрбиеші – топта, аспаз – асханада, медбике –
медицина бөлмесінде т.б.)
Тапсырма (екі топқа
бөлу):
1-топ: Құрастыру
құралымен «Менің балабақшам» макетін жасайды.
2-топ: Түрлі-түсті
қағаздармен жапсыру арқылы «Топтағы достарым» суретін
жасайды.
Қорытынды
бөлім
– Балалар, бүгін біз
не туралы айттық?
– Балабақша не үшін
қажет?
– Қай жерді өз үйім
дейсің?
Мадақтау:
– Сендер өте ақылды,
ұйымшыл балаларсыңдар! Балабақша сендердің екінші үйлерің, мұнда
сендер әрқашан қуанышпен келіп, жаңа білім
аласыздар.
№42 «Айналайын» балабақшасы
МКҚК
Бекітемін:
Балабақша
меңгерушісі:
Шугаева
Н.Г.
Тақырыбы: «Балабақша
өз үйім»
Тобы:
«Жұлдыз»
Тәрбиеші:Даулеталина
А.А
2025-2026 оқу
жылы.