15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Балабақша өз үйім" сабақ жоспары
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Балабақша – өз үйім.
Мақсаты: балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар, еңбек іс-әрекеті.
Көрнекіліктер: балабақшаның сыртқы келбеті мен топтардың суретін көрсету.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Шаттық шеңберін құрғызып тұрып, М.Әлімбаевтың «Балабақша» деген өлең айтамын. |
Балалар өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы балабақша, балабақша қызметкерлері және балабақшада не үйреніп, неге дағдыландыратыны туралы әңгіме жүргіземін.
Үлестірмелі материалмен жұмыс жүргіземін. Шарты: балабақшаға баратын жолды табуға көмектесу.
-Балабақшада асхана, бірнеше топтар, дәрігер бөлмесі және т.б. бар. Асханада балаларға тамақ дайындалады, ал дәрігер апай өзінің бөлмесінде балалардың денсаулықтарын тексереді. -Балалар, сендер балабақшада әдепті, ұқыпты, мейірімді тату болуға үйренесіңдер, сол себепті балабақшаны «Тату достың мекені» деп те атайды. Балабақшаларың әдемі болуы үшін ауласын таза ұстап, гүлдер мен өсіп тұрған ағаштарды күтулерің қажет.
|
Балалар сұрақтарына шамаларына қарай жауап береді.
Тек балабақшаға апаратын жолды сызып көрсетеді.
Балалар мұқият тыңдайды.
Балалар қайталап айтады.
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Серуенге шыққанда балабақша ауласын бақылайтындарын айтамын. |
Оқу іс-әрекетінде балабақша туралы алған білімдерін пысықтайды, яғни сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалар балабақшаны өздерінің үйлеріндей жақсы көріп, ондағы қызметкерлермен келгенде амандасып, кетерде қоштасып, яғни әдептілік нормаларын сақтай білуді;
Қандай түсініктерді игерді:балабақшадағы өз тобының және басқа бөлмелердің аталуы мен атқаратын қызметі туралы ұғымды игереді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:балабақшада бір-бірімен дос болуды, қарым-қатынас жасауды меңгереді.
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Доптар
Мақсаты: ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ , жұмыр мүсін туралы мағлумат беру; ермексаз алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру; тілдерін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: түрлі түсті доптардың суреттері, демонстрациялық көрнекіліктер, қызыл, жасыл, сары және қара түсті ермексаз, тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар, доп.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: жұмыр заттар, түрлі түсті доптар, жастықшалар бейнеленген кітапшаларды қарау, доп туралы әңгіме өткізу.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Жұмсақ матадан жасалған домалақ пішінді, әдемі, түрлі түсті допты ұстап тұрып: Добым, добым, домалақ, Қайда кеттің домалап, Үстел үстін бүлдірдің, Тәрелкені сындырдың,-деп, сұқ саусағымен допқа ренжіген сынай байқатамын. |
Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады. Қимыл-қозғалысты қайталап, көңілдері көтеріңкі қалпында оқу іс-әрекетін жалғастырады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз күнде ойнап жүрген сүйікті ойыншығымыз – допты мүсіндейміз. Балалардың үлестірмелі материалдағы суретке назар аударуларын сұраймын. Суреттегі көк, қызыл, жасыл түсті доптарға қарай отырып, ермексаздан көлемі үлкен доптар сомдаймыз. Сергіту сәті. Қолды оңға созамыз, Қолды солға созамыз. Бір орында секіріп, Біз демалып аламыз. -Балалар, оң қолдарыңа ермексазды үзіп алып, сол қолдарыңмен ермексазды жауып, алақанмен алақанды біріктіріп, ырғақпен домалатыңдар. Балалармен жеке жұмыс жүргізілемін.
-Кім қандай түстерді пайдаланды? |
Балалар мұқият тыңдайды.
Үлестірмелі материалдағы доптың суретін қарастырады.
Балалар қолдарын оңға, солға жайып, бір жерде тұрып секіреді.
Ермексаздың өздеріне ұнаған түстерінен шымшу әдісімен жұмырлау, одан кейін ырғақты домалату әдісімен допты әдемілеп, допқа ұқсатуға тырысып сомдайды. Балалар пайдаланған түстерін атайды. |
Рефлексиялық түзетушілік |
Балалардың өздері жасағандоптарын барлығына көрсетіп, талдаймын. Олардың жұмысын мақтап, марапаттаймын. |
Өздері жасаған әдемі доптарына қарап, балалардың көңіл күйлері көтеріледі. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: доп жасау үшін ермексазды домалақтайды;
Түсінеді:доптың домалақ болатының;

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген