Педагог-психологтың жылдық
есебі
Мақсаты: психологтың атқарған
жұмыстарына шолу жасап, атқарған жұмыстарына байланысты есеп
беру.
Психолог
қызметі
Мақсаты: тәрбиеленушілердің жеке
ерекшеліктеріне сәйкес келетін және балалардың эмоционалдық
оңдылығы мен психофизикалық денсаулығын сақтаудың талаптарын
қамтамасыз ететін дамытудың жағымды әлеуметтік ортасын
қалыптастыруда педагогтарға, ата-аналарға, әкімшілікке көмек
көрсету.
Міндеттері:
-
Балалардың психологиялық даму
нәтижелерін бақылап отыру;
-
Балалардың дамуындағы мәселені
шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай
жасау;
-
Балалардың индивидуалды және
жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды
жүзеге асыру;
-
Балалардың көңіл-күйлерін
ұйымдастыруға қатысу;
-
Педагогикалық ұжымды және
ата-аналарды психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог
жұмысының түрлерімен, ақыл-кеңестерімен, бағыттарымен құқықтары
және міндеттерімен таныстыру арқылы, педагогикалық ұжымды
психологиялық қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға
қатыстыру.
Психология қызметінің
негізгі жұмыс бағыттары:
Психологиялық
диагностика
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас
ерекшеліктеріне, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін
де зерттеу.
Психологиялық
профилактика
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және
тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту
жасау.
Психотүзету(психокоррекция)
және дамыту
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің психикалық
және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысы
мен біліктілікті дамыту.
Психологиялық
кеңес(консультация) жүргізу
Мақсаты: Педагогикалық үрдістердегі
қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек
көрсету.
Психологиялық білімді
көтеру
Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге
қатысушылардың мәдениетін көтеру.
2023-2024 оқу жылына есеп
берер болсақ:
2023-2024 оқу жылына жоспар ,
айлық жоспар және циклограмма құрылды. Жоспар бойынша топтарды
аралап, балалардың көңіл- күйлерін бақылау және бақшада балаларға
өздерін еркін сезінуге жағдай жасау мақсатында жұмыстар
жүргізілді.Балалардың балабақшада, топта, бейімделуін анықтау
мақсатында оқу жылының бастапқы айларында, бақылауға кіші топтар
алынып, бейімделу парақтары толтырылды. Қиын бейімделген балалапдың
тәрбиешілеріне кеңестер берілді, ата-аналармен әңгіме жүргізілді,
кіші топтардың ата-аналарына « Баланың балабақшаға бейімделуі»
туралы психологиялық кеңестер ұсынылды.Кіші топтағы балаларға
өздерін еркін сезінуге жағдай жасау мақсатында ойындар,жаттығулар
өткізілді. Кіші топ балаларының тілін дамыту мақсатын жұмыстар
жүргізілді.Балалардың танымдық қабілетін зерттеу мақсатында
әдістемелер алынды. Балалардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында
дидактикалық ойындар өткізілді. Кіші топ балаларының жануарлар не
жейтіні туралы түсінігін дамыту мақсатанда «Немен қоректенеді?»
сөздік жаттығу, зейінін дамыту мақсатында «Допты бидонға сал»
дидактикалық ойыны, қимылдарын реттеу мақсатында «Аюмен ойнайық»
қимылды ойыны,логикалық ойлау негіздерін дамыту мақсатында «Көлікті
тап» ойындары өткізілді.
Ортап топ балаларға бау-бақшада өсетін жемістердің атауларын үйрету
мақсатында «Жемістер» сөздік ойын, түстерді анықтауға баулу;
қабылдау, зейін, ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Түстерін тап»
ойыны, үлкенді-кішілі заттар туралы түсініктерін қалыптастыру
мақсатында «Қайсы үлкен және кіші» ойыны, ойлау, еске сақтау,
сөйлеуді дамыту мақсатында «Біреу және көп» дидактикалық ойындары
өткізілді.
Ересек топ балаларға түстерді ажыратуды және дұрыс айтуды үйрету
«Не қандай түсті болады» ойын, жануарларының қайда мекендейтіні
туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту мақсатындпа «Не
қайда мекендейді» ойын, балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа
баулу. «Көлеңкесін тап» ойын, балалардың қабылдау, зейін, ойлау,
қолдың ұсақ моторикасын дамыту «Пазлды жина» ойындары
өткізілді.
Мад топтарына танымдық процестер, мазасыздық, коммуникация,
эмоциомен түзету мақсатынды «Есте сақта» , жеке тұлғаның
коммуникативті қасиеттерін дамыту; достыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу мақсатында «Мұқият бол» , формаларды, түстерді
қабылдауды, жалпы белгі бойынша жіктеуді, ұзақ мерзімді еске
сақтауды, логикалық ойлау негіздерін дамыту мақсатында «Сандықтағы
ғажайып», зейін, қиял, эмоционалдылығын түзету мақсатынжа «Лабиринт
әлемі» психологиялық түзету сабақтары өткізілді. Балалармен жеке
шығармашылық ойлауды дамыту, түзету жұмыстары жүргізілді. Құжатпен
жұмыс, диагностикалық материалдар әзірленді. Мад тобына
психологиялық түзету сабақтары өткізілді. Ата-аналарға ағартушылық
бағытта «Баланың балабақшаға
бейімделуі» тақырыбында кеңес
берілді. Ата-аналар жиналысында
«Танысу» тренингі өткізілді. Жаңадан келген педагогтарға
психологиялық қолддау көрсетілді. . Педагогтарға профилактикалық
бағытта «Ұстаз бейнесі» тақырыбында тренинг жүргізілді, ағартушылық
бағытта «Арт-терапия» емдік өнер тақырыбында презентация
оқылды.Педагогтарға диагностикалық бағытта «Сіз төзімдісіз бе?»
тест алынды.Құжатпен жұмыс жасалынды, диагностикалық материалдар
әзірленіп, хаттама және анықтама толтырылды. Қиын бейімделген
балалардың тәрбиешілене кеңестер берілді, ата-аналармен әңгіме
жүргізілді.Жеке түзете-дамытуды қажет ететін балардың тізімі
дайындалып, балалардың таным қабілеттерін дамытатын ойындар және
жаттығулар жүргізілді.Агрессивті балалармен релаксация жаттығулары
және ойын-жаттығулар өткізілді.Жеке жұмыс барысында баланың
қабілеттері ашылып, жаңа дағдыларды
қалыптастырды.
Психологиялық қызметі
келесі оқу жылына мынадай жұмыстарды іске асыруды
жоспарлайды:
-
Оқу жылының жұмыс жоспарын
өзіндік жетілдіру;
-
Педагогтармен, ата-аналармен
және балалармен жүргізілетін бес бағыт бойынша жұмыс мазмұнын
толықтыру;
-
Өзіндік білімін жетілдіру
деңгейін жоғарлату;
-
Психолог кабинетін
жабдықтау;
-
Жобалар бойынша жұмыстарды
жетілдіріріп, толықтырып, жалғастыру.